ҚазҰМУ-нің студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер театрынада Иран-Гайыптың «Фатима» атты пьесасын режиссер Мурат Ахмановтың басшылығымен қойылған спектаклді көруге бардық

28 наурыз күні 2013 ж ылы мен тьютор Жаканова Тоты Аманкасовна  және Жалпы медицина факультетінің 005 топ студенттерімен Ғабит Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер театрынада Иран-Гайыптың  «Фатима»  атты пьесасын  режиссер Мурат Ахмановтың басшылығымен қойылған спектаклді көруге бардық.  Бұл пьесса жалпы  драма түрінде көрсетілген қойылым болды. Көрсетілімде  Ғабитова Фатима атты әйелдің өмірі жайында баяндады. Фатима  қойылымда  халық ұлдары ұлы ағыртушы Біләл Сулеев, ақын Ілияс Жансүгіров және жазушы Мұхтар Әуезовтың таңдаулы жары ретінде, олардың репрессия жылдары кезінде жазаланып, атылуы  жайында көрсетілді. Біләлдің қызы  Фарида ерте жастан және ұлы Жанібек Ұлы Отан соғысында ерлікпен қайтыс болғанын бастан кешіреді. Фатима осы қиыншылыққа қарамастан бәріне төтеп беріп, балаларын өсірген  ержүрек әйел, батыр ана және асыл жар бола біледі. Бұл шығармада студенттерге патриоттық сезімін арттыра отырып, оларды  халқы –елі үшін мерт болған халқымыздың ержүрек ұлдары  Біләл, Ілияс және Мұхтар сияқты ақын-жазушыларымызды үлгі ете аламыз!