Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедрада әр жыл сайын  3 курстың 1000 астам студенттер білім алады.  Оларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізіледі. Кафедрада сабақ жүргізүге силлабустар, пән бойынша оқұ-әдістемелік кешендер, барлық тақырыптар бойынша үш тілде дайындалған. Кафедрада 700-ге жуық әртүрлі деңгейде тесттер дайындалған. Барлық дәрістер мультимедиялық вариантта жүргізіледі. Сабақ кезінде көптеген патанатомиялық макропрепараттар, муляждар және кәсіби тәжірибе  жыйнақтауға арналған хирургиялық аспаптар бар. Кафедрада тәжірибе сабақ жүргізуге арналған ОСКЕ, бағытталған әдістемелер енгізілген. Студенттердің білім беру жолын жоғарылату үшін тәжірибелі мол педагогтар жас падегогтарға үнемі ақыл-кеңесін береді. Педагогтар өздерінің ғылыми-педагогикалық білімдердің үнемі жетілдіріп жүреді. Кафедра қызметкерлердің 60% жаңа инновациялық технология, компьютерлік біліктілікті, коммуникативті тәжірибесі және психология негіздері түралы семинарларда білім алды. Кафедраның барлық қызметкерлері дәлелді медицина оқу курсынан өтті.

2006 жылы профессор К.Д.Дурмановтың басшылығымен «Жалпы хирургия» оқулығы шықты.

2015 жылы В.К. Гостищевтің «Жалпы хирургия» оқулығы профессор М.Ө. Мұқановтың редакциясымен қазақ тілінде жарыққа шықты.

2017 жылы А.Каныбековтың мемлекеттік тілде «Жедел аппендицит», «Жедел медициналық жәрдем», «Мейірбикелік іс-шараларының алгоритмдері», «Жалпы хирургияға арналған дәрістер», «Диабеттік аяғының клиникасы мен диагностикасы» оқу-әдістемелік құралдары жарияланды.

2017 жылы профессор Ибадильдин А.С. басшылығымен «Қан құю, қан компоненттері, плазма және қаналмастырушы препараттардың негізгі мәселелері» туралы оқу-әдістемелік құралы жарияланды.