Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 – жыл

      8 қараша күні 2016 ж. №7 дәрісхана ғимаратының №6 дәрісханасында   №3 жалпы дәрігерлік тәжірибе және акушерия ж\е гинекология кафедраларының (жауаптылар: ассистенттер Исаева Қ.Қ., Оспанова С.Т.) ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 – жылдық мерекесіне арналған «Желтоқсан лебі» атты кездесу кеші өтті.

Кеш жүргізушісі:   Жұманазаров Асқар ЖТД 709 топ интерні

Қолдау көрсеткендер:   Университет тәрбие  бөлімінен Сұлтанова М.Т., жалпы медицина деканаты- декан орынбасары Слу Хабибиевна, Құрмет Елубай ұлы.

Кеш 15.00 де әнұраннан басталды. Алғы сөзді: №3 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Култаев М.С. бастады.

«Тәуелсіздікке 25 жыл» атты баяндаманы – Бекмолда қызы Мөлдір, Ахметбекова Айгерім 602/2 топ оқыды (куратор Мошкалова Г.Н.)

«Тәуелсіздік тұғыры» атты тақпақты – Тлеужанова Гүлназ 601/2 топ (куратор Жетписбаева И.А.) оқыды.

Содан кейін кештің қонағы 1986 жылғы желтоқсанға қатысушы, АММИ педиатрия факультетінің түлегі Айнабеков Толебай Қанапия ұлы басынан өткен қиын да қыстау кезеңдерімен таныстырды. Бейнебаяны оқылды.

1987 жылдың 12 қаңтарында Алматы мемлекеттік медицина институтының  №20 бұйрығымен оқудан шығарылды. Негізі:

17-18 декабря 1986года в г. Алма-Ате группа молодежи, подстрекаемая националистическими элементами, вышла на улицы, высказывала неодобрение решения состоявшегося Пленума ЦК Компартии Казахстана, допускала противоправовые действия в отношении представителей праопорядка и другие беспорядки. Политическую незрелость проявили отдельные студенты института, которые были задержаны органами охраны правопорядка на месте происходящих событий. Осындай шешіммен оқудан шығарылды.

Бейне – фильм «Желтоқсан лебі» көрсетілімі жалғастырды. Интерндер қонаққа дайындаған сұрақтарын қойып, тілектерін айтты.

Кештің соңы концертпен жалғасты: Абдугулова Анель – кюй «Әлқисса»

Абдугулов Расул- ән  «Алға Қазақстан» (Абдугулова Г.З.)

Куратор Кушімбаева К.Ш. интерндері би билеп, ән салды.

                                   Исаева Қорлан Құдайберген қызыкафедра ассистенті