Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Урология бөлімінің қызметкерлері Орталық қызметкерлерімен бірлесе отырып ғылыми урология саласындағы өзекті мәселелерді шешуге, оның ішіндегі диагностика,  урологиялық негізгі ауру түрлерін алдын-алу және емдеу бойынша сұрақтар, сонымен қатар ерлердің жаңа инновациялық технологиялар бойынша  ұрпақ жаңғырту денсаулығын дамытуға белсене қатысады.

Урология бөлімінің Орталықтың ғылыми кадрымен бірлескен жұмысының өзектілігі : ҒУО – урологиялық қызметтің стратегиялық дамуын анықтайтын, алдыңғы ғылыми технологиялық диагностиканы тарататын, және де бүкіл республика бойынша урологиялық ауру түрлерін емдейтін ең негізгі профильді мекеме екендігін бөлім қызметкерлері факт ретінде нақтылайды.

Орталық зерттеулер жүргізуге және де әлемдік стандартқа сай емдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Урология бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-техникалық жобалар бойынша жұмыстар жүргізіледі. ҒТП «Ғылыми негізделген диагностика әдістерін өңдеу және ер адамдардың репродуктивті қызметінің генетикалық негізделген бұзылысын емдеу» тақырбы бойынша орындаған проф. М.К. Алчинбаев Ақтөбе қаласы, М.Оспанов атындағы ЗКМУ. 2013-2017ж. Және бірлескен орындаушы: Б.У. Жарбусынов атындағы ғылыми урологиялық орталық.

Урология бөлімінің жас ғалымдары  Д.Е. Мами жіне Р.К. Бишманов НИР –ге белсене қатысады. 6Д110100 «ғылыми-педогогикалық медицина» мамандығының шифрна сәйкес доктарантураның оқу аясында «НТА ауыратын науқастарды эндоскопиялық әдіспен емдеудің заманауи тәсілдері» және «Жасы кіші балалардағы пиелоуретралдық сегменттің обструкциясының эндовидеохирургиялық коррекциясы» тақырыптары бойынша жұмыс жасайды.

Доктарант К.Р. Бишманов 2016 жылдың 6-7 қазанында Алматы қаласында өткізілген ҚР-ның бала дәрігерлері VIII съездінде «Жасы кіші балалардағы пиелоуретралдық сегменттің обструкциясының эндовидеохирургиялық коррекциясы» тақырыбы бойынша ауызша баяндаманы қорғады. Ал Қазақстанның эндоскопиялық хирургтерінің 6-шы конгресінде «Балаларда туа пайда болған гидронефроз пиелопластикасының элонгация әдісі» тақырыбы бойынша баяндама қорғады. Сонымен қатар 2016 жылдың 3-5 қазанында Ақтөбе қаласында «Балалар несепағарының трансвезикальды пневмоцистоскопиялық ренплантациясы» тақырыбында баянадама жасалынған болатын.