«Ашық есік күні»

18 қазанда кафедра өзінің клиникалық оқыту орны №4 ҚКА клинико-диагностикалық бөлімінде Дүниежүзілікқарттар күніне арнап «Ашық есік күні» атты қайырымдылық шара ұйымдастырып өткізді. Қайырымдылық шара аясында кафедрамен бірге осы ауруханың дәрігерлері,  университеттің хирургия және травматология кафедраларының мамандары бірігіп кәрі және егде жастағы науқастарға аурухананың клинико-диагностикалық бөлімшесінде ақысыз қабылдау жүргізіді. Науқастарды қабылдау сағат  9:00-дан 15:00-ке дейін. Кеңестік көмекті   келесі мамандар өткізді  —   терапевт-гепатолог, доцент Умарова С.У., терапевт –кардиолог асс. Мадиева Р.Ч., терапевт-гастроэнтеролог Идрисова Г.Н., терапевт Сейтимова Ш.А., хирург,   каф. меңгерушісі, кмн Баймаханов А.Н., травматолог, профессор Султанбаев Т.Ж.,  уролог, бөлім меңгерушісі Азизов Ш.М., ЭКГ –маманы Бижанова А.С. және УДТ –маманы Шохаев Д.Ж.    Жалпы кеңестік көмек жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, несеп шығару және қимыл-тірек жүйелері, көз  ауруларына шалдыққан 43 науқасқа көрсетілді. Соның ішінде  37 шақты науқастарға  УДЗ- және ЭКГ тексеру жүргізілді.

11Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының терапевт-кардиологы, ассистент Мадиева Р.Ч.  науқасты қабылдауда.

12

№4 ҚКА ұжымы мен кафедра қызметкерлері «Ашық есік күні» атты қайырымдылық шарасына келген науқастарды күтіп алуда.

13

№4 ҚКА ұжымы мен кафедра қызметкерлері «Ашық есік күні» атты қайырымдылық шарасына келген науқастарды күтіп алуда.