10-қазан күні өткен жалпы қалалық сенбілік!

10-қазан күні өткен жалпы қалалық сенбілік!

-«Тазалық-денсаулық кепілі»-деп, халқымыз бекер айтпаған. Осы орайда біз С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің интеграциялық оқу орталығында жалпы медицина факультетінің 3-курс студенттері (18-1,2; 20-1,2; 25-1,2; 27-1,2 топтар)  және гистология модулінің оқытушылар ұжымы жалпы қалалық сенбілік  өткіздік. Сенбілік бұл- қаланың тазалығы үшін мектеп оқушылары, студенттер,  кәсіптік мекемелердің қызметкерлерімен ұйымдастырылған қоғамдық жұмыс.

Тазалық әркімнің жеке гигиенасы ғана емес, ол бүкіл қоршаған ортаның, ауыл-аймақтың, қаланың, көшелер мен қоғамдық орындардың және тағы басқалардың тазалығы. Бұл жерлердегі тазалықты сақтау-баршамыздың міндетіміз. Тазалықты сақтау өзімізден, уйімізден, ауламыздан басталады. Өзіміз тұратын аула, өзіміз жүріп өтетін аймақ, өзіміз оқитын ғимарат маңы барлығы да тазалықты талап етеніні сөзсіз… Сондықтан тазалық сақтауды әркім өзінен және басқаларға  ескертуден бастауы  қажет.

Құрметті студенттер! Тазалық сақтау, қаламыздың сәнін келтіру, оны көрікті ету бәріміздің міндетіміз екендігін ұмытпайық.