Тәрбие жұмысы

C.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің студенттері арасында ғылыми-зерттеу конференциясына студенттердің ғылыми баяндамаларымен  белсенді қатысу.

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу, студенттерімен әңгімелесу және «ҚазҰМУ мен жемқорлық сәйкес келмейді», «Сыбайлас жемқорлық жоқ» атты кураторлық сағаттар өткізу.

«Темекі, нашақорлық және алкоголизмнің қауіп-қатері» тақырыбында 5 курс студенттері мен интерндер арасында әңгімелесу өткізу.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнін мерекелеуге арналған 6 курс  студенттерінің арасында дөңгелек үстел өткізу.

Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық топтардың арасында тәрбие сағаттарын өткізу

Студенттер арасында мерекелік шараларды ұйымдастыру: Жаңа жыл, Наурыз,  Жеңіс күні, т.б.

Кураторлық топтармен Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің муражайына саяхат жасауды ұйымдастыру.