Кафедра тарихы

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ акушерства және гинекология кафедрасы 1934ж қазан айында құрылған үлкен кафедралардың бірі, кафедра қызметкерлері кафедраның 80 жылдық мерейтойын атап өтеді.  Кафедра тарихы  Қазақстандағы акушерства ғылымының даму тарихымен, ғылыми-педогогикалық кадрлар дайындауымен байланысты. Басқа да медициналық жоғары оқу орындары ашылмас бұрын сондай-ақ, акушерства және гинекология бойынша Ғылыми зерттеу институттары (1975ж) одан әрі ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы  Республикалық гылыми-зерттеу институты статусын иеленді (1990ж), алғаш рет акушерства және гинекология кафедрасы Қазақстандағы ғылыми педагогикалық дайындығы және дәрігерлік кадрлары бар медициналық жоғары оқу орындарында пайда болды.

Кафедраның негізін қалаған профессор Александр Иванович Малинин, ол 17 жыл (1934-1951 жж) кафедра меңгерушісі болды. Кафедраның клиникалық базасы бұл кезде қалалық аурухананың екі ескі корпусына ауыстырылды, әрқайсысы 40 төсек орнымен жабдықталған  біреуі акушерствада, екіншісі гинекологиялық клиникада орналасты. А.И. Малинин кафедраның үлкен кешенді педагогикалық кадрын клиникалық база негізінде жасады. Кафеданың ашылу сәтінде штат профессордан және екі ассистенттен тұрды, 1951 ж кафедра меңгерушісінен басқа екі доцент жұмыс жасады ( (Татьяна Александровна Корякина, КамилаДосовнаУтегенова) және 7 ассистент. Әрқайсысының жасаған еңбегін ерекше атап өтуге болады. Т.А. Корякина – Қазақ Ұлттық университетінің түлегі, Қазақстанға жұмыс бөлу арқылы келді,  9 жыл бойы Қарқаралыда, Оралда   акушер-гинеколог болып қызмет атқарды.  1937 жылдан бастап, Т.А. Корякина – кафедра қызметкері, бастапқыда – ассистент, кейін – доцент. К.Д.Утегенова – Қазақ Ұлттық университетінің түлегі, профессор А.И. Малининнің оқушысы. Кафедрада бірнеше жыл жұмыс жасаған: Мария Андреевна Бульина, Вера Петровна Терентьева, Лидия Анатольевна Яхонтова, Николай Александрович Шилко, Лидия Ивановна Карынбаева. Кафедра қызметкерлері және профессор А.И.Малинин Республикадағы акушерлік және гинекологиялық көмек мәселелері, қан құю, ауруханадан тыс аборт, босанғаннан кейінгі септикалық аурулар жөнінде  Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.Профессора А.И. Малининнің жетекшілігімен 9 кандидаттық диссертация қорғалды, оның ішінде К.Д.Утегенова« Аналық безінің біріншілік қатерлі ісігінің клиникалық және гистологиялық аспектісі» тақырыбында және Х.Е.Мурзалиева  «Іш сүзегі кезіндегі жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезең»

 А.И. Малинин Респуликалық  акушерства-гинекология қоғамын ұйымдастырды, 1934-1951жж басшылық етті. Ғылыми педагогикалық кадр даярлауда Қазақстан Республикасында еңбегі үшін  Ғылыми-педагогикалық және организаторлық еңбегі үшін 1944-1946жж КСРО Президумында Жарлық шықты.  А.И.Малинин «Құрмет» және  «Еңбектің қызыл нышаны» орденімен марапатталды. 1951 жылы А.И. Малинин акушерства және гинекология кафедрасына  кафедра меңгерушісі болуға конкурсқа барды. Ярослав медициналық  институты және   Қазақстаннан жыраққа кетті.

1951-1958 жж. Кафедра меңгерушісі болыпЛенинградтан көшіп келген  профессор Яков Савельевич Кленицкий болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кленицкий Әскери-Теңіз Флоты ауруханасында хирургиялық бөлімді басқарды.  Соғыс аяқталған соң Бірінші Ленинград медициналық институтында акушерства және гинекология кафедрасының қызметкері болды, Кондидаттық және докторлық диссертация қорғап, профессор атағын иеленді. Кейін Отта атындағы Ғылыми-зерттеу институтының акушерства және гинекология бөлімін басқарды. 7 жыл ішінде Қазақ мемлекеттік медициналық  институтында кафедра меңгерушісі болып, жоғары мамандандырылған  ғылыми-педагогикалық кадр даярлауда үлкен қызмет атқарды. Ғылыми зерттеу жұмысының басты бағыты әйелдерге емдік және профилактикалық көмек, отарда мал бағатын жағдайда, босану кезіндегі асқынуларды диагностикалау және емдеуді оптимизациялау,  бедеулік. Тәжірибе барысында қатерлі ісіктің пайда болуында жүйке жүйесінің рөлін айқындады. Я.С.Клеництің жетекшілігімен 2 докторлық және 13 кандидаттық диссертация қорғалды. Оқушылары – Мария Андреевна Бульина, Сакен Нугманович Нугманов, Раиса Садыковна Аманжолова, Юрий Вениаминович Дрейзин, Надежда Никитична Мезинова – кандидаттық және докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шықты, әрі қарай кафедра меңгерушісі 1960 жылы ашылған Қазақ ғылыми-зерттеу институтының онкология және радиология бөлімінің директоры С.Н. Нугманов  болды.

1958 – 1978 жылы кафедра меңгерушісі А.И.Малинин шәкірті профессор К.Д. Утегенова болды. Камила Досовна Утегенова Қазақ мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін аудандада жұмыс жасады, кейін клиникалық ординарды тәмамдады. Ол клиникалық ординатордан бастап, ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болды. К.Д. Утегенованың докторлық диссертациясы жаңа бағытқа- ана организмі мен құрсақтағы бала организмінің өзара байланысы жөнінде болды,  жұмыс Ленинградтағы клиника лабораториясында орындалды. К.Д. Утегенова 1952-1958 жылы акушерства және гинекология кафедрасында педиатриялық, санитарлық гигиеналық факультетінің кафедра меңгерушісі болды, кейін 20 жыл ішінде Алматы медициналық институтының емдеу факультетін басқарды. Ол өзін талантты ұйымдастырушы, педагог, жоғары мамандандырылған акушер-гинеколог ретінде санады. Оның жетекшілігімен 26 кандидаттық диссертация қорғалды. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмысының басты тақырбы ана және перинатальді өлімді азайтуға бағатталды. К.Д. Утегенованың шәкірттерінің ішінде Нина Амировна Каюпова республика көлемінде танымал, ол аспиранттан кафедра доценті, профессор, ана мен бала денсаулығын қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының диекторы болды.  Н.А.Каюпова  «Парасат» орденімен марапатталып,Халық депутаты мен Сенаторы болды

 1978-1993жж. Кафедра меңгерушісі болыпАлматы медициналық институтының түлегі, Я.С. Клениц шәкірті профессор Н.Н. Мезинова болды.   Н.Н. Мезинованың еңбек және ғылым жолы акушерства және гинекология кафедрасында аспирант, ассистент болып, кейін Республикалық Ғылыми-зерттеу институтында эндокринология бөлімін басқарды.   Н.Н. Мезинова адокторлық диссертациясын қорғағаннан кейін профессор атағын алып,  акушерства және гинекология кафедрасының меңгерушісі конкурсына қатысып, 1993жылға дейін басқарды.  Кейін 20 жыл бойы кафедра меңгерушісі болды. затем в течение. Основные научные направления Профессор Н.Н. Мезинованың басты ғылыми бағыты студенттер сұрауы бойынша, сүт безі және жатыр ісігінің емі мен алдын алуы мәселелері болды. Ғылыми зерттеу жұмысының үлкен бөлігі жүктіліктің қауіпті топтарындағы перинатальді және ана өлі болды. Оның жетекшілігімен 3 докторлық және 22 кандидаттық диссертация қорғалды.  Шәкірттері Г.К.Омарова, Н.Н.Кобзарь қазіргі таңда кафедра меңгерушісі болып жасайды. , В.Н.Локшин – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Репродуктивті медицинаның Қазақстандағы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Репродуктивті медицины ғылым институтының директоры .

1993-1998 жж. Кафедраны Қарағанды медицина институтының түлегі профессор АдебиетТемиргалиевнаРаисова басқарды. Кандидаттық және докторлық   диссертациясын ана мен бала денсаулыған қорғау Ғылыми-зерттеу орталығы қорғады.  Профессор А.Т. Раисовованың ғылыми зерттеу жұмысының  бағыты гинекологиялық аурулар ішінде гормондар бұзылысы болды.

1998-2008жж. Кафедра меңгерушісі Ақтөбе медицина институтының түлегі, медицина ғылымының докторы, профессор АйгеримМжаверовнаДощанова болды.Осы оқу жылдары оқу процесіне жаңа технологиялар, бағдарламалар, студенттің өз бетімен жұмыс жасауына қолайлы технологиялар енгізілді. Кафедра қызметкерлрі  акушерства және гинекология, гинекологиялық энокринология бойынша жеңілдетілген тес тапсырмаларын дайындады

Кафедраның ғылыми бағыты-генитальді эндометриоз, кесар тілігінен кейінгі емдік және диагностикалық әдістерді оңтайландыру. Профессор А.М. Дощанованың жетекшілігімен  Алматы қаласында  40 диссертациялық жұмыс, 3 медицина ғылымының докторы дәрежесі қорғалды. Қазіргі таңда  профессор А.М. Дощанова возглавляет одну из Астана қаласындағы акушерства және гинекология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасайды.

2008 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы   Лира Каббасовна Калиева қызмет жасап келеді.

1997 жылы акушерства және гинекология кафедрасы емдік педиатриялық кафедрамен қосылды.  1997-2006 жылы49 оқытушыдан тұратын 1 кафедра болды.Оқу процесі емдеу, педиатриялық, санитарлы-гигиеналық және стоматологиялық факультеттеріне жүргізілді. Кафедрада акушерства және гинекология бойынша 4,5,6 курс студенттеріне, дәрігер-интерн, ординатор, аспиранттар үшін дайындық жүргізілді.  Кафедра базасы қаладағы 3 перзентханадан, жедел  медициналық көмек көрсететін аурухананың гинекологиялық бөлімінен, 12 қалалық клиникалық ауруханадан, 2 әйелдер кеңеснен тұрады.

Оқу процесінен басқа кафедра  қызметкерлері ғылыми кадрлар даярлаумен сонымен қатар емдеу жұмыстарымен Республикамыздың Оңтүстік облыстарына: Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстарына көмек көрсетеді.

2006 жылы акушұерства және гинекология кафедрасы  №1 және №2 болып қайта құрылды.

Қазіргі таңда кафедраның басты ғылыми бағыты- әйелдердің репродуктивті денсаулығын және концепциялық профилактиканы сақтау.

Оқу процесінде студенттерге теориялық және практикалық дисциплинада  студенттің өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік беру үшін жаңа оқу технологиялары қолданылады. Кафедра қызметкерлері денсаулық сақтауда консультациялық, емдік-диагностикалық, ғылыми әдістемелік көмек көрсетеді.  Акушерства және гинекология, перинатологияда ондағы өзекті мәселелері жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер,  өткізіледі.

Қазіргі таңда акушериялық клиникада көрсетілген емдің тиімділігін арттыру үшін жаңа техникалық база іске қосылуда. Сонымен қатар инновациялық перинатальды технологиялар енгзілуде. Сондай-ақ, босанудан кейінгі қан кетулерде хирургиялық гемостаз қолданылады.

Кафедра қызметкерлері жатыр миомасымен, эндометриоз, жыныс мүшелерінің кеселі кезінде, стрессті инконтиненция кезінде мамандандырылған гинекологиялық көмек көрсетеді. Бедеулік кезінде жатыр түтігіне реконструктивті-пластикалық операция жасалады. Осы операциядан кейін әйелдердің 23% репродуктивті қызметі қалпына келеді.

Кафедра қызметкерлері 1 докторлық және 5 кандидаттық диссертация қорғады, ҚР және  шет ел журналдарына100 аса мақала жарияланды,  2 авторлық куәлік, 10 патент, 10 жергілікті ұсыныс жасалынды.

Қазіргі таңда кафедрада 2 профессор, 5 доцент, 31 ассистент, 3 аға лаборант.

Акушерства және  гинекология №2 кафедрасының меңгерушісі  Алматы медициналық институтының түлегі, медицина ғылымдарының докторы Л.К.Калиева ғылыми-педагогикалық еңбек стажы 31 жыл, дәрігерлік стажы- 38 жыл.Л.К.Калиеваның докторлық диссертациясы генитальды туберкулезге арналған диагностика, консервативті және хирургиялық емдеуге бағытталған.

Кафедрада 3 ғылым докторы, 8 доцент және 10 ассистент жұмыс жасайды.

Акушерства және гинекология №2 кафедрасының ғылыми бағытысыртқы жыныс мүшелерінің эндометрозын емдеу және ауыр босанған әйелдердің денсаулығын қалпына келтіруге ағытталған.  Кафедра қызметкерлері аз инвазвті хирургиялық емдеу әдісін белсенді түрде  гинекология тәжрибесіне енгізді. Кафедраның профессорлы-оқытушылар құрамы 500 аса ғылыми мақала, 5 монография, 2 акушерства гинекология бойынша мемлекеттік тілде 2 оқулық, 10 оқу пособиясы жарияланды.

Кафедрада Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері, жалпы практикалық дәрігер –интерн және акушерства және гинекология мамандығы  бойынша резиденттер білім алады. Кафедра қызметкерлері заманауи оқыту әдістерін, атап айтқанда: TBL, SBL, Socrative» бағдарламасы, ал практикалық дағдылар ҚазҰМУ Практикалық дағдылар орталығында жүргізіледі.

Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер ғылыми жұмыстармен айналысады.  Нәтижелері Қазақстан,Ресей Беларурсия медициналық институттарының журналдарына жарияланады. Соңғы жылдары республикалық және университет деңгейінде өткізілген конкурста студент баяндамалары біріннші орынға ие болды. 2014 жылы Новосиберск қаласында өткен олимпиадада інің 5 курс студенті бірінші орын алып,  Гранд-приз иемденді.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің  акушерства және гинекология кафедрасы университет талабына сәйкес  науқастарды әлемдік стандарт бойынша емдеуде, инновациялық технологияларды қолдана отырып, білікті және жауапкершілігі мол мамандар даярлауда.