Халықаралық серіктестік

2015-2016 оқу жылында Ішкі аурулар Департаменті мен кафедраның шақыруымен Технион университеті медициналық мектебінің профессоры Y.Baruch (Израиль) келді, ол Хайфа қаласындағы Рамбам клиникасында орналасқан гастроэнтерология және гепатология институтының директоры қызметін атқарады.

Проф. Baruch іссапарының аясында Алматы және Астана қалаларында терапевттер, гастроэнтерологтар, гепатологтар, хирург-трансплантологтар қатысуымен 2 үлкен конференция ұйымдастырылды. Сонымен қатар проф. Baruch кафедраның клиникалық базасы орналасқан №1 ҚКА келіп, клиникалық талдау арқылы науқастарға кеңес жүргізді.

 

Y.Baruch M.D. сөз сөйлеуі(Israel)

 

  • 2016жылы 16 наурызда қолқа клапанды эндоваскулярлы имплантация туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ота жасайтын бөлімінде Измир қаласының медициналық университеті профессоры Dr. Dayimi Kaya 20 дәрігерлермен бірге шеберлік сабағын өткізді
  • 2016жылы Маусымның 15-17 аралығында ҚР VIII кардиологтар конгрессі, онда интервенциялық кардиология бойынша 5 шеберлік сабағы, 7 сателлітті симпозиумдар, пленарлық және секциялық отырыстары, Еуропалық кардиологтар қоңамының бірлескен отырысы. Конгресске шақырылған профессорлар қатысты: Раймерс Б.(Милан , Италия), Г.Филиппатос (Афины, Грекия), К.-Х. Кукк (Гамбург, Германия), Ф.Андреотти (Рим, Италия), П.Цеферович (Белград, Сербия), Ч.Эрол (Стамбул, Туркия), Х.Швед (Варшава, Польша),Фомин И.В.(Нижний Новгород, Ресей), Лопатин Ю.М.(Волгоград, Ресей), Мычка В.Б. (Мәскеу, Ресей), Явелов И.С.(Мәскеу, Ресей), Гиляревский С.Р. (Мәскеу, Ресей), Шляхто Е.В.(Мәскеу, Ресей), Соколов М.Ю.(Киев, Украина), Привалова Е.В. (Мәскеу, Ресей), Табеева Г.Р. (Мәскеу, Ресей),Суворова Ю.В.(Санкт-Петербург, Ресей), А.Ергилис (Рига, Латвия); д.м.н. Шмальц А.А.(Мәскеу, Ресей),Соронбаева Т.М. (Бишкек, Киргизия), Певзнер Д.В. (Мәскеу, Ресей).

КазҰМУ «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша  2016 жылы кафедрада Atsumasa Komori M.D. PhD (Clinical Research Center, NHO Nagasaki Medical Center, Nagasaki University Graduate School of Biomedical Sciences, Japan).  2012 жылдан А. Komori біздің университетпен бірігіп жұмыс жасайды және «ҚазҰМУ құрметті профессоры». Ғылыми жоба бойынша «Ішкі аурулар кафедрасы №1 аралас пәндер курсы» 2016 жылы 24 қарашада  «Аутоиммунные заболевания печени – современный менеджмент ведения пациентов» жобасында дөңгелек үстел, мастер класс, семинарлар өткізілді.

Atsumasa Komori M.D. сөз сөйлеуі, PhD (Japan)

Дөңгелек үстел аясындағы дискуссия

Дөңгелек үстел барысында пациент туралы кейсті талқылау

 2017-2018 оқу жылының қараша айында жалғасып келе жатқан ынтымақтастық барысында тағы да профессор Atsumasa Komori ҚазҰМУ іссапармен келді. №1 Ішкі аурулар гепатология курсымен кафедрасының клиникалық базасында визитинг-профессормен бірге профессор-оқытушылар, студенттер және №1 ҚКА дәрігерлері қатысуымен «Холестатические заболевания печени-современная диагностика и лечение» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

 

Atsumasa Komori M.D. сөз сөйлеуі, PhD (Japan)

Atsumasa Komori №1 ҚКА дәрігерлері мен кафедраның профессор-оқытушыларымен бірге

Сонымен қатар №1 ҚКА терапия және гастроэнтерология бөлімшесінің науқастарын клиникалық талдау арқылы тәжірибелік шеберлік классы өткізілді.

 

Atsumasa Komori тәжірибелік шеберлік классы

2017-2018 оқу жылының қараша айында профессор Dilip Mahapatra (Dublin, Ireland) білім алу бағдарламасы аясында Халықаралық медициналық факультеттің 4 курс  студенттеріне гастроэнтерология блогы бойынша семинарлар өткізілді, №1 Ішкі аурулар гепатология курсымен кафедрасында мәселелі-бағытты дәрістер  мен талқылау жүргізілді.

Dilip Mahapatra ХМФ студенттері мен кафедра оқытушысымен бірге

Сонымен қатар №1 Ішкі аурулар кафедрасының клиникалық базасы №1 ҚКА – профессор Dilip Mahapatra оқуымен «Хроническая обструктивная болезнь легких» тақырыбына дәріс өткізілді, бұл аурухананың арнайылығы мен Алматы қаласының пульмо орталығының жұмысын ескере отырып ұйымдастырылған, себебі осы базада кафедра қызметкерлері мен дәрігерлер бірігіп емдік-кеңестік шаралар жүргізеді.