«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ» атты тәжірибелік сабақ өткізілді

С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университетінде

 №2 Акушерлік іс және гинекология кафедрасының доценті Қожабекова Тамара Аудановна және жалпы тәжірибелік дәрігер интерндерімен

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ» атты тәжірибелік сабақ өткізілді.

     Сабақтың мақсаты:

Қазақ хандығының құрылуы жайлы мәлімет беру,қазақ хандығына қысқаша шолу жасау.

Президент сөзі

  • « Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Қазақстан Президенті