Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра қызметкерлері балалар хирургиясының дамуына әр қайсысы үлкен үлес қосқанын сенімділікпен айта алады. Орталық басылымда жарық көрген монографиялар: «Балалардың бас миының шайқалуы», «балалардың бас миының жаншылуы», «Балалар өкпесінің іріңді-қабыну аурулары», «Балалардың остеомиелиті кезіндегі сүйек ішілік жуу». Ұзақ жылдар бойы осы аталған патологияның емдеу тактикасын құрастырды.  Совет одағы кезінде кафедра қызметкерлері балалардағы өңеш күйігі мәселелерімен, оның емі және реабилитация сұрақтарымен айналысты.  Бұл балалар хирургиясындағы нағыз жетістік болды. Казіргі кафедра қызметкерлері аталған жұмыстарды жалғастыруда.  Казіргі кезде гепатобиллиарлы аймақтың патологиясы, туа болған даму ақаулар,   зәр шығару жолдарының жүре пайда болған ауруларын қамтитын сұрақтар маңызды болып тұр. Сол сияқты, «Ақсай» УК –да балалар омыртқасының сколиозды деформациясын емдеу мен оның даму сұрақтарын талдап оқу жалғасуда.

Балалардың созылмалы іш қату сұрақтары  маңызды мәселе болып қалуда. Бұл сұрақты шешу мақсатында Россияның белгілі клиникаларымен бірлесе отырып жұмыс жасаудамыз.