Ковчег балалар үйіне жол тартты

Қайырымдылықпен айналысу ол менің сүйікті істерімнің бірі деп санаймын.Ал жетімдерге жәрдем беріп,материалдық,рухани жағынан қолдау көрсету ол менің арманым еді.9-қараша күні менің достарымның көмегімен,бұл арманым орындалған секілді.Ол күні мен өзімнің сүйікті Жалпы Медицина Факультеті Студенттік Үкіметімен Талғар қаласындағы Ковчег балалар үйіне жол тарттық.Бұл менің балалар үйіне алғаш рет баруым еді.Ол жерге келген кезімізде бізді қызметкерлер өте жылы қарсы алып,кішкентай бүлдіршіндермен таныстыруға асықты.Сүйкімді де,мейірімді балалар біздерге жылы шырайларын танытты.Балалардың демалыс күнің өте қызықты етіп өткізу,біздің қолымызда болды,сол себепті біз барынша тырысып,балаларға арнап ән айтып,би биледік.Ал біздің өтінішіміз бойынша балалар  «Тәуелсіз Қазақстан-менің Отаным» атты тақырыпта суреттер салды.SGF ұйымының мүшелерінен құралған әділ-қазылар алқасы барлық бүлдіршіндердің туындыларын бағалап,сыйлықтар табыстадық.Кездесу барысында ұйымымыздың әрбір мүшесі болашақта үлгі тұтар әке мен шеше болатынына көзім жетті.Балаларға кішкентай ғана базарлық ретінде,қыстық киімдер,тәтті тағамдар мен кітапхана қорына балаларға арналған кітаптар сыйладық.Кездесу соңында,Ковчег балалар үйінің аға буын өкілдері Жалпы Медицина Факультеті Студенттік Үкіметінің мүшелерін,бүлдіршіндермен бірге тәтті түскі асымен тамақтандырды.Осы кездесуге барынша қолдау көрсеткен барлық жандарға алғысымызды айтамыз.Бұл кездесу бізді мейірімді әрі қайырымды болуға,зағип жандарға,жетімдерге көмектесуді және ата-анамыз қасымызда,12 мүшеміздің сау болғанына шүкіршілік етуді үйретті.Ата-аналарымызды қадірлейік,өйткені ол бақытқа ие болмай жүрген жандар қаншама….