ҚазҰМУ студенттік ұйымдарының арасында зияткерлік сайыс болып өтеді

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗҰМУ СТУДЕНТТЕРІ!!!
Қаңтар айының 27 жұлдызында сағат 16:00-де КазМСА мен “Жалпы медицина” факультетінің СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТЫНЫҢ ұйымдастыруымен ҚазҰМУ студенттік ұйымдарының арасында зияткерлік сайыс болып өтеді.

Сайыстың мақсаты: Университетіміз белді студенттерінің дүниетанымының кеңдігін, медициналық білімінің тереңдігін, сөзге шешендігін және ұйымшыл-белсенді екенін тағы бір рет дәлелдеу.

Бұл сайыста Университетіміздің ең беделді, білімді студенттері ат салысатын болады. Сонымен қатар, өз лидерлерін, өз ұйымдарын қолдауға келген студенттік ұйымдардың белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетеді.
Сайысқа түсетін ұйымдар:
1. малая ассамблея “бірлік”
2. Кaznmu student’s
3. “Аlma Мater ” LDC лидерлік дебат клубы
4. Студенческое научное общество – СНО
5. “Мейірімді жүрек” КазНМУ
6. Әр факультеттің студенттік үкіметінен бір команда

Өтетін орны: ҚазҰМУ “Даңқ залы”

Өз ұйымыңызды қолдауға келіңіз!!!

1Hc5rqExYrs TpGmhE2a6h8 ZguvgQ-KWms