Халықаралық серіктестік

Микробиология, вирусология кафедрасының доценті 

Юсупов Рустам Рахимовичтің академиялық ұтқырлық шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы есебі

Микробиология және вирусология кафедрасының доценті Юсупов Рустам Рахимович 2023 жылғы 11-23 желтоқсан аралығында Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты мен «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумның негізінде проректор Ж.А.Қалматаеваның хатына сәйкес (30.11.2023 ж. 6525028610С8435С 8806-09-04-01-22-09) «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын орындау аясында келесі жұмыстарды атқардым:

  1. Микробиология, вирусология пәні бойынша онлайн (2023 жылғы 11-16 желтоқсан аралығында) және офлайн (2023 жылғы 18-23 желтоқсан аралығында) форматтарда дәріс пен практикалық сабақтар өткізілді, сондай-ақ Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының «Медициналық биология» және «Медицина-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 2-3 курс студенттерінің академиялық топтарында зертханалық сабақтар бойынша дағдылар көрсетілді, жалпы көлемі 72 академиялық сағатты қамтыды;
  2. «Медицина-профилактикалық іс» мамандығының 2-курс студенттерінде пән бойынша қорытынды бағалар қою арқылы ауызша емтихан қабылдауға қатыстым;
  3. Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін педагогикалық шеберлік бойынша тренинг өткізілді: жалпы және негізгі құзыреттерді, медициналық ЖОО оқытушысының құзыреттілігі бойынша оқытудың түпкілікті нәтижелерін сипаттай отырып, «ҚазҰМУ оқытушысы құзыретінің моделі» атты авторлық тренингі көрсетілді;
  4. Эразмус+ FOR21 жобасының міндеттері мен нәтижелерін диссеминациялау шеңберінде микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен, Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының магистранттарымен және докторанттарымен кездесу өткізілді.

Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында болған кезеңде проректорлармен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесулер өткізілді:

ПОҚ, магистранттар, докторанттар үшін тренингтер

Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының адам иммунологиясы және геномикасы институтының Бұхара филиалы, орталықтың директоры Хикматова Нигина Иззатуллаевна. Зерттелетін талдаулардың тізбесі иммунитеттің жасушалық (лизоцим, Т-лимфоциттер және т.б.) және гуморальдық (барлық кластағы иммуноглобулиндер деңгейін, жедел фазалық ақуыздарды анықтау); молекулалық генетикалық зерттеулерді айқындауды қамтиды.

Симуляциялық оқу-клиникалық орталығы, орталық директоры Солиев Алишер Урокович. Орталықта тиісті заманауи симуляциялық муляждармен жабдықталған оқу кабинеттері бар: Акушерлік және гинекология, анестезиология-реанимация, хирургиялық, ЛОР, стоматология, терапия және педиатрия.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор Жарылқасынова Гаухар Жанұзақовнамен кездесу: ҚазҰМУ ББ, білім алушылар контингентімен, практикалық манипуляциялар жүргізу бойынша ҚазҰМУ микробиология кафедрасында оқыту ерекшелігімен таныстыру жүргізілді.

Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Матлюбой Жахонкуловна Санаевамен кездесу: өткізіліп жатқан ғылыми жобалар бойынша, оның ішінде Эразмус+ бағдарламасы бойынша Халықаралық жобалар бойынша әңгіме өткізілді.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ниязов Лазиз Бурхановичпен кездесу: ынтымақтастықтың ықтимал салалары бойынша, оның ішінде бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша әңгімелесу өткізілді.

Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтына сапардың нәтижелері бойынша студенттік олимпиадаларды бірлесіп өткізу, ПОҚ, студенттер мен магистранттардың/докторанттардың академиялық ұтқырлығы шеңберінде сапарларды жалғастыру; бірлескен ғылыми мақалаларда нәтижелерді жариялаумен бірлескен зерттеулер жүргізу жөнінде алдын ала келісімдер жасалынды.

FOR21-ҚазҰМУ уақытша ғылыми ұжымның басшысы, Микробиология және вирусология кафедрасының доценті Юсупов Рустам Рахимович 2023 жылғы 11-23 желтоқсан аралығында Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты мен «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумның негізінде проректор Ж. А. Қалматаеваның хатына сәйкес (30.11.2023 ж. 6525028610c8435С 8806-09-04-01-22-09) «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Эразмус+ FOR21 жобасының міндеттері мен нәтижелерін қорытындылау шеңберінде Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының магистранттары мен докторанттары және микробиология кафедрасының ПОҚ-мен кездесу өткізді.

Еуропалық Одақтың ERASMUS+ (FOR21 – «Fostering the doctor of the 21st century: education for patient-centered communication») (21 ғасырдағы дәрігерді тәрбиелеу: пациентке бағытталған қарым-қатынас дағдыларын үйрету) халықаралық білім беру жобасының мақсаттары мен міндеттері ұсынылды.

WP1-7 жұмыс пакеттеріне сәйкес ҚазҰМУ (КДО) коммуникативтік дағдылар орталығы Эразмус+ жобасының қаражаты есебінен сатып алынған ресурстарымен таныстырылды.

FOR21 жобасының нәтижелерін тарату мақсатында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың коммуникативтік дағдылар кафедрасы мен ҚазҰМУ-КДО жағдайында пациентке бағытталған коммуникативтік дағдыларды оқыту және бағалау бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ OpenLabyrinth платформасында виртуалды пациенттердің кейстерін және бүкіл жоба барысында әзірленген материалдар мысалында стандартталған пациенттердің кейстерін пайдаланудың артықшылықтары туралы тәжірибесі көрсетілді.

Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында болған кезеңде проректорлармен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесулер өткізілді.


Визитинг-профессордың аты-жөні Елі Университет Келген мерзімі
2013-2014 оқу жылы
1 Donald E.Burgess АҚШ DRK Biomedical Research and Development LLC

 

01.02.2014 30.04.2014

 

2 Konrad T.Juskiewicz

 

АҚШ DRK Biomedical Research and Development LLC

 

01.02.2014 -30.04.2014;

01.10.2014 -26.12.2014;

 

 

3 Scott Alexander Thornton

 

АҚШ DRK Biomedical Research and Development LLC

 

27.10.2014 24.12.2014

 

4 Ильин Вячеслав Константинович

 

Ресей РҒА медико-биологиялы мәселелер институты 21.11.2014 05.12.2014

 

5 Сырочкина Мария Александровна

 

Ресей Ресей Денсаулық сақтау министрлігі

Орал мемлекеттік медиццианлық университеті

04.12.2014 19.12.2014

 

2014-2015 оқу жылы
6 Konrad T.Juskiewicz

 

АҚШ DRK Biomedical Research and Development LLC

 

16.03.2015 –

25.04.2015;

27.04.2015 –
30.06.2015

7 Ильин Вячеслав Константинович

 

Ресей РҒА медико-биологиялы мәселелер институты 20.04.2015 –
25.04.2015
8 Сырочкина Мария Александровна

 

Ресей Ресей Денсаулық сақтау министрлігі

Орал мемлекеттік медиццианлық университеті

09.06.2015 -22.06.2015

 

Микробиология, вирусология кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі ретінде м.ғ.д., профессор Рамазанова Бахыт Аманулловна, м.ғ.к., профессор Мустафина Камила Камаловна, PhD, доцент Колоскова Екатерина Александровна 2023 жылғы 3 сәуір мен 6 сәуір аралығында ПОҚ мобильділік бағдарламасы аясында Ташкент медицина академиясының Ургенч филиалына барды. Мобильділік кезінде оқытушылар денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ауызша баяндамалармен “инфектология, медициналық паразитология, эпидемиология және микробиология дамуының заманауи тенденциялары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, білім алушылар үшін дәрістер оқыды, педагогикалық құзыреттілік және мамандық бойынша ПОҚ біліктілігін арттыру бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, сабақтар жүргізді.

Мобильділік нәтижесінде екі кафедраның қызметкерлері өзара тиімді ынтымақтастықтың жоспарын анықтады.

Университеттің ұтқырлық бағдарламасы және Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында оқытушылар микробиология, вирусология кафедрасын аралады.

Оқытушылардың келу уақыты:17.04.2023 – 22.04.2023 офлайн-бетпе бет

Олимова Насиба Исматиллоевна – аға оқытушы

Назаров Жалолитдин Султон Эркинович -Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті

-Микробиология, вирусология кафедрасында практикалық сабақтар өткізіліп, онда бакалавриат, микробиология, вирусология кафедрасының докторанттары мен магистранттары тыңдаушылары белсене қатысты. Микробиология, вирусология кафедрасының ПОҚ үшін қосымша мастер – класстар өткізілді.

Ұтқырлық кезеңінде оқытушылар С. Д. Асфендияров атындығы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының 90 жылдығына арналған халықаралық олимпиадаға өз студенттерімен қатысып, үлкен тәжірибелермен алмасты. Бұл кезеңде Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының студенттері екінші орынды иеленді. Мәдени бағдарлама аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына барды. Сапар бағдарламасы толық көлемде орындалды. Ұтқырлық нәтижесінде екі кафедраның қызметкерлері өзара тиімді сапардың жоспарын анықтады.

Микробиология, вирусология кафедрасының доценті, Колоскова Екатерина Александровна, Университет комиссиясының шешіміне сәйкес оқытушылардың мобильділік бойынша ERASMUS+ бағдарламасының қатысушысы ретінде ұсынылды. Академиялық мобильділік 2023 жылдың 1-7 маусымы аралығында өтіп, 5 күнге созылды. Колоскова Е. А. Испаниядағы Гранада университетінің Фармация факультетінің микробиология кафедрасында өтті.
Өткен академиялық академиялық нәтижесінде Е. А. Колоскова Университетпен, академиялық ынтымақтастық департаментімен танысып, академиялық мобильділікті өтуге қажетті құжаттарды рәсімдеді. Ол сонымен қатар, микробиология кафедрасымен, оның құрылымымен және оқытушылар құрамымен танысты. Ол «Тамақ өнімдерінің контаминантты микроорганизмнің таза дақылын бөліп алу», «API биохимиялық әдісімен тамақ өнімдерінің контаминтантты микроорганизмді анықтау» атты практикалық шеберлік сабақтарына қатысты. Микробиология кафедрасының ғылыми жобаларының серіктес кафедраларымен танысты. Ол, сонымен қатар, жергілікті Этика комитетінің құжаттамасын зерттеді. Экскурсия аясында Екатерина Александровна гистология, анатомия және молекулалық биология кафедраларына барды. Гранада университетінің ғылыми-зерттеу орталығында болды.
Ал 2023 жылдың 6 маусымында ол «Антибиотикке төзімділік және оны анықтау әдістері. Интерпретация мәселелері» атты тақырыпта лекция оқыды.


Ауыл шаруашылығы кафедрасына бару

Ғылыми зерттеулердің этикалық сәттерін этикалық Комиссия төрағасымен танысу және талқылау

«API биохимиялық әдісімен тамақ өнімдерінің контаминтантты микроорганизмді анықтау» шеблерлік сабағында

Гистология бойынша емтихан өткізу форматын талқылау

Гранада университетінің медицина факультетінің студенттерімен бірге фото

Гранада университетінің ғылыми-зерттеу орталығына бару. Гистология бөлімі

Гранада университетінің ғылыми-зерттеу орталығына бару. Микробиология бөлімі