Тәрбие жұмысы

18 наурыз Ұлттық киім күні

Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болуына микробиология, вирусология кафедрасы өз үлесін қосуда. Аса құрметті дәрігер-ұлағатты ұстаздар білім берумен қатар, ұлттық мінез бен ұлт бірлігін айшықтайтын, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігін қара шаңырақта жаңғыртты.


2024 жылдың 05 ақпан күні микробиология, вирусология кафедрасында «Рухани жаңғыру» құндылықтарын тәрбиелеу» атты тәрбие сағаты 2 курс ЖМ22-003, ЖМ-001 топ студенттері  арасында  өткізілді. Қатыскандар саны 24 студент.

Бұл іс-шараға кафедраның доценттер Бегадилова Т.С., Таурбаева Н.Т. лектор Хадилла З.М., Угышева Ш.Е. – лектор, ЖМ-001, ЖМ-003 топ эдвайзері  және тәрбие жұмысына жауапты Нургазина Г.С. қатысты.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – патриотизм, адамгершілік профилактикасы секілді ұғымдармен байланысты жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру үдерісі қаралған.


2024 жылдың 05 ақпан күні микробиология, вирусология кафедрасында  «Рухани Жаңғыру» атты тәрбие сағаты 2 курс ЖМ22-002 топ студенттері  арасында өткізілді. Катыскандар саны 12 студент.

Бұл іс-шараға кафедраның доцент Таурбаева Н.Т., Угышева Ш.Е. – лектор, ЖМ-001, ЖМ-003 топ эдвайзері  және тәрбие жұмысына жауапты Нургазина Г.С., ассистенттер Асқар Г.Х. және Буняева Д.В. қатысты.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Студенттердің бойында ұлттық сана сезімді ояту, туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.


2024 жылдың 29 қаңтар күні микробиология, вирусология кафедрасында «Адалдық сағаты» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты 2 курс ЖМ22-009 топ студенттері  арасында  дөңгелек  үстел өткізілді. Қатысқандар саны 12 студент.

Бұл іс-шараға кафедраның лектор, ЖМ22-009 топ эдвайзері Рысалова Б.Б., кафедра доцентә Юсупов Р.Р., лектор Искакова У.Б. және тәрбие жұмысына жауапты Нургазина Г.С. қатысты. Білім беру процесіндегі білім алушылар мен оқытушылардың жеке адалдығы мен оқуға деген жауапкершілігін дамытатын құндылықтар мен академиялық адалдықты сақтау және Университеттің Академиялық адалдық лигасының қағидалары туралы сөз қозғалды.


2023 жылдың 14 желтоқсан күні микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері, ЖМ22-013 тобының эдвайзері, лектор Искакова У.Б. және ассистент Нургазина Г.С.  224 оқу «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» тәрбие сағаты өткізілді. Жалпы саны 12 студент қатысты.


2023 жылдың 14 қазанында жылы микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері, ЖМ22-005, ЖМ22-006 топтарының эдвайзері, лектор Бейсегулова Г.Н. және доцент Таурбаева Н.Т, кафедрада тәрбие жұмысына жауапты, ассистент Нургазина Г.С.  201 оқу бөлмесінде эдвайзерлік топтарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтық «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты қазақстан Халқына Жолдауын талқылады. Өздерінің баяндамаларымен ЖМ22-005 тобының студенттері белсенді ат салысты, ЖМ22-006 тыңдаушылар ретінде қатысты. Жалпы саны 22 студент қатысты.

2023 жылдың 11 қарашасында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері ЖМ22-007, ЖМ22-008 топтарының эдвайзері, ассистент  Рысалова Б.Б. және доцент Бегадилова Т.С., кафедрада тәрбие жұмысына жауапты, ассистент Нургазина Г.С. 2 курс студенттерімен «Жастардың құқықтық мәдениетін жетілдіру – өзекті мәселе» тақырыбында іс-шарта өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, жастардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

2023 жылдың 04 желтоқсанында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері, ЖМ22-011, ЖМ22-012 топтарының эдвайзері, доцент Игисенова А.И. және доцент Таурбаева Н.Т, кафедрада тәрбие жұмысына жауапты, ассистент Нургазина Г.С. 273 оқу бөлмесінде ЖМ22-011 және ЖМ22-012 эдвайзерлік топтары арасында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты ашық сабақ өтті.

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында ҚазҰМУ-нің жоспарының келісімімен тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Кафедра қызметкерлері «Жалпы медицина» факультетінің тәлімгерлері болып, ал 2011ж бастап «Медициналық-профилактикалық» факультетінің 2-курс студенттерімен тьюторлық жұмыс атқарды.

Кафедрада АИВ-инфекциясы бойынша 29 студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция, туберкулез бойынша- 16, биотерроризм бойынша – 15 ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді.Алматы қаласының мектептер, гимназиялар, лицейлер, орта және жоғары оқу орындарында 50-мыңнан астам оқушылар мен студенттерге сауалнама жүргізіліп, АИВ-инфекциясының алдын-алу бойынша 10000-дай дәріс оқытылды.

