Халықаралық серіктестік

Университет басшылығы қызметкерлердің кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдай жасайды, сапалы білім алуға бейілділік танытады.

Жас ғалым-мамандардардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін дамыту, оқыту және зерттеу жұмысы үдерісінде — жоғары ғылыми және тәжірибелік әлеуетті қалыптастырады. Қазіргі қоғам ғылым жетістіктеріне, шығармашылыққа және позитивке қабілетті жоғары білімді адамдардың белсенді қызметіне ұмтылады. Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламаларын қалыптастыру үшін білім беру мазмұнын нақтылау, техникалық базаны жаңғырту және жас ғалымның танымдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру қажет. Қазіргі кезеңде қарқынды техникалық прогресс жағдайында халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларының негізіне медицина саласындағы кешенді тақырыптар бойынша жұмыс көзделген пәнаралық жобалар жатқызылуы үшін оқу үдерісін біріктіруге ұмтылу қажет.

Халықаралық ынтымақтастықты қарастырып, біз мамандарға қойылатын талаптарды қамтамасыз ете отырып, серіктестермен өзара қарым-қатынас тұрғысынан университет стратегиясын өзгертуге дайын болуымыз керек.

Университеттің және профессор С. Т. Тұрыспекованың серіктестік байланыстарының арқасында 2018 жылдың 5-9 қарашасы аралығында Молдова Республикасының Nicolae Testemitanu атындағы Медицина және фармация университетінен визитинг-профессор Vitalie Lisnic-профессорының “Жүйке жүйесі ауруларын диагностикалаудың және емдеудің заманауи аспектілері” тақырыбында кафедрада оқыту бағдарламасы өткізілді.

Семинарларда нейропатиялық ауруды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері көрсетілген. Демиелинизациялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері. Гийен-Барр синдромы. Диагностикасы және емі. Диабеттік нейропатия. Созылмалы қабыну демиелинизациялаушы полинейропатиялар: типтік және атиптік түрлері.

Жайылған склероз, нерв-бұлшықет берілісінің бұзылыстарымен ауруларға клиникалық және электрофизиологиялық тәсілдері. Церебральді көктамырлық тромбоздар. Бас және жұлын миының тамыр ауруларының алдын алу – тақырыптары бойынша мастер-кластар өткізілді.

№ 7 ҚКА базасында, неврология және нейрореабилитация, реанимация, ИНСО бөлімшелерінде емделушілерге кеңестер берілді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша студенттер мен ПОҚ (бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура) үшін серіктес-университеттерде бірлескен тағылымдамалар, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы Меморандумға қол қойылды.

2019-2020жж.бірлескен ғылыми және білім беру жобалары, мақалалар мен оқу құралдарын басып шығару жоспарланған.

Оқыту бағдарламасы тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық пен қарқынды пікірталастар тудырды.

Оқыту үлкен ақпараттық және білім беру бойынша маңызы зор болды, ол невролог-дәрігерлердің, PhD докторанттардың, магистранттардың, резиденттердің, интерндердің, сондай-ақ бакалаврлардың кәсіби жетістіктеріне қол жеткізуге ықпал ететін болады. Шетелдік әріптестердің тәжірибесімен және жұмыстарымен танысуға мүмкіндік туғызды. Инновациялық технологиялар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

11-12 сәуірде Молдова Республикасында Кишинев қаласында қозғалыс бұзылыстары және Паркинсон ауруы мәселелері бойынша II Халықаралық оқыту мастер-классы өтті. Оқиға паркинсонизм, гиперкинез және басқа да қозғалыс бұзылыстары кезінде күрделі қимыл мәселелеріне арналған. Бұл тәжірибелі невропатологтар үшін Movement Disorders қауымдастығының Бүкіләлемдік мойындалған сарапшыларынан егжей-тегжейлі түсінік алуға бірегей мүмкіндік берді.

Тыңдаушылардың арасында нейрохирургия курсымен жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлері Р.Б.Нұржанова, А.Р.Смагулова және А.Н.Симбинова болды. Сапар 2018 жылдың қараша айында қол қойылған меморандум аясында, біздің С. Ж. Асфендияров  атындағы ҰМУ АҚ, Алматы, Қазақстан Республикасы және Nicolae Testemițanu University of Medicine and Pharmacy, Chisinau, Republic of Moldova, визитинг-профессор Vitalie Lisniс бағдарламасының арқасында жүзеге асырылды. Мастер-класс қатысушылары Италия, Румыния, Эстония, Германия және Молдовадан келген Невропатология саласындағы әлемнің жетекші ғалымдарының дәрістеріне, көпшілік талқылауларына, сондай-ақ бейне клиникалық оқиғаларына қатысты.