«Арайлы алтын күз»

№ 2 студенттер үйінде жалпы медицина факультетінің студенттері қарашаның 8 жұлдызында «Арайлы алтын күз» атты дәстүрлі кеш өткізді. Кештің негізгі мақсаты – студенттерді достыққа, ұйымшылдыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу болып табылды. Әдеттегідей кеште жатақхана студенттері өз өнерлерін, тапқырлығын көрсетіп сайысқа түсті. Сайысқа жатақхана студенттері өте белсенді қатысты. Өз бақтарын сынауға 5 жұп шықты:

1 жұп – Рысбай Айдын (2 курс) және Мүсірәлиева Гүлчехра (1 курс);

2 жұп – Ақылбек Бақытжан (2 курс ) және Абжаппарова Жансая (1 курс);

3 жұп – Құдайберген Сүлеймен (2 курс) және Оңғарбай Қарлығаш (1 курс);

4 жұп – Омар Еркін (2 курс) және Орынбасарова Айдана (1 курс);

5 жұп – Кажденов Мұрат (3 курс) және Датай Балайым (3 курс).

Кеш: «таныстыру», «сән көрсетілімі», «өз өнері», «викториналық сұрақтар», «жұп аралық сайыс» атты бес кезеңнен құралды. Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың жеңімпаздары:

Бас жүлде иегерлері — Омар Еркін мен Орынбасарова Айдана;

1 орын — Құдайберген Сүлеймен мен Оңғарбай Қарлығаш;

2 орын- Қажденов Мұрат және Датай Балайым;

3 орын- Рысбай Айдын, Мүсірәлиева Гүлчехра,

Ақылбек Бақытжан мен Абжаппарова Жансая  жеңіп алды.

Биылда талантты студенттер өз өнерлерін барынша салып, шешен сөздері мен әсем дауыстарымен, сонымен қатар өздері жасаған сән үлгілерін көрсетіп таңдай қақтырды. Кеш соңында ән шырқалып, би биленді. Бұл кеш әрбір студентке алтындай уақыттың қимас кезеңін бағалауға ой салды, әдемі әсер қалдырды.