«Қарттар күні»

Қазанның  «17»-і  күні  ҚазҰМУ-нің «Қарттар күні» айлығы арасында №1 жатақхана студенттері көңілді кеш  ұйымдастырды.Бұл өткізілген шараға студенттер белсенділікпен, қызығушылықпен атсалысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.Аронова Арайлым мен Әптөре Асмарал домбырада шеберліктерін көрсетсе,Жумагулова Фаузия қобызда өнерін паш етті.Үметай Салтанат жанды дауыспен ән айтып елді аузына қаратса,Өтеулиева Гүлден өз шығармашылығымен таң калдырды.Кешті Нұрмаханбетұлы Нұрғали мен Өмірбекова Жәния жүргізді.

Кеш қонақтары Мұстафина Жанар Ғабиденқызы мен Айғожина Күләш Асылханқызы өздерінің қызықты әңгімелерімен бөлісті.Кеште айтылған әңгімелер жанымызды жадыратып,медицинаға деген құштарлығымызды ашты.Ата-баба өмірі – бізге өнеге.Алдыңғы буын ағаларға қарап өсу – парыз.

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз,тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.Ел басына күн туған,қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу,жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

№1 жатақхана тұрғыны

Өтеулиева Гүлден Бисенбайқызы