Академиялық ұтқырлық «Алматы-Барселона»

Біз, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Жалпы медицина факультетінің студенттері «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша 2013 жыл қарашаның 18-нен желтоқсанның 25 жұлдызына дейінгі аралықта Испания елі Барселона қаласындағы «Жоғарғы менеджмент мектебі» оқу орнына барып қайттық. Ұтқырлық  барысында өз мамандығымызға қажет ұйымдастыру жұмыстары бойынша ауқымды мәліметтер алдық, медициналық ағылшын тілін жетілдіре түстік,  ағылшын тілінде сөйлеу мәнерімізді  дамыттық. Бағдарлама кезінде шет елде ортаға үйрену, жаңа әріптестермен танысуға жақсы мүмкіндік болды.

«Академиялық  ұтқырлық» бағдарламасы сияқты студенттерге шет елде білім алуға, тәжірибелік дағдылар алмасуға керемет мүмкіндік бергені үшін университетімізге, университетіміздің ректоры А.А.Айкановқа алғысымызды білдіреміз.

Испания елі Барселона қаласындағы «Жоғарғы менеджмент мектебі» оқу орнының директоры Т.И.Компанеецке, бізге сабақ берген оқытушыларға берген білімі мен керемет дағдылары үшін үлкен алғыс айтамыз!

Жалпы медицина факультетінің  студенттері