Каферада жыл бойы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Жемқорлыққа қарсы саясатына» сәйкес іс-шаралар жүргізілді. Оқулық топтарда студенттер арасында «Жемқорлық пен сыбайластықпен күресу жолдары»  атты сауалнамалар, дөңгелек үстелдер жүргізілді, «Біз парасыз білімді қалаймыз» атты стенд жасалды.

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің деканатымен бірлесіп Ұлы Отан соғысының 70- жылдығына арналған «28-гвардеец- панфиловшыларға факультет деңгейінде  Мәңгілік  Даңқ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кафедрада Ұлы Отан соғысының ардагері, м.ғ.д. профессор Қ.А.Макировтың  105-жыл толуына байланысты дөңгелек үстел өткізілді.

Студенттік топтарда Қ.Р.Президенті Н.А.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»,Бес-институционалдық реформалары, «100 нақты қадам»,  сонымен қатар «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы-Жаппай         еңбекке 20 қадам» баяндамасын талқылауға арналған тьюторлық сағаттар жүргізілді.

Оқулық топтарда «Саламатты-Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған дөңгелек үстелдер өткізілді.

Оқулық топтарда әрқашанда религиозды және терроризм, нашақорлық, темекі шегу, алкоголизмнің алдын-алу шаралары жүргізілді.

Оқулық топтарда Қ.Р-ның Конституциясының 20-жылдығына, Қазақстан халқының Ассамблеясының 20-жылдығына, Қазақ хандығының 550-жылдығына, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 85-жылдығына арналған дөңгелек үстелдер өткізілді.

Кафедраның тәлімгерлері мен тьюторлары студенттермен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің мұражайына, Қ.Р Орталық Мемлекеттік мұражайына, А.Қастеев атындағы мұражайына барды. Тәлімгерлік топтар мен тьюторлық топтардың студенттері кафедраның ПОҚ-мен бірге Абай атындағы опера және балет театрына, М.О.Ауезов атындағы Қазақ драма театрына, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына барды.

 

Кафедерада университеттің тәрбие жұмысы бойынша жоспары бар, сол жоспар негізінде кафедраның тәрбие жоспары жасалынады. Сол жоспарға сәйкес кафедрада тәрбие жұмыстары іске асырылады.

Микробиология кафедрасының қызметкерлері, вирусология кафедрасының доценті Маматова А.С., ассистенттері Асылханов Д.У және Қанағат А.А. студенттермен бірге Алматы мұражайларына және университет мұражайына барды.

2022 жылдың 5 қыркүйегінде микробиология, вирусология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттермен Елбасы Жолдауы бойынша «Елбасы Жолдауы: Әділ мемлекет. Бір халық».

2022 жылдың 4 қазанында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері, доцент Маматова А.С., ассистенттер Д.У.Асылханов және А.А.Қанағат 1 курс студенттерін университет тарихымен және университеттің дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті тұлғалармен таныстырды.

2023 жылдың 10 қазанында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері, доценттер Бегадилова Т.С., Колоскова Е.А. және ассистент Боранбаева Г.С 1 курс студенттерімен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

2022 жылдың 13 қазанында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері доцент Юсупов Р.Р., лектор Игисенова А.И. студенттермен бірге Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қазақ даласының қайсар қызы – Мәншүк Мәметова» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

2022 жылдың 14 қазанында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері Т.С.Бегадилова, профессор Мустафина К.К., доценттер Колоскова Е.А., Юсупов Р.Р. және ассистент Д.В.Буняева 1 курс студенттерімен «Үш тіл – заманауи сұраныс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

2022 жылдың 28 қазанында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері, лекторлар Искакова Ұ.Б., Бейсегулова Г.Н және Қанағат А.А 1 курс студенттерімен Қазақстан Республикасының Президентінің сайлау ережелерімен таныстыру іс-шарасына байланысты тәрбие сағаттарын өткізді.

2022 жылдың 08 желтоқсанында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері профессор Мустафина К.К., доцент Таурбаева Н.Т. және лектор Игисенова А.И 1 және 3 курс студенттерімен бірге халқымыздың аяулы перзенті, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізді.

2022 жылдың 09 желтоқсанында микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері лектор Г.Н.Бейсегулова, ассистенттер Қанағат А.А., Буняева Д.В. және Рысалова Б.Б 1 курс студенттерімен «Ғасырлық тарихтың куәгері – қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

2023 жылдың 22 сәуірінде ректораттағы «Мәңгілік ел» алаңында Халықаралық студенттік олимпиада қонақтарымен бірге микробиология және вирусология кафедрасының қызметкерлері, доцент Маматова А.С., лекторлар Игисенова А.И., Хандилла З.М. және ассистент Боранбаева Г.А. Әбу Әли ибн Сино атындағы институттың Бұхара мемлекеттік медицина университетінен келген халықаралық студенттер олимпиадасының қонақтары Назаров С.Е және Олимова Н.И және халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанған студенттермен бірге университеттің Наурыз мерекесіне қатысты.