Клиникалық жұмыс

Кафедра 4 базада орналасқан: ШЖЗ ҚКМ «И. С. Жекенова атындағы ҚКЖА» (негізгі), ШЖЗ ҚКМ «Қалалық емхана №5», ШЖЗ ҚКМ «Қалалық емхана №3», ШЖЗ ҚКМ «Қалалық студенттер емханасы» – қосымша, оқу үрдісін ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар жасалған.

Кафедра қызметкерлері клиникалық жұмысты жоғары деңгейде атқаруда (60% ғылыми атағы бар, 10 жылдан жоғары стажы бар– 100%, жоғары санаты бар  81,1%).

Профессорлар мен доценттер базалық клиникаларда демалыс және мейрам күндері де шұғыл түрдегі кеңестік көмек көрсетеді.

Кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ. клиникалық базадағы патологоанатомиялық конференциялардың төрайымы болып табылады.

Кафедра меңгерушісі, профессор Дүйсенова АҚ. және проф. Егембердиева Р.А. ШЖЗ ҚКМ «И.С.Жекенова атындағы ҚКЖА» Бақылау Кеңесінің мүшелері болып табылады.

Кафедра меңгерушісі, проф Дүйсенова А.Қ. және проф. Егембердиева Р.А., аса қауыпты инфекциялар бойынша кеңесші жұмысын атқарады.

Профессор Құрманова К.Б., доцент Садықова С.С. сертификацияланған сараптамашылар. Сараптамашы ретінде проф. Дүйсенова А.Қ., проф. Құрманова К.Б., проф. Шопаева Г.А., проф. Егембердиева Р.А. және доц. Байекеева К.Т., Оспагбекова Н.Қ. Адматы қаласының ДБ, Алматы қаласы ККМФУ, Алматы қаласының ІІД бұйрықтары бойынша сараптамалар жүргізеді.

Профессор Дмитровский А.М. СДС Орта-Азиялық кеңсесінің «Аса қауыпты инфекцияларды стандарты анықтау» атты оқытушы семинарының штаттан тыс жаттықтырушысы болып табылады.

Проф.Дмитровский А.М. СДС Орта-Азиялық кеңсесінің «Аса қауыпты инфекцияларды стандарты анықтау» атты семинарын өткізуде.

 

Кафедраның профессорлары мен доценттері ҚР ДМ және СР «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша клиникалық хаттамаларды құрастыруға қатысады, бұл кафедра қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі мамандыр ретінде танылғанының белгісі:

1). «Тропикалық безгек» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы.  Хаттама №9 «12» желтоқсан 2014 жыл, кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ.

2). «Жедел және жеделдеу бруцеллез», емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама № 16  «20» қараша 2015 жыл, кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ.

3). «Ересектердегі менингококкты инфекция» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама № 9 «15» қыркүйек  2015 жыл, кафедра меңгерушісі, проф Дүйсенова А.Қ., проф. Шопаева Г.А.

4). «Кенелік энцефалит» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама №9 «16» тамыз 2016 жыл, проф. Егембердиева Р.А., кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ.

5). «Денге қызбасы», емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама №9 «16» тамыз  2016 жыл, проф. Егембердиева Р.А., кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ.

6). «Инфекциялық мононуклеоз», емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама  №9 «16» тамыз 2016 жыл, проф. Шопаева Г.А., кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ.

7). «Тырысқақ», емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама №9 «16» тамыз 2016 жыл, каефдра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ.

8). «Ересектердегі цисталық (бауыр) эхинококкозы, емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама №9 «16» тамыз 2016 жыл, кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ., проф Шопаева Г.А., доц. Байекеева К.Т.

9). «Ересектердегі сібір жарасы», емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама №11 «29» қыркүйек 2016 жыл, проф. Дүйсенова А.Қ.

10). «Туляремия»  емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама №22 «12» мамыр 2017 жыл, кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ., проф. Дмитровский А.М.

11). «Псевдотуберкулез» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама №22 «12» мамыр 2017 жыл, кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ., проф. Дмитровский А.М.

12). «Иерсиниоз» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы. Хаттама №22 12 мамыр 2017 жыл, каефдра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ., проф. Дмитровский А.М.

 

«Инфекционисттер мектебі» аясында кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова  А.Қ. басқаруымен, ай сайын дәрігерлерге арналған оқытушы семинарлар жүргізіледі. Мектеп отырыстарында өзекті нозологиялар бойынша дәрістер оқылып, клиникалық жағдайлар талқыланып, науқастарды амбулаторлық және стационарлық деңгейде жүргізу тактикалары анықталып, орын алып отырған нормативтік құжаттармен таныстырылып, жұқпалы аурулар бойынша емханалардың қызыметі жөніндегі есептер тыңдалып, қиындықтар мен оларды шешу жолдары талданады, тәжірибемен алмасу жүзеге асырылып отырады.

Кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ. «Инфекционисттер мектебін» өткізуде

2015 жылдың жазында профессор Егембердиева Р.А., асс. Байхожаева Р.Ж., Шокалакова А.К., Кашим Ж.К. сел салдарынан жапа шеккен аудандарда аулалық қарау жүргізіп, кеңес беру жұмыстарын атқару арқылы көмек көрсеткен.  Дәрігерлермен бірге жапа шеккен аудандардың 1138 тұрғыны қаралған.

Селден зардап шеккен халыққа кеңестік жұмыс көрсетуге кафедра қызметкерлерінің қатысуы, 2015 ж.

Жұқпалы ауруларды алдын алу жұмыстарын, ұйымдастыру˗әдістемелік және емдеу-кеңес берушілік көмекті жақсарту мақсатында, сонымен қатар Алматы қаласының БМСК мекемелеріндегі жұқпалы аурулар кабинеттерінің жұмысын жақсарту үшін кафедра қызметкерлері жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері бойынша білім беруші семинарлар жүргізеді.

– 2016 жылдың ақпан айында Алматы қаласының 6 АММ (Жетысу, Бостандық, Ауэз, Алмалы, Түрксіб, Алатау) С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық ауралар кафедрасының меңгерушісі   Дүйсенова А.Қ және Алматы қаласының ДБ бас штаттан тыс инфекционисті Байекеева К.Т. «Грипп және басқа да ЖРВИ. БМСК дәрігерінің тактикасы» атты оқытушы семинар өткізді.

2016 жылдың тамыз˗қыркүйек айларында Алматы қаласының 30 ММ (Жетысу, Бостандық, Ауэз, Алмалы, Түркісіб, Алатау) және шұғыл медициналық көмек подстанцияларында кафедра қызметкерлері «Сібір жарасы. Клиникасы, диагностикасы, емі. АҚИ кезіндегі әрекет ету алгоритмі.» атты семинарлар өткізді. Медицина қызметкерлерінің сібір жарасы туралы алғашқы және семинардан кейінгі білімдерін анықтау үшін  сауалнама жүргізілді. Барлығы 2275 тыңдаушы қатысты. Алғашқы білімін бағалағанда  тыңдаушылардың 45,3% – 50% төмен көрсеткіш көрсетсе, ал дәрістен кейін тек 14,3% тыңдаушы 50% төмен балл жинаған.

2018 жылдың қазан айында Алматы қаласаның 8 АММ (Жетысу, Бостандық,, Ауезов, Медеу, Алмалы, Түркісіб, Алатау, Наурызбай) кафедра меңгерушісі, проф.  Дүйсенова А.Қ., доцент және Алматы қаласының ДБ бас штаттан тыс инфекционисті Байекеева К.Т. Алматы қаласының ДБ бас маманы Ибрагимова Э.И. бірлесе отырып «Грипп және ЖРВИ. 2017-2018жж. эпид. Мезгілінің нәтижелері және 2018-2019 жж. эпид. маусымға дайындық» тақырыбында білім беруші семинарлар өткізді.

– 2018 жылдың қараша айында Алматы қаласында қызылшамен ауырған науқастардың тіркелуіне байланысты 8 АММ және 12 шұғыл медициналық көмек подстанцияларында «Қазалша. Диагностикасы, емі, алдын алуы» тақырыбында семинарлар өткізілуде.

Кафедра қызметкерлері ақпараттық жүйелерде дәрістер оқып, интервью береді (кафедра меңгерушісі. проф. Дүйсенова А.Қ., проф. Дмитровский А.М., проф. Егембердиева Р.А., доц. Сейдулаева Л.Б., доц. Садықова А.М.), жұқпалы ауруларға қызмет көрсетудің мәселелері бойынша ҚР ДМ және Алматы қаласының ДБ брифингтеріне (кафедра меңгерушісі. проф. Дүйсенова А.Қ.).қатысады.

2018 жылдың мамыр˗маусым айларында Алматы қаласындағы менингококкты инфекциясымен аурушаңдықтың көтерілеу кезінде кафедра қызметкерлері график бойынша кешкі, түңгі және демалыс күндері науқастарға кеңестік жұмыс жүргізді.

Кафедра қызметкерлері емдеу-кеңес беру және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жұқпалы аурулардың алдын алуы бойынша тиімді жүргізу мақсатымен, сонымен қатар Алматы қаласының БМСК мекемелерінің жұқпалы аурулар кабинеттерінің жұмысын жаұсарту үшін келесң шаралар ұйымдастырылды:

2018-2019 жылы 13 семинар, оның ішінде 1 халықаралық қатысумен «Празитарлық және трансмиссивті арулардың өзектң мәселелері», 5 қалалық семинар «Инфекционисттер мектебі» аясында өткізілді.

Кафедра қызметкерлері өндірістік мұқтаждық бойынша ҚКЖА қосымша жұмыс атқарады: 0,5 ставкадағы дәрігер-ординатор ретінде (асс.Умешова Л.А., Кашим Ж.К.), және бөлімше бастықтарының қызметін кезектік демалыс кезінде атқарады.

Жыл сайын кафедра қызметкерлері науқастарға кеңес беру мақсатымен «Ашық есіктер күндерін» жүргізеді (проф.Дүйсенова А.Қ., проф. Егембердиева Р.А., проф. Шопаева Г.А., доц. Байекеева К.Т., доц. Ермуханова Н.Т., доц. Сейдулаева Л.Б., доц. Оспанбекова Н.К., доц.Садыкова С.С., доц. Садыкова А.М.).

2015 жылы ақпараттық ресурс – инфекционист˗дәрігерлерге арналған почта [email protected] құрылды, мұнда дәрігерлер жұқпалы және паразитарлы аурулар бойынша ҚР орын алып отырған нормативтік құжаттарымен (бұйрықтар, клиникалық хаттамалар және т.б.), клинкалық конференциялардағы ПОҚ презентацияларымен таныса алады.

Профессор Дүйсенова А.Қ. клинкалық жұмысы «Денсаулық сақтау үздігі» кеуделік белгісімен (2014 ж.), доцент Оспанбекова Н.К. және доцент Ермуханова Н.Т «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен(2015ж.), профессор Шопаева Г.А.,  доцент Сейдулаева Л.Б., доцент  Садықова А.М. жұмысы ҚР ЖМ және ӘД министірінің сонымен қатар «И.С. Жекенова атындағы ҚКЖА» ШЖҚ ҚКМ алғыс хатымен бағаланаса (2016 ж.), профессор Дүйсенова А.Қ., профессор Дмитровский А.М., доцент Байекеева К.Т., доцент Садықова А.М. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен (2017г.) марапатталды. Ассистент Умешова Л.А. клиникалық жұмысы үшін «Алғыс» қағазын алды.

Клиникалық жұмыстың кешендік жоспары бойынша «И.С. Жекенова атындағы ҚКЖА» ШЖҚ ҚКМ базасында жұқпалы аурулар бойынша жалпы қалалық конференциялар мен семинарлар өткізілуде.

2016 ж. кафедра қызметкерлерінің «И.С. Жекенова атындағы ҚКЖА» ШЖҚ ҚКМ бірлесіп ұйымдастырылуымен И.С. Жекенованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Алматы қаласының жұқпалы аурулар қызметінің жұмыс тәжірибесі және даму перспективалары» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Кафедра қызметкерлері И. С. Жекенованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Алматы қаласының жұқпалы аурулар қызметінің жұмыс тәжірибесі және даму перспективалары» атты қалалық ғылыми˗тәжірибелік конференциясында. (Алматы, 2016 ж.)

2017 жылдың 16 мамыр айында кафедра С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «ЖТД» кафедрасымен және «Диабет мектебімен» бірлесіп Университет күніне арналған «Жалпы тәжірибелік дәрігер мектебі» атты ғылыми˗тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.  Аталған конференция аясында «Аса қауыпты инфекция анықталғандағы шаралар алгоритмі» атты шеберлік класс өткізіліп, биологиялық қорғау костюмдері мен бокстар, авторлық бейнефильм көрсетілді.

Кафедра қызметкерлері  Аса қауыпты инфекция анықталғандағы шаралар алгоритмі» атты шеберлік класста (Алматы, 2017 ж.)

2017 ж. Бүкіләлемдік қысқы 28˗ші Универсияда аясында жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының қызметкерлері Алматы қаласының ДБ бірлесе отырып  2016 жылдың желтоқсанында «Аса қауыпты инфекциямен ауырған науқастарды анықтағандағы әрекеттер алгоритмі» тақырыбындағы  медицина мекемелерінің 281 қызметкерлеріне (емханалардың, ЖШМК, көпсалалы және моносалалы стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің дәрігерлері және орта медицина қызметкерлері) тренингтер өткізді.

2017 жылдың 7 маусымында кафедра профессорлары Дүйснова А.Қ., Дмитровский А.М., Егембердиева Р.А. Астана қаласының Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында «ЭКСПО-2017 г.» дайындық аясында  «Аса қауыпты инфекциямен ауырған науқастарды анықтағандағы әрекеттер алгоритмі» тақырыбындағы тренинг жүргізді.

2017 жылдың қыркүйегінде кафедра профессорлары «Орта Азияның өзекті инфекциялары: біріншілік медика˗санитарлық көмек деңгейіндегі жұқпалы аурулар менеджменті» атты халықаралық ғылыми˗тәжірибелік Астана қаласындағы конференцияда баяндама жасады.

Кафедра қызметкерлері (кафедра меңгерушісі, проф Дуйсенова А.К, доц. Байекеева К.Т., доц. Садыкова А.М) жане И.С. Жекенова атындағы ҚКЖА бас дәрігері Абдрахманова А.К. және бөлімше меңгерушісі Утаганов Б.К. «Орта Азияның өзекті инфекциялары: біріншілік медика˗санитарлық көмек деңгейіндегі жұқпалы аурулар менеджменті» атты халықаралық ғылыми˗тәжірибелік конференцияда. (Астана қаласы, қыркүйек 2017ж.)

 

2017-2018 ж. кафедра қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтауда қолдану үшін 15 акті еңгізді:

1) «Туляремия» емдеу және диагностикалаудың клиникалық хаттамасы.

2) Лямблиозды емдеу және диагностикалаудың клиникалық хаттамасы.

3) «Псевдотуберкулез» емдеу және диагностикалаудың клиникалық хаттамасы.

4) «Энтеровирусты инфекция» емдеу және диагностикалаудың клиникалық хаттамасы.

5) Жұқпалы ауруларды емдеуде қолданылған антибактериалды терапия кезінде туындайтын дисбиотикалық өзгерістерін алдыналу үшін бактистатинді қолдану

6) «Иерсинеоз» емдеу және диагностикалаудың клиникалық хаттамасы.

7) Орташа және ауыр ағымдағы ішектің жедел инфекцияларын кешенді емдеуде бактистатинді (пре˗және пробиотиктердің, энтеросорбенттің 3-компонентті кешенін) қолдану.

8) Жеңіл және орташа ағымдағы ішектің жедел инфекцияларын кешенді емдеуде бактистатинді (пре˗және пробиотиктердің, энтеросорбенттің 3-компонентті кешенін) қолдану.

9) «АИВ инфекциясын стационар деңгейіндегі диагностикалау және емдеу алгоритмі».

10) Энтеровирусты инфекциясының ішектік формасын экспресс диагностикалау (нәжісті иммунохроматографиялық әдіспен тексеру).

11) Энтеровирусты инфекциясын (менингитті) экспресс диагностикалау ликворды иммунохроматографиялық әдіспен тексеру арқылы.

12) Бауырдың цисталық эхинококкозының диагностикалау және емдеу алгоритмі.

13) Бауырдың цисталық эхинококкозының БДМ ультрадыбыстық жіктелуі.

14) Бауырдың цисталық эхинококкозында альбендазолдын монотерапиясын қолдану.

15) Жедел гептаит В фульминантты ағымында тенофовирді қолдану.

2018-2019жылы кафедра қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтауда қолдану үшін 4 актін еңгізді:

  • Амизонды ЖРВИ кешендік емінде қолдану
  • Рекомбинантты интерферон альфа-2b қылышаның кешендік емінде қолдану тиімділігі
  • Сепсисті диагностикалау және емдеу («Сепсис» клиникалық хаттамасы «Сепсис»)
  • Сепсистикалық шокты диагностикалау және емдеу («Сепсис» клиникалық хаттамасы «Сепсис»)

 

Тенофовирді вирусты гепатиттің фульминантты ағамы кезінде қолдану нәтижесінде 75% леталды жағдайларды болдырмауға қол жетті. Осылайша 2016 жылдың наурызында Қорытынды диагнозы: Жедел вирусты гепатит В, ауыр ағымды (HBsAg +, antiHBcoreIgM +, antiHBcoretotal +, HBeAg +, ДНК HBV – оң (ВН- 21304 МЕ/мл). Асқынуы: Баурлық жедел энцефалопатия 3 дәр. (29.03.2016 ж.) ҚШҰ синдромы 3 дәрежесі (29.03.2016 ж.). Бас миының ісінуі (30.03.2016 ж.). Екіжақтық вирусты-бактериалды пневмония. Тыныстың жетіспеушілігі (30.03.2016 г.). ББЖ (БЖЖ) пререналды формасы, 1 дәр. RIPLE бойынша. (06.04.2016 ж.). Қосымша: 19-20 аптасындағы толық кеш өздігінен түсік (31.03.2016 ж.). Жатыр қуысын қырып тазалау отасы (04.04.2016 ж.). Трахеостомия (05.04.2016 г.). Темір тапшылықты анемия 2 дәр. Туберкулезден кейінгі жағдайдың аздаған қалдық өзгерістері болған 1980 жылғы ана өлімін болдыртпадық.

2018 қантар айында дер кезінде диагноз қою, дұрыс ем тактикасын таңдау және туысының бауырын трансплантациялау нәтижесінде (Н. Сызғанов атындағы ХҒО˗та проф. Баймаханов Б.Б. жетекшілігімен)  Токсикалық жедел фульминантты ағамдағы гепатиті бар 21 жастағы қыздың өмірі сақталып қалды.

Клиниаклық жағдайлар «Almaty Hepatology-2018» халықаралық конференциясында баяндалып, «Медицина» журналында басылып шығарылды.

Кафедра қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау дәрігерлерімен бірлесе отырып мақалалар шығаруда.

Кафедра қызметкерлері медийиналық мекемелерге арналған дәрістерді телемедицина бойынша Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында оқиды. «Бруцеллез- қиын диагноз», «Грипп жыне басқа да ЖРВИ. Диагностикалаудың және емінің заманауи тактикасы» (кафедра меңгерушісі. проф. Дүйсенова А.Қ), «Кенелік энцефалит. Диагностикасы, емі, алдын алуы» (проф. Егембердиева Р.А.). тақырыптарында дәрістер оқылды.

Кафедра қызметкерлері республика деңгейінде ауыр және диагнозтика тарапынан ауыр жағдайларғы телемедицина арқылы көмек көрсетеді (кафедра меңгерушісі, профДүйсенова А.қ., проф. Егембердиева Р.А., доц. Сейдулаева Л.Б.) (Қостанай, Атырау, Тараз қалалары).

Кафедра қызметкерлері санавиация арқылы да кеңестік көмек көрсетеді (Атырау қаласы, 24.10.2016 ж., 2.1.2016 ж. – кафедра меңгерушісі. проф. Дүйсенова А.Қ., Ақтау қаласы– проф. Құрманова К.Б., Атырау, Қызылорда қалалары – проф. Егембердиева Р.А.). Кафедра меңгерушісі , проф. Дүйсенова А.Қ. жүкті әйелдердің өмірін сақтап қалғаны үшін «Мамакндық бойынша жетістіктері үшін, сіңірген еңбегі үшін, Қазақстан медицинасына берілген сүйіспеншілігі үшін» ҚР Ұлттық Палактасының медалімен марапатталды.

Кафедра меңгерушісі, проф. Дүйсенова А.Қ. «Мамандық бойынша жетістіктері үшін, сіңірген еңбегі үшін, Қазақстан медицинасына берілген сүйіспеншілігі үшін» ҚР Ұлттық Палатасының медалімен марапатталуы

 

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ПОҚ-ы BMJ (Британия медициналық журналы) ресурстарына қол жеткізді. Жобаның аталуы: BMJ Best practice – клиникалық шешімдерді қолдау бойынша оқулық бастамасы.

Ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР-ң денсаулық сақтау министрі және BMJ компаниясының басшылығы қол қойған. BMJ – дәлелдеу медицина негізінде алынған, үнемі жаңартылып тұратын медициналық білімдердің ғаламдық жеткізуші, сонымен қатар, бүкіл әлемнің дәрігерлерінің клиникалық шешімдерді қабылдауын демейтін  ең жақсы құралдардың бірі.

Кафедра ПО-ы клиникалық жұмысын Қазақстандық диагностика мен емдеу Клиникалық хаттамаларына және заманауи халықаралық ұсыныстарға сай жүргізеді, «Ашық есік күндерін» өткізу барысында Алматы қаласының, обылысының, Республикамыздың диагностика және емдеу тұрғыларынан ең күрделі науқастарына кеңес береді.