Түркі халықтарының рухани сабақтастығы

Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміздің өзге халықтарымен бірлік пен ынтымақтастық қарым-қатынасы күн санап артып келеді. Оның ішінде түркі халықтарымен еліміздің тұтастығы бірізділік тапқандығын бүгін де аса қуанышпен жеткізіуімізге негіз бар. Осыған орай сәуір айының 24 жұлдызы күні жалпы білім беру департаменті, Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы « Ибн Сина» атындағы СҒЗЖ үйірмесі   жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстар” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Студент жастармен кездесуге “Түркі халықтары мәдени қорының ” президенті, “Түркі әлемі” халықаралық газетінің бас редакторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, түрколог Ахмет Дағдұран құрметті қонақ ретінде шақырылды. Іс-шараға жалпы білім беру департаментінің директоры доцент З.А. Ноғайбаева, доценттер Ғ.Т.Рсалдина, М.А.Жекебаева, М.Қ.Дауытбекова  және оқытушылар М.А.Исаева, К.Н.Жүсіпова, С.Д.Турсынбаева, Н.М.Тәттібек, Н.А.Абдіразақова, С.М.Илгидаева және қоғамдық денсаулық сақтау 2-3 топ студенттері және жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Ғалым, түрколог Ахмет Дағдұран жастарға “Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстар”  тақырыбындағы баяндамасын оқып, сондай-ақ түркі халықтарының тарихы мен дамуы жөнінде құнды деректер келтіре отырып, елбасының тұғырлы саясатына баса назар аударды. Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті медико-профилактикалық іс мамандығының 1 курс студенті А. Турмахан және А.Усманова өз пікірлерін ортаға салды. Студент  Р.Байрамова  тақырып аясында бейнебаян көрсетіп, баяндамасын оқыды. Тағылымы  мол кездесудің соңында  кеш қонағы Ахмет Дағдұран жастардың баяндамаларына оң баға беріп, болашақта өткізілетін студенттердің “Түркі әлемі жастарының бірігуі” атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырып, оларға шығармашылық табыс тіледі. Кездесу соңында сөз алған кафеда меңгерушісі доцент З.У.Бисембаева ”келешегіміздің кемелді болуы біз тәрбиелеп отырған болашақтың кепілі өскелең жастарымыздың бойындағы білім нәрі мен құнарлылығына байланысты болмақ, ендеше бүгінгі кездесуден алған әсер тамшыдай нәр болса ұрағымыздың өрелі, мейірімді де қайырымды болып өсуіне ықпал ететіеі хақ деп есептеймін” деген пікірімен аяқтады.

 

 

Жолдыбаева С.А.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік

гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

20140424_114623 20140424_114550