‘’Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу’’

15.04.2013 жылы Мәншүк  Мамаетова атындағы 1-аудиторияда , Жалпы медицина  факультеті 2-курс студенттерінің  ұйымдастыруымен  ‘’Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу’’ күніне орай   дебат ойыны болып өтті. Пікірталасты тамашалаған студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ашық білдіре отырып, тамаша көңіл-күймен тарқасты. Кешті ұйымдастырып студенттердің басын қосып,жұмылдыра білген 2-курс декан орынбасары Абдықалықова Айнур Имашқызы мен Тусупбекова Сандугаш Қайратқызына алғысымыз шексіз.Сонымен қатар  ойынға төрешілік еткен 3 курс студенті   Оспан және Данияр, 2 курс студенті  Айнурдың енбегі зор. Пікірталас Үкіметтің пайдасына шешіліп 1-ші дәрежелі дипломмен  Каналбаева Мәдемі, Құлахмет Рабия марапатталса,Оппазиция тарапы 2-дәрежелі дипломмен  Кәрімбердиева Балжан, Сейдлазым Меруерт марапатталды.

 

Жалпы медицина факультеті 2 курс студенті Кәрімбердиева Балжан