Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға…

Безымянный

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар?! Мен сіздерге университетімізге еңбегі сінген,елімізге белгілі профессор Аман Жамельұлы Нұрмақов жайлы сөз еткім келіп тұр.

Хирургиялық аурулар сабағын №4 Қалалық ауруханада профессор Нұрмақовтың қолында сабақ өттік.Алғаш күні профессор ағайды көргенде салмақты жүзінен қорыққанымызда, жүрегі мен сөзінен тараған жылу шуақтарықорқынышымызды сейілте түсірді. Бірінші күннен бізді жанына жақын тартып уақытымызды босқа өткізбеуімізді айтты «бір күнің кітап ұстамай өтпесін»,-деген сөздері әлі есімде.

Ол кісімен сабақ өткенде, сабақты тереңінен талдап, әр айтқан сөзімізге «неге?»,-деген сұрақ қойып, сөзіміздің мән-мағынасын түсіндіріп айтатын.Бірде, өзінің өмірінен өткен бір қызықты жағдайды айтып берді. «Алдымда емтихан тапсырып отырған студентке “5” деген балл қойып жатқанымда, осы өзінің айтқан сөзінің мағынасын біледі ма деп, иридоскопия дегеніміз не?- деп, сұрақ қойдым. Студент біраз уақыт ойланып, білмеймін, деп жауап берді. Білмесең мұғаліміңнен кезінде неге сұрап алмадың, дегенімде, тобымдағы студенттерден ұялдым. Ұялу деген ол кезде емес, ертең жұмыс істеп білмей тұрсаң, ұялудың көкесі сонда болмақ».

Міне, осындай ұстаздарымыз көп болса екен. Өзінің бойындағы бар білімін өз баласына бергендей, шын ықыласымен айтып үйрететін. Он күндік сабақтың қалай тез өткенін де білмей қалдық.

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Осындай профессор ұстаздарымыз елімізде көп болса, өнегелі ұрпақтың болашағы жарқын болмақ!

                                                                                                                                      Шораев М.    ЖМ факультетінің    IV курс студенті.