Қалыпты физиология модулі оқытушыларының тәрбие жұмысы бойынша «Жалпы медицина» факультеті ІІІ курс 12-001-01 тобы студенттерімен «Жанұя» арнайыландырылған кешеннің жетім балаларына арнап «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты шарасын өткізгендігі туралы есебі

Қалыпты физиология модулі оқытушыларының тәрбие жұмысы бойынша
«Жалпы медицина» факультеті ІІІ курс 12-001-01 тобы студенттерімен
«Жанұя» арнайыландырылған кешеннің жетім балаларына арнап
«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты шарасын өткізгендігі туралы есебі

 

 

2014 жылдың 7 қарашасында «Жалпы медицина» факультеті ІІІ курс 12-001-01 тобы студенттері қалыпты физиология модулі оқытушыларының жетекшілігімен «Жанұя» арнайыландырылған кешеннің жетім балаларына арнап «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты шара ұйымдастырып, өткізді. Оған «Жалпы медицина» факультетінің деканы Р.Т.Джумашева шақырылды. Студенттер мен қалыпты физиология модулі оқытушылары келесі тақырыптарда дәрістер оқыды: «Салауатты өмір салты», «Темекі шегесіз бе? Бекер!», «Есірткі заттардың бала организміне зияны», «Абайла, алкоголь!». «Жанұя» арнайыландырылған кешеннің жетім балалары дәрістерді мұқият тыңдап, сұрақтар қойды. Әр балаға пайдалы сыйлық – алма берілді. «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» шарасы соңында «Жанұя» арнайыландырылған кешен директоры Л.А.Кулсарина, кешен жұмыскері  Екатерина Казыбаевна, қалыпты физиология модулінің жетекшісі, доцент Е.М.Рослякова алғыс-тілек сөздерін айтты.  «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» шарасы лайықты, жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

 

 

Қалыпты физиология модулі тәрбие ісіне жауапты, аға оқытушы А.С. Алипбекова