1 қазан – қарттар күні

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

13 қазан күні№6 жатақханада Студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты кішігірім мерекелік құттықтау өткізілді. Мерекелік кеште №6 жатақхана меңгерушісі әрі біздің қартымыз Гүлшахар анамызды және студенттердің жағдайын жасап,тазалықты сақтап жүрген қартымыз Гүлсім анамызды студенттер ізгі тілектерімен, өлең шумақтарымен және кішігірім сыйлықтарымен қарттарымызды қуантты.

 

Гүлшахар анамызға

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөберенің.

Гүлсім анамызға

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз

 

Ұл-қыздарыңыздың қызық-қуанышына бөленіп,әлі де талай асулардан аса беріңіздер демекпіз. Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыларыңыздан таймаңыздар! – деп №6 жатақхана студенттері үлкендерге құрмет көрсетті.

 

 

Бұл мереке-сұлу табиғатымыздың мол өнім беретін, күнніңжұмсақ сәулесімен қуантатын, алтын күз шағымен тұспа-тұс келетін кезең.
Біз өнеге тұтып, әлі де ақыл-кеңес, тәжірибе алатын, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білген аға ұрпақтарымызға бас иетін күн.
Бүгінгі жастар үшін сіздердің жылдар бойы жинақтаған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіздің маңызы ерекше.
Талай жас буын тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер, оларға берген ізгі тәлім-тағылымдарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Игі тілекпен:№ 6 жатақхананың студенттер кеңесінің мүшелері