Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедрада жалпы медицина факультетіне арналған («Гистология негіздері» және «Морфология және физиология»), педиатрия, стоматология факультетіне арналған, қоғамдық денсаулық сақтау ісі мамандығына арналған оқу-әдістемелік құралдар бар. Студенттерді гистология бойынша дайындау деңгейі алдағы және қазіргі Қазақстан Республикасының тәжірибелік денсаулық сақтау қажеттіктеріне сәйкес орындалады.

  Барлық тәжірибелік сабақтардың, СОӨЖ және СӨЖ тақырыптары бойынша мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде әдістемелік нұсқаулықтар дайындалған.  Әдістемелік нұсқаулықтар тәжірибелік сабақтардың, СОӨЖ және СӨЖ орындау барысында қолданылатын компетенцияларды ескере отырып жасалған. Оқу урдісін әдістемелік қамтамасыз етілуі мамандарды дайындаудың заманауй талаптарына сәйкес келеді.  Сабақтар жеткілікті деңгейде оқытудың техникалық құралдарымен (мультимедиялық проектор, кестелер, тесттер, ситуациялық есептер, микросуреттер альбомы және электроннограммалар т.б.)  қамтамасыз етілген, сонымен қатар кинофильмдер мен оқу – әдістемелік материалдар электрондық тасымалдаушыларда да бар. Дәрістердің материалы мультимедиялық пректорды қолдану арқылы дайындалған.

Кафедраның ПОҚ дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың және СӨЖ жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеді, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып және жетекшілік етеді, консультациялар мен емтихандарды жүргізеді, емтихан нәтижелерін талдайды, оқу жүйесін оқытушылар мен студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді. Кафедрада микропрепараттар, кестелер, цитология және эмбриология бойынша муляждар, ылғал препараттар,  микроскопиялық үлгілер альбомы және гистологияның барлық бөлімдері бойынша жоғары сапалы түрлі-түсті микросуреттер альбомы, жеке тақырыптар (эмбриология, микроскопиялық техника), сонымен қатар гистологияның барлық курстары бойынша СД-дискілер бар. «Эмбриология» курсы бойынша кафедрада жыл сайын  СД-фильмдер (Италия менАҚШ-та жасалған) корсетіледі.  Барлық оқу бөлмелері жеткілікті түрде «Карл Цейс Йена» фирмасының заманауй лабараториялық микроскоптарымен, сонымен қатар тақырыптық стендтармен қамтамасыз етілген. Бір оқу бөлмесі интерактивті тақтамен жабдықталған, оны тәжірибелік сабақтар барысында үнемі қолданып отырады. Сонымен қатар кафедраның оқу үрдісінде «Карл Цейс Йен» фирмасының 9 студенттке арналған бірегей «Аксиоскоп-2»  консультациялық микроскобы қолданылады.

Кафедра студенттердің тәжірибелік сабақтарға өздігінен дайындалуға  арналған   әдістемелік нұсқаулықтар жасаған, онымен студенттер  компьютерлік класста отырып тәжірибелік сабақтарға немесе қорытынды сабақтарға дайындала алады.

Кафедрада «Микросуреттер мен морфоденситометрия негіздерімен микроскоптық техника» бойынша элективті курстарды өткізу үшін керекті құралдар мен материалдар бар.  Кафедраның оқу үрдісінде оқудың жаңа әдістері қолданылады («аты жазылмаған»  препараттармен консультациялық көп басты микроскопта аз топпен жұмыс жасау, КЕЙС-СТАДИ әдісі, препараттарды және жасушалардың, тіндердің, мүшелердің түрлі-түсті суреттерін анықтау, гистологиялық құрылымдар бойынша ситуациялық есептерді шешу, тест сұрақтарының әр түрлі типтерін шешу).  Тәжірибелік сабақтарда студенттер кафедра қызметкерлерінің дайындаған атластарын үнемі қолданып отырады.

Кафедра қызметкерлерінің дайындаған баспадан шыққан жұмыстары: «Тәжірибелік сабақтарға арналған гистология, цитология және эмбриология бойынша микросуреттер атласы», Юй Р.И., Абильдинов Р.Б., 2012 ж, Алматы, 2012;   «Основы гистологии полости рта и зубов». Юй Р.И. 11,2 б.п. 2012ж. «Ауыз қуысы мен тістердің гистологиялық негіздері». Юй.Р.И.( 8 б.п). 2015ж. Аяпова Ж.О.2014  жылы  Гистология-2 бойынша оқу құралы басылымнан шықты  (автор Аяпова Ж.О.),. 2015 жылы  «Гистология, цитология  және эмбриология бойынша  Атлас», Алматы, 2015, үш тілде басылымнан шықты. Оқытушылар мен студенттердің арасында  2012 жылы шыққан «Тәжірибелік сабақтарға арналған гистология, цитология және эмбриология бойынша микросуреттер атласы» (Юй Р.И)   кең қолданысқа ие. Келесі оқу – әдістемелік нұсқаулар басылымнан шықты:: «Пищеварительный аппарат. Печень, поджулудочная железа», Алматы,2015 ( Юй Р.И.), «Тірек – қимыл жүйесі», қазақ және орыс тілдерінде, 2014ж, 2015ж (Ергазина М.Ж, Юй Р.И., Калинина М.С.), «Особенности  гистологического строения органов   сердечно-сосудистой системы», 2014ж ( Ергазина М.Ж., Калинина М.С.), «Гистология органов кроветворения и иммуногенеза», 2015 (Ергазина М.Ж., Калинина М).

Кафедра қызметкерлері үш тілде келесі жұмыстарды басылымнан шығарды:

  1. «Гистология, цитология және эмбриология бойынша Атлас», Алматы, 2015  Р.И.Юй және Р.Б.Абильдинов 2012.

2.«Гистология –  бойынша тест сұрақтары» Р.И.Юй және Л.И.Наумованың басқаруымен. 2013.

  1. «Гистология, цитология және эмбриология бойынша Атлас», Алматы, 2015 Авторлар: Абильдинов Р.Б., Юй Р.И., Ергазина М.Ж., Аяпова Ж.О. 2015

Басылымға дайындалған жұмыстар:

  1. Ергазина М.Ж., Абильдинов Р.Б., Юй Р.И.. «Гистологиялық терминдердің түсіндірме сөздігі» үш тілде.
  2. Юй Р.И. «Ауыз қуысы мен тістердің гистологиясы» Алматы ағылшын тілінде
  3. «Гистология-2 бойынша тест тапсырмалары», Алматы.

Кафедра аралық бақылау мен емтиханды бағалауда тесттік жүйені қолданады. Қазіргі кезде қазақ, орыс және ағылшын тілідерінде «Гистология, цитология  және эмбриология бойынша атлас», Алматы, 2015, және Гистология – 1 бойынша тесттер жинағының екінші басылымы (386 бет) және Гистология – 2 бойынша  тесттер жинағы басылымнан шықты, олар студенттердің пәнді оқуын жеңілдету мақсатында қолданылады.

Консультациларда оқытушылар СӨЖ тақырыптары бойынша материалдарды қалай және қайдан табуға болатынын, Эссе мен рефераттарды қалай өңдеу керектігін  егжей-тегжейлі түсіндіреді, презентацияларды сауатты түрде топтың алдында баяндауды үйретеді.

Кафедрада кафедра ішілік бақылауды үнемі жүргізіп отырады,  сосын дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды талқылайды.  Жас оқытушылармен  жұмысқа, оқу – әдістемелік жұмыстарына, тәрбие және ғылыми жұмыстарына үлкен көңіл бөлінеді.  Ғылыми жұмыстарын кафедра меңгерушісі доцент Ергазина М.Ж мен профессор Юй Р.И басқарып отырады.

Инновациялық технологиялар бойынша кафедраның ПОҰ білімін жетілдіру нәтижелері белсенді түрде оқу үдерісіне енгізіледі

Білім беруінің белсенді, жоспарлы жұмыстарының және ұзақ мерзімді тәжірибесінің арқасында кафедра  барлық мамандықтар бойынша оқу – әдістемелік кешендердің материалдарын толық өңдеді, сонымен қатар болашақ жалпы медицина дәрігерлерін, дәрігер – стоматологтарды және дәрігер – гигиенисттерді даярлауда  маңызды роль атқаратын бірегей инновациялық әдістерді өңдеді.