Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра келесі тақырыптар бойынша ҒЗЖ жүргізіледі: «Бас миының  ісіктерін диагностикалаудағы мультипараметрлік магнитті резонансты томография», «Өкпе обырын ерте диагностикалауда төмен дозалы компьютерлік томография», «Заманауи сәулелік зерттеулер әдістерін пайдалана отырып, гепатоцеллюлярлық карцинома диагностикасын оңтайландыру», «Лимфомаларды емдеудің тиімділігін бағалаудағы саулелік маркерлер», «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының сандық және сапалық сипаттамаларын жоғары ажыратымдылықтағы мультиспиральды компьютерлік томографияны қолдану арқылы бағалау», «Қуықасты безі обырын диагностикалаудағы мультипараметрлік МРТ», «COVID-19 мен ассосциирленген пневмонияны диагностикалауда компьютерлік томографиялық мүмкіндіктер», «Туысқандық трансплантация кезінде донорлық бауырдың КТ көлемділігін оңтайландыру», «Қатерлі ісіктерді гибридті бейнелеудің инновациялық технологияларын енгізу арқылы ядролық медицинаны жетілдіру».

Университеттің ғылыми жумысының маңызды аспектілерінің бірі жаңа технологияларды әзірлеу және денсаулық сақтау тәжірибесі мен оқу үдерісіне медицина ғылымының жетістіктерін енгізу болып табылады. Кафедра қызметкерлері жаңа диагностикалық әдістер бойынша денсаулық сақтау тәжірибесі мен оқу үдерісіне медицина ғылымының жетістіктерін енгізу бойынша 50-ден астам енгізу актілері және 14 инновациялық патент алды.