Халықаралық ынтымақтастық

Жалпы иммунология кафедрасы Германияда Брауншвейг қаласындағы «LIONEX» биотехнологиялық компаниясы, Флоренция университетінің D’Elios  зертханасы, Литва денсаулық ғылымдары университеті (LUNZ), Каунас, Литва және Татарстан Республикасы Қазан қаласындағы Қазан мемлекеттік медицина академиясы сияқты шетелдік әріптестермен белсенді ынтымақтастықта.

2024 жылдың 18-22 наурыз аралығында Испаниядағы Барселона университетінде (Universitat de Barcelona, ​​UB) академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру туралы Э.Ж. Битанованың есебі

 

Барселона университеті – беделді, жетекші халықаралық желілер және орталықтармен жұмыс істейтін жаһандық еуропалық университет, Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) мүшесі және Еуропалық зерттеу университеттері лигасының (LERU) жалғыз испандық мүшесі. Барселона университеті сонымен қатар жаңа еуропалық университет үлгісін құруға бағытталған және дүние жүзіндегі университеттермен 3500-ден астам келісімі және 77 белсенді Erasmus+ жобасы бар алғашқы университеттік альянстардың бірі болып табылатын CHARM-EU-ны үйлестіреді. Барселона университеті 1450 жылы құрылған және бүгінде төмендегідей жетістікке жеткен:

2024 жылғы World University Rankings рейтингінде 152 орын

Impact Rankings 2023 рейтингінде 101-200 орын

World Reputation Rankings 2022 рейтингінде 126-150 орын

https://www.timeshighereducation.com/world-university-rankings/university-barcelona

 

Барселона университетіне сапар барысында келесідей іс-шаралар жүзеге асырылды:

  1. Барселона университеті иммунология секциясының оқу-әдістемелік және ғылыми базасымен танысу
  2. Иммунология курсы бойынша әртүрлі бағыттағы бакалавриат студенттеріне дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізу (топтар келу мерзіміне қарай таңдалады)
  3. Erasmus бағдарламасы аясында бірлескен білім беру жобасын жоспарлау
  4. Иммунология саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді жоспарлау

 

Қазіргі уақытта Жасушалық биология, физиология және иммунология кафедрасының иммунология секциясының меңгерушісі профессор Аннабель Валидормен ынтымақтастықтың арқасында университет басшылығымен Э.Ж.Битанованың сапары туралы келісімге қол жеткізілді. Биохимия және молекулалық биомедицина кафедрасы деканының орынбасары, ERASMUS координаторы, профессор Марта Корпспен академиялық ұтқырлықтың барлық мақсаттарына қол жеткізу үшін оңтайлы сапар жоспарын жасау үшін белсенді хат алмасу жүргізілуде. Бізбен байланыста болған Барселона университетінің мамандары университеттерімізге академиялық және ғылыми ұтқырлық үшін тамаша мүмкіндіктер ұсынады.

Иммунология секциясының зертханасында

Халықаралық қызмет кеңсесінің қызметкерлерімен

Биомедицина факультетінің 3 курс студенттеріне арналған дәріс

Барселона университетінің студенттері

Қан және тіндер банкіне бару

Қан және тіндер банкіне бару

Жалпы иммунология кафедрасының доценті Нурмуханбетова Алия Адилсариевнаның академиялық ұтқырлық шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы

есебі

Жалпы иммунология кафедрасының доценті Нурмуханбетова Алия Адилсариевна 2024 жылғы 25-30 наурыз аралығында «академиялық ұтқырлық» бағдарламасын орындау аясында келесі жұмыстарды жүргізді:

  1. Самарқанд Мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі», «Стоматология» және «медициналық профилактика» мамандықтары бойынша 2 курс студенттерінің академиялық топтарына жалпы иммунология пәні бойынша дәріс сабақтары (2024 жылғы 25-27 наурыз аралығында), жалпы көлемі 12 академиялық сағат;
  2. Самарқанд Мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі», «Стоматология» және «медициналық профилактика» мамандықтары бойынша 2 курс студенттерінің академиялық топтарына жалпы иммунология пәні бойынша тәжірибелік сабақтар (2024 жылғы 25-29 наурыз аралығында), жалпы көлемі 16 академиялық сағат;
  3. емдеу және стоматология факультеттерінің 2 курс студенттеріне арналған пән бойынша силлабустардың мазмұнын талдау және талқылау;
  4. емдеу факультетінің 2 курс студенттері үшін оқытудың бақылау-өлшеу құралдарын (ағымдағы және қорытынды бақылаудың тест тапсырмаларын) рецензиялау
  5. «Иммунологиядағы негізгі зертханалық әдістер» тақырыбында микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел;
  6. алдағы халықаралық студенттік олимпиаданың ұйымдастырушылық мәселелерін тең төраға Шайкулов Х. Ш. және ұйымдастыру комитетінің мүшесі Жамалова Ф. А.-мен талқылау;
  7. бірлескен халықаралық студенттер олимпиадасы бойынша ұйымдастыру комитетінің мүшесі Жамалова Ф. А.-мен негізгі сұрақтар мен тест тапсырмаларын талқылау.

Емдеу факультетінің 2 курс студенттері үшін ашық практикалық сабақ өткізу (8 лек, 236-237). Алдағы халықаралық студенттік олимпиаданың ұйымдастырушылық мәселелерін тең төраға Шайкулов Х. Ш. және ұйымдастыру комитетінің мүшесі Жамалова Ф. А.-мен талқылау.

Стоматология факультетінің 2 курс студенттеріне (5 лек, 220-224) және микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының қызметкерлеріне ашық дәріс өткізу

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының қызметкерлерімен «Иммунологиядағы негізгі зертханалық әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу.

Емдеу факультетінің 2 курс студенттеріне дәріс өткізу

Самарқанд Мемлекеттік медицина институтына сапардың нәтижелері бойынша студенттік олимпиадаларды бірлесіп өткізу, ПОҚ, студенттер мен магистранттардың/докторанттардың академиялық ұтқырлығы шеңберінде сапарларын жалғастыру; нәтижелерін жариялай отырып, бірлескен студенттік зерттеулер жүргізу бойынша одан әрі ынтымақтастық бойынша алдын ала келісім алынды.

 

Өзбекстан Республикасы ғылым академиясының иммунология мен адам геномикасы институтының аутоиммунды жағдайлар зертханасының меңгерушісі, м.ғ.д. Набиева Умида Пуладжановнаның ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасына «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша келуі туралы есебі

Келу уақыты: 20.09.2021 – 09.10.2021 ж.

Жалпы иммунология кафедрасының қызметкерлері бұл іс-шара бойынша үлкен дайындық жұмысын өткізді.
Набиева У.П. жалпы иммунология кафедрасында иммунологияның өзекті мәселелері бойынша семинарлар, дәрістер жүргізді. Кафедраның оқытушылары, дәрігер-ревматологтар, докторанттарм ен магистранттар дәрістердің тыңдаушылары болды.
Сонымен қатар «Іргелі зерттеулерге арналған ғылыми зерттеу лабораториясының құрылымы мен міндеттері» тақырыбында мастер-класс және резидент-ревматологтарға «Ревматикалық аурулар кезінде COVID-19 ағымы» атты семинар өткізді.
Набиева У.П. дәріс, семинар оқу, Life Sciences зертханасын ұйымдастыру бойынша кеңес беру жұмыстарымен қатар 27.09.2021 ж. – 09.10.2021ж. аралығында «Аутоиммунды аурулар иммунодиагностикасы, иммунопрофилактикасы мен иммунотерапия әдістері» тақырыбында онлайн-семинар да жүргізді.
Семинар жалпы иммунология кафедрасы және ҚазҰМУ клиникалық департаменті мен дипломнан кейінгі білім беру департаментімен бірге ұйымдастырылды.
Тыңдаушылар саны – 30 адам – иммунологтар, ревматологтар, аллергологтар, дерматологтар, эндокринологтар, гематологтар, жалпы тәжірибе дәрігері, терапевттер, педиатрлар. Семинар соңында барлық тыңдаушыларға сертификат берілді.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-те 19 желтоқсан 2022 жылы Zalma компаниясынан қазіргі заманғы цитометрияның мүмкіндіктері мен қолданылуына арналған семинар өткізілді. Негізгі баяндамашы Zalma компаниясының ғылыми кеңесшісі Антон Витовтов болды.
Семинардың бірінші бөлімі ЖММ-1-дің Life Sciences зертханасы үшін сатып алынған Thermo Fisher Scientific фирмасының Attune NxT құрылғысы – ағындық цитометрияның негіздеріне арналды. Антон Витовтов жасушаларды таңбалаудың негізгі принциптері және жасуша бойынша талдау принципі туралы егжей-тегжейлі айтты.
Екінші бөлім иммундық жасушаларды фенотиптеуден бастап жаңа препараттарды жасушаларда сынауға дейінгі ағындық цитометрияның қолданбаларына арналды.
Бұл семинар ағынды цитометрия әдісімен, оның биомедициналық зерттеулерде қолданылуымен және цитометриялық деректерді талдау негіздерімен танысуға мүмкіндік берді.

Медицина және денсаулық ғылымдары колледжінің профессоры, Академиялық сұрақтар бойынша Кеңесші және Провост, Біріккен Араб университеті, Аль-Аин, Абу-Даби, БАӘ
Юрий Георгиевич Гелованидың ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасына «Визитинг-профессор» бағдарламасымен келген сапары жөнінде ЕСЕБІ

Келу күндері: 01.12.2022-07.12.2022 ж. офлайн
08.12.2022-20.12.2022ж. онлайн

Жалпы иммунология кафедрасының қызметкерлері бұл сапарға көптеген дайындық жұмыстарын жүргізді: оқу бағдарламасы, профессордың келуіне арналған бағдарлама жасалды, әлеуетті тыңдаушылар мен іс-шараларға қатысушыларды кеңінен хабардар ету жүргізілді.
Ю.Г. Геловани 01.12.2022ж. және 07.12.2022ж. аралығында жалпы иммунология кафедрасында иммунологияның өзекті мәселелері бойынша бетпе-бет дәрістер мен семинарлар өткізді, тыңдаушылары – жалпы иммунология кафедрасының оқытушылары, ҚазҰМУ, ҚазОжРҒЗИ және ҚРМУ резидент-онкологтары, иммунология кафедрасының докторанттары, магистранттары және студенттері. Сонымен қатар бұл күндері:
05.12.2022ж. «Окологиялық иммунотерапиямен біріктірілген сәулелік терапия», «Қатерлі ісікке қарсы иммунотерапияның молекулярлық-генетикалық кескіні» атты тақырыптарда мастер-класс жүргізді. Сондай-ақ, ҚазОжРҒЗИ дәрігерлеріне және резидент-онкологтарына дәріс оқыды.
06.12.2022ж. Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ҒЗИ орналасқан Life Sciences және ҰПО геномдық зертханаларын аралап, көріп шықты.
Сапар барысында шақырылған профессор Ю.Г. Геловани тыңдаушыларға дәрістер, семинарлар, мастер-класс тәрізді іс-шаралардан басқа, қолданыстағы және жоспарланған ғылыми жобалар бойынша кеңестерде жүргізді.
12.08.2022-20.12.2022жж. аралығында «Онкогенді вирустар, қатерлі ісік биологиясы және туа біткен иммунитет; Қатерлі ісік иммунды терапиясы үшін инженерлік CAR-T жасушаларын қолданудың тәжірибелік аспектілері; Сүт безі обырына қарсы емдік вакциналардағы соңғы жетістіктер; ДНҚ сәйкес келмейтін иммунды профилактикалық вакциналар қатерлі ісік ақауларын түзетеді; Пептидті Т-жасушалық вакциналарды қолданатын қатерлі ісік иммунды терапиясы; Глиобластома иммунды терапиясының жаңа әдістері: қазіргі жағдайы және болашақ бағыттары» атты тақырыптар бойынша онлайн дәрістер өткізілді. Тыңдаушылар – жалпы иммунология кафедрасының оқытушылары, магистранттары, докторанттары. Тыңдаушылардың жалпы саны 14.
Қорытындылай келе, атап өту керек, профессор Ю.Г. Геловани сапарының бағдарламасы толық іске асырылды және профессорды шақырған жалпы иммунология кафедрасы үшін де, жалпы университет үшін де өте жемісті болды.