Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық.   Визитинг профессор бағдарламасы бойынша фтизопульмонология кафедрасына РФ мен Украинадан фтизиатрияның 3 басты мамандары, профессорлар  В.А.Стаханов, В.И.Петренко, А.В. Мордык шақырылды.

2011жылы Н.И.Пирогов атындағы Ресей Мемлекеттік Медицина университетінің кафедра меңгерушісі профессор Стаханов В.А. кафедраға келді.  Кафедраның студенттерімен резиденттеріне фтизиатрияның актуальді сауалнамалары тақырыбына дәріс оқыды. Кафедра ассистенттеріне мастер- класс өткізді.

2012 жылы студенттерге, резиденттерге, кафедра ассистенттеріне және қаланың фтизиатр дәрігерлеріне А.А.Богомольцев атындағы Ұлттық Медицина университетінің фтизиопульмонология кафедра меңгерушісі м.ғ.д. профессор Петренко В.И. дәріс оқыды (Украина, Киев).

2014 жылы студенттерге, резиденттерге, кафедра ассистенттеріне және қаланың фтизиатр дәрігерлеріне Омск мемлекеттік медицина академиясының м.ғ.д. профессор Мордык А.В. дәріс оқыды (Украина, Киев).

Кафедра меңгерушісі А.С Ракишева Ресей фтизиатрлар кеңесінде және ТМД мемлекеттерінің кафедра меңгерушілері жиналысында жыл сайын баяндамалармен шығады.

Кафедра қызметкерлері халықаралық конференциялармен семинарларға қатысады.