Клиникалық жұмыс

Жүйке аурулары кафедрасы қызметкерлерінің емдеу-диагностикалық жұмысы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2010 ж. № 238 “Денсаулық сақтау ұйымдарының типтік штаттары мен штаттық нормативтерін бекіту туралы”, 11.09.2013 ж. № 628 “медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы” бұйрығына, 23.04.2013 ж. № 330 “университеттің емдік жүктемесін бекіту туралы”бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

2017-2019 оқу жылдары кафедра қызметкерлері мыңнан астам пациенттерге кеңес беріп, емделіп шықты, клиникалық талдаулар мен консилиумдарға, мастер-класстар, тәжірибелік дәрігерлер үшін тақырыптық конференциялар, патологоанатомиялық конференцияларға және талдауға қатысты.

Болашақ мамандарды белсенді тәжірибелік даярлау – 1 және 2 оқу жылындағы невролог резиденттерді дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Тәжірибелік дәрігерлермен бірлесіп клиникалық базаларда науқастарды диагностикалау мен емдеу технологияларының инновациялық әдістерін енгізу жүзеге асырылады. Клиникалық инновацияларды енгізудің нәтижелері негізінде неврологияның тәжірибелік дәрігерлері мен резиденттеріне дәрістер оқылды.

Кафедра қызметкерлері базалық емдеу мекемелерінде үлкен емдеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Клиникалық базалармен бірлескен жоспар бойынша семинарлар өткізіледі. Олардың бірі, 15.11.2018 ж. Алматы қ. №7 Қалалық клиникалық аурухана базасында өткен “Ишемиялық инсультті емдеудің және сауықтырудың заманауи қағидалары” тақырыбында өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференция болып табылады. Іс-шара нейрохирургия курсымен жүйке аурулары кафедрасымен №7 ҚКА-мен бірлесіп, Алматы қаласының Әуезов және Наурызбай аудандарының емхана желісінің дәрігерлеріне арналып  ұйымдастырылды. Конференцияға неврология бөлімінің дәрігерлері және №7 ҚКА инсульттік бөлімшесінің дәрігерлері, сонымен қатар интерндер мен бакалаврлар қатысты. Кафедра оқытушылары: проф. Раимкулов Б. Н. “Мидың созылмалы ишемиясы: терапияның заманауи стратегиялары”,  профессор Нургужаев Е. С. “Ишемиялық инсультті емдеудің заманауи қағидалары” тақырыбында, доцент Избасарова А. Ш. “Инсульті бар науқастарды нейросауықтырудың мүмкіндіктері” тақырыбында, проф.Туруспекова С.Т. “Вертебро-базилярлық бассейнде ЖМҚБ: нейросауықтырудың ерекшеліктері” тақырыбында және “Standard Neuro” клиникасының невролог–дәрігері Шамбетова Ч. Э. “Инсульттен кейінгі қозғалыс бұзылыстары диагностикасы мен емінің ерекшеліктері” тақырыбында баяндама жасады. Баяндамалар үлкен ынтамен тыңдалып, аудиторияда үлкен қызығушылық шақырды. Қызу пікірталас болды. Жарыссөзде №7 ҚКА 2 инсульт бөлімінің меңгерушісі М. М. Ибрагимов сөз сөйледі, ол қатысушыларға инсульт мәселесі, оны емдеудің инновациялық әдістері туралы айтып берді. Бас дәрігердің орынбасары Ж. С. Шерияздан нейропротективті терапияның қажеттілігі туралы сұрақты көтерді. Кафедра ассистенті Р. А. Махабетжанова амбулаторлық деңгейде нейрореабилитация мәселесін айтты. Спикерлердің баяндамалары мен сөз сөйлеулері бойынша пікірталас барысында инсультті емдеу бойынша клиникалық хаттамаларды қайта қарау қажеттілігі туындады. Конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Өткізген шара инсульттің өзекті мәселелері бойынша интерндердің, резиденттердің, дәрігерлердің білім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

20-21 желтоқсанда № 1 ҚКБА 35 жылдық мерейтойын атап өтті.  “ҚР халқына медициналық көмекті жетілдірудің өзекті мәселелері” тақырыбында халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Бұл іс-шараға нейрохирургия курсымен жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлері белсенді қатысты. Кафедра меңгерушісі С. Т. Туруспекова “ЖМҚБ кейін науқастарды сауықтырудың күрделі мәселелері” симпозиумында модератор болды.  Доцент Избасарова А. Ш. “Жүкті әйелдердегі неврологиялық көріністері” тақырыбында баяндама жасады, ол конференция қатысушыларының арасында үлкен қызығушылықтарын туғызды.

Біздің кафедрамыздың қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау саласында кеңестік-диагностикалық көмек көрсету саласында көп жылғы белсенді ынтымақтастық жұмыстары үшін еңбектері еленіп, марапатталды. Туруспекова С. Т. және доцент Избасарова А. Ш. “Алғыс хаттармен”, профессор Нургужаев Е. С. және доцент Митрохин Д. А. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының грамоталары табысталды.

Солдан оңға қарай: проф.Нургужаев Е.С., доцент Избасарова А.Ш., каф.меңг. Туруспекова С.Т, доцент Митрохин Д.А.

2019 жылы 29 сәуірде шалғай орналасