ҚММУ, АМУ, М.Оспанов атындағы БҚММУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттерімен кездесу өтті

Бугін, яғни 15.06.15 жылы университеттің кіші конференция залында оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректоры Төлебаев Қазыбек  Ағабылұлы және жалпы медицина факультетінің деканы Джумашева Рахима Тәжібайқызының қатысуымен ҚММУ, АМУ, М.Оспанов атындағы БҚММУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген   жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуде студенттердің жыл бойы университет және факультет деңгейінде  іс-шараларға белсене қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Өз кезегінде студенттер тарапынан, университетіміздің жылы қарсы алуына рахмет айтқан студенттер, білім саласында шынымен де ҚазҰМУ-дың жүйрік екенін атап өтті. Кейбір студенттердің көкейлерінде:«Осы университеттің студенті аталып кетсек қой»,- деген армандары мен академиялық ұтқырлықтың арқасында жаңа достар тапқандығын естідік.

Кездесу жоғары дәрежеде өтті, естелік суреттер тусіріліп, университет музейімен таныстырылды.  Қонақтарға мың алғыс! Біздің Alma mater-де Сіздер үшін әрдайым есік  ашық.