Садықов Өмірхан Садықұлы 60 жаста

Садықов Өмірхан 1952 жылы 4-сәуірде №16 ауылда Қазалы ауданы Қызылорда облысында шаруа отбасында  дүниеге келген. 1968 жылы ауылдық орта мектепті бітіргеннен кейін, 1969 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетіне түсіп, оны 1975 жылы бітіріп шығады. 1975-1976 жылдары хирургия бойынша интернатураны Алматы қалалық орталық аурханасында өтеді. 1976 жылдан бастап Ұйғыр аудандық ауруханасында хирургия бөлмшесінің меңгерушісі болып 1989 жылға дейін жұмыс істеді. 1989-1990 жылы Алматы облыстық ауруханасында дерігер – хирург және дәрігер-эндоскопист болды. 1990-1991 жылдары Алматы қалалық орталық ауруханасының хирургы. 1991-1995 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, ал 1995 жылдан аталмыш оқу орнының доценті болып қызмет істеп келеді. 1994 жылы «Сары фосформен созылмалы уланғанда болатын тоқ ішектің морфофункционалды өзгерістері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Ол құрсақ қуысындағы, кеудедегі мүшелерге, несеп жолдарына ота жасай білетін білікті маман, жоғарғы санатты дәрігер хирург. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарын, бронхоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулерді меңгерген маман. Садықов Өмірхан Алматы облыстық аурханада бірінші болып эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулерді енгізген ұстаз-маман.

Ө.Садықов хирургия саласында 40-тан аса мақаланың, 3 әдістемелік нұсқаудың, 2 патенттің және 1 өнертапқыштықтың авторы. Ол бірнеше рет мемлекеттік және халықаралық конференцияларда, хирургтар қоғамына қатысып баяндамалар жасаған. Ол аудандық ауруханада бірінші болып ксеносорбцияны, лимфотропты емдерді және қанды ультракүлгін сәулесімен шағылыстрып құюды қолданған оташы.

Ол өзінің 60 жылдық мерейтойын ұлағатты ұстаздығы  арқылы тәрбиелеген жас хирургтері, өз әріптестері, достары  және шәкірттері ортасында  қарсы алуда.

Хирургия оқу департаменті мен кафедралар Садықов Өмірханға мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық  табыс тілейді.