ҚазҰМУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ұжымы Жалпы медицина факультетінің студенттерімен (09-1, 09-2, топтар) бірігіп Алғашқы Президент (01.12.2012) күніне арнап дөңгелек стол өткізді

«Елбасы – ел тірегі» – деген тақырыпта

ҚР Президентінің 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік туралы жарлығы жарияланысымен- ақ,Дүние жүзінің құлағы елең етіп,егемендік алған ерікті Қазақстанымызды әлем мойындай бастады.

Үстіміздегі жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда бірінші рет Тұңғыш Президент күні аталып өткелі отыр.1 желтоқсан қазақ жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн.

Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын кең аттап отырған ел. Еліміздің егеменді екенін танытатын,жұрт таныған ұлттық белгілері бар.

1940 жылы 6 шілдеде шыр етіп дүние есігін ашқан сәбидің бүгінде ел басқарып, халықтың мақтанышы, ел тірегі  болып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев – ол қазақ елінің Президенті.

Әлемге танылған ұлы тұлға! Мына фотосуретте  Нұрсұлтан Әбішұлының отбасы.

Ендеше осынау тау тұлғаны әлемнің тарихында өз елі үшін өмірін сарп еткен

жан ретінде тани білеміз. Аспанмен таласқан шындары бар Алатаудың төл баласы,

бәрімізді соңына ерте білді.Кешегі қиын қыстау заманда жанымыздан

табылды.Болашағын тани білген қасиетімен елді қиындықтан аман алып шықты.

Мемлекетіміздің тұңғыш Президентінің үлесі орасан зор екені бәрімізге белгілі.   Осылай қазақтың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Ата заңға сүйеніп, халық алдында Ант берді. Тәуелсіз Қазақстанның көк Байрағын тізерлеп отырып сүйгені тарихи сәт еді.

Міне, содан бері тәуелсіздік туын шайқалтпай, берік ұстап, көк Бай­рағымыз әлемдік тулардың қасында қатар желбіреп тұр. 21 жылға жетер-жетпес уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Қазақстан Пре­зидентінің ұсыныстары жаңа әлемдік тәртіпті орнықтырудың көзіне айналды.

Ғасырға бергісіз жиырма жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті кәрі Еуропа да, мұхиттың арғы жағындағы АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да мойындап, стратегиялық әріптестікке қол қойды.
Әлем жаңа Қазақ мем­лекетін, оның Президентін осылай мойын­дады.
:Егемендігімізді алған күннен бастап жерімізде тұрақтылық орнап Елбасы  Н.На­зарбаевтың еңбегі жанып, еліміздің мерейі үстем болды.

Ақмола Астанаға айналды.Астанамыз  Сарыарқаның төрінен сайлап тұрып орын алды.

Ұлт басшымыз тек Президент  ғана емес, бүгінгі тәуелсіз, экономикасы тұрақты даму жолына түскен мемлекет – Қазақстан Республикасын қалыптастырушы тұлға екені анық.Ол халықтың әл- ауқатын арттыруга қол жеткізді және күллі әлемге озін мойындата білді.  Бұл – ақиқат. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған.

Бағдарламада «біз алдағы отыз жылдың ішінде орта дамыған мем­лекеттердің қатарына кіреміз» деген мақсат қойылған болатын. Қазір біз отыз жылдың ішінде емес, бар-жоғы он бес жылдың ішінде әлемдегі да­мыған, өркениетті мемлекеттердің қатарына ендік. Қазақстан ин­дустриялық-иновациялық елге айналды.

Н.Назарбаев – елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға!

Каф. Меңгерушісі, м.ғ.д., профессор      Есенжанова Г.М.

Доцент Китуева Р.Н., ассистент  Идрисова Г.Н.