Тәрбиелік жұмыс

Бұл іс-шара патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген және оқытушылар мен студенттер жағынан өте жоғары қызығушылығын тудырды.
Айта кету керек, тәрбие жұмысы тек кураторлық топтармен жұмыс істеумен шектелмейді, сонымен қатар практикалық сабақтар кезінде барлық студенттермен бірге жүргізіледі.
Университет деңгейіндегі іс-шараларға қатысқаны үшін кураторлар Г.Т. Танеева, К. Е. Жүзжан тәрбие бөлімінен алғыс хат алды. Сонымен қатар, жыл сайынғы “мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын” атты студенттік жұмыстар байқауында жетекшілік ететін топтардың студенттері (кураторы Шайхымбекова Р.М.) 2-ші орынға ие болды.

2021 жылдың 29 қазанында молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы студенттер арасында «Менің гүлденген ауылым» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Кураторлық топтардың студенттері университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, іс-шаралар ұйымдастырады, әртүрлі студенттік ұйымдардың мүшелері болып табылады, шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады.

Университет деңгейіндегі іс-шараларға қатысқаны үшін кураторлар Танеева Г.Т., Қыдырбаева А.К. университетінің алғыс хаттарына ие болды.

Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Сондықтан осы мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ», – деді Мемлекет басшысы. Осы ұлттық мерекемізді насихаттау мақсатында  2022 жылдың 25 қазан  күні «Жалпы медицина» мамандығының 22-001, 22-010 және 22-011 топ студенттерімен кураторлар: И.К. Нурпеисова, Г.Т. Тәсібекова, Ж.У. Кенжебаева   ұлттық мерекеге орай видео-флэшмоб дайындады. Видео-флэшмобқа кураторлық топттардан студенттер қатысты. Видео мазмұны бойынша, студенттер патриоттық бағыттағы өлең шумақтарын оқып, осы күннің маңыздылығын жеткізе алды. Сонымен қатар, университеттің қызметкерлері мен білім алушыларына құттықтаулар жолдады.

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 31 жыл толды. Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.

Осы ұлттық мерекемізді насихаттау мақсатында   2022 жылдың 14 желтоқсан  күні «Жалпы медицина» мектебінің  22-001, 22-010 және 22-011 топ студенттері мен кураторларының: И.К. Нурпеисова, Г.Т. Тәсібекова, Ж.У. Кенжебаева ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында қабырға газеті байқауымен патриоттық әндер кеші өткізілді.   Қабырға газеті байқауына 20 топ қатысты және оған молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары мен ШОМ-1 деканаттың тәрбие ісі бойынша өкілі Ақнұр Қуатбекқызымен бірге жүлделі орындар анықталды. Нәтижесінде 3 орын иегерлері ЖМ22-001, 2 орын иегерлері ОМ22-058 және 1 орынды иеленген ЖМ22-002 топ болып бекітілді. Жүлделі орын алған топтарға диплом және сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар орын алмаған топтарға байқауға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.