Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы

image

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы Қазақ Мемлекеттік медицина институтына ең алғашқы терапиялық кафедра болып 1933 жылы ашылған. Сол кезде кафедраның клиникалық базасы Алматы қалалық ауруханасының 35 орындық терапиялық бөлімінде орналасқан, ал штатында 2 ассистент, 1 ординатор және 1 аспирант болған. Қазіргі таңда кафедра базасы Алматыдағы 3 клиникалық ауруханада орналасады, ал оқытушылар саны 21 жетті. Бүгінгі күні кафедрада 3 профессор, 8 доцент, ассистентов – мғк – 4; жұмыс жасайды. Барлық оқытушыларда мамандығы бойынша сертификат куәлігі бар, оның ішінде 13-і жоғарғы дәрігерлік біліктілік иегері.

clip_image002

Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып мына кісілер жұмыс атқарған: 1933-1944 ж.ж. доц. И.Н.Вульпе; 1944-1948 ж.ж. – доц. Барлыбаев Х.А.; 1948-1964 ж.ж. –проф. М.А.Бренер; 1964 – 1985ж.ж. – доц. мғк Н.Н.Кучин; 1986-1995 ж. және1999-2001 ж.ж.. – мғд проф. Әйтбембет Б.Н; 1995-1999 ж.ж. – мғк, доц. Ермухамбетов Т.К.; ал 2001 жылдан мғд проф. Г.М.Есенжанова кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады.

clip_image004

2001 жылдан бастап кафедраны мғд, профессор Есенжанова Г.М. меңгереді. Проф. Есенжанова Г.М. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Институтын бітірді, 1983 жылы кандидаттық диссертациясын, ал 1997 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 1985 жылдан бастап 2001 жылға дейін АГМИ-дың госпитальдық терапиясы кафедрасында ассистент, доцент, профессор міндеттерінде қызмет атқарды.

Профессор Есенжанова Г.М. басқаруымен кафедраның бүкіл оқу-әдістемелік құжаттары уақыт талабына және жоғарғы оқу орындарының реформасына сәйкес келтірілді.

2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасымен қосылды.

Кафедрадағы пропедевтика оқытудағы: симптоматология, синдромология, дертті анықтаудағы қолмен тексеру әдістері, болашақ дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас негіздері, сырқатнама үлгісімен таныстыру және оны толтыру деген пәннің классикалық талаптары мен дәстүрін сақтай отырып әдістемелік нұсқаулар мен нұсқамалар қайтадан қаралып және жаңадан өңделіп шығарылды. Оқу үрдісіне объективтік құрылымды клиникалық емтиханның элементтері енгізілді және лазерлік дискілерде жасалған бейне көріністер арқылы оқулық бағдарламалар мен оқулық муляждар қалыпты және дертті тыныс, жүрек шуларын келтіретін фантомдар қолданыла басталды. 5 әдістемелік оқулықтар шығарылды; “Сырқатнама” (мемлекеттік және орыс тілінде); “Ішкі аурулар пропедевтикасы – физикалық тексеру әдістерінің негіздері”; “Палаталық және процедуралық медбике көмекшісі” (мемлекеттік және орыс тілінде). Сонымен қатар, кафедраның материалдық жабдықтау жағдайы жақсарылды (ПК, оргтехника, оқулық парталар, отырғыштар, тақталар алынды).

Қазіргі ауқытта кафедра оқытудың жаңа модульдік жүйесі бойынша жұмыс істейді, осыған орай тақырыптық жоспарлар жаңартылып, силабустар құрастырылған. 2008-2009 оқу жылынан бастап дәстүрлі оқыту жүйесімен қатар студенттерді «Мәселеге бағыттап оқыту» әдістемесі игеріліп, жұмысқа енгізілген. Студенттердің тәжірибелік машықтану деңгейін бағалау оқу-клиникалық симуляциялық орталықта жүргізіледі.

clip_image006

Кафедраның ғылыми жұмысы «Ревматоидты артрит және бруцеллездің клинико-иммунологиялық ерекшеліктері және олардың дифференциалдық иммунокоррекциясы» атты жаңа ғылыми бағдарламамен жалғасын тауып жүргізіліп жатыр. ҒЗЖ орындалуында кафедра қызметкерлері жұмылдырылған№ Осы зертеулердің қорытынды 30 астан ғылыми мақала ретінде еліміз бен жақын және шет елдерінің баспаларында жарық көрді.

clip_image008

Кафедрада тұрақты түрде СҒҮ жұмыс жасайды; студенттердің ғылыми тақырыптарының негізгі түрі – бұл пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес зерттеу жұмыстары. Біздің кафедра үйірмесінің мүшелері жыл сайын «Ғылым күніне( арналған құрылтайларға қатысып тұрады.

Кафедрадағы барлық оқытушылардың негізгі дәрігерлік білімі мен маман сертификаты бар, оның ішінде 13 оқытушы – біліктілі жоғарғы дәрежелі мамандар. Осыған сәйкес оқулық базалардағы клиникалық жұмыс негізгі екі бағытта жүргізіледі – ол емдеу мен кеңес беру (науқастардық ауруханада қарау, емханада қабылдау, профессорлар мен доценттер арнайы қарауы, консилиумдар, клиникалық сараптамалар өткізу) және ұйымдастыру мен әдістемелік жұмыстар (ғылыми-тәжірибелік құрылдтайлар, сырқатанмалар мен амбулаториялық құжаттарды сараптау). №5 ҚКА, №4 ҚКА, Паллиативтік көмектің қалалық орталығы«Хоспис», №2 балалар ауруханасы.

clip_image010

Оқытушылар ұжымы жұмысының маңызды бір бағыты – бүл тәрбие жұмысы. Тәрбие жұмысын (жауапты – ассистент Майкотова Алтын Майкотовна) әр оқытушы арнайы кураторлық сағаттардан басқа күнделікті сабақта жүргізіп отырады. Негізгі тақырып әрине болашақ мамандығының негізін қалауға батытталады – дәрігерлік этика, деонтология қағидалары мен қарым- қатынас дағдылары, дәрігерлік мамандықтың басқа мамандықтан айырмашылығы – жоғарғы рухани мен терең адамгершілік қасиеттеріне арналады.Одан басқа жеке салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден алыс болу сияқты әңгімелер жүргізіледі. Ерекше орын тәрбие жұмысында отаншылдық сезімін дамытуға, ана тілін, үлкендерді, Соғыс ардагерлерін және әр ұлттың әдет-ғұрпын сыйлау, кішілерге, кемтар, жетімдерге көмек көрсету тақырыптарына арналады. Бұл тақырыптар әртүрлі дәстүрлі күндерді атап өту арқылы жүргізіледі – «Наурыз мерекесі», «Жеңіс күні», «Тілім – менің тірегім» атты стенд дайындау.

clip_image012

Бөлек топтар балалар үйіне қамқорлық етіп мейрімділік көмек көрсету мен концерт ұйымдастырады (куратор – Ижанова А.К.). А.М.Майкотованың тобы «Хоспис» ауруханасында Жаңа Жылды қарсы алу кешін дастархан жаю мен концерттік бағдарлама көрсетіп ұйымдастырды

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы еліміздің келешек жаңа буын мамандарын, яғни денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастырушылары мен жалпы тәжірибелі дәрігерлерін және ғалымдарды дайындауда өз үлесін қосып еңбек етуін әрі қарай жалғастыруда.