Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы

Студенттермен ғылыми жұмыс Б.У.Жарбосынов атындағы ғылыми орталығында жүргізіледі. Жұмыстың негізгі бағыты – несеп-жыныс жүйесіндегі маңызды сұрақтарды қарастыру. Үйірменің басты мүшелері – ЖМ-ның 4-5 студенті.

Үйірменің атауы: «Урология саласындағы тың және инновациялық технологиялар»

Студенттердің бұл ғылыми үйірмеге қатысуы үшін Урология ғылыми орталығы заманауи жабдықтармен қамтылған. Бұл орталықта 36 ғылыми форум өткен, оның ішінде: Қазақстан Республикасының урологтарының І-V конгресі. Еуропалық урологтар мектебі, Қазақстан урологтарының съезді, ТМД елдері арасындағы жас ғылыми-дәрігер І-ХІ конференциясы. Қазақстан урологтарының съезді аясында ІІ Еуразиялық андрологиялық конгресі өтілді. Конгреске Урология бөлімінің қызметкерлері және де студенттер белсене түрде қатысты.

2015-2016ж. оқу жылында ЖМ 5 курс студенттері – Амитахун А. Д. ,

Восконян Э. А. «1 ғана бүйрек тасын емдеу кезіндегі мини-перкутонды нефролитотрипсия» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыс дайындаған болатын. Және бұл жұмыс « Қазақстанның урология және нефрологиясы» №4 (17) 2015 Алматы, с 24-28 журналында жарияланды. Бұл жұмысты ары қарай жалғастыру мақсатында жетекші к.м.н. А.Ж. Суранчиевпен бірлесе отырып,  ЖМ 5 курс студенттері А.Н. Кани мен А.В. Курбатов «1 ғана бүйрек тасын мини-перкутонды нефролитотрипсиямен емдеу нәтижелері» тақырыбында баяндама қорғады.  Бұл еңбек студенттер мен жас ғылымдардың ІІІ халықаралық ғылыми-практиктикалық конференциясында жарияланған болатын. « Ғылым және медицина: Қазақстан Республикасының 25 жылдық тәуелсәздігіне орай жастардың көзқарасы. 2016 ж. Алматы қ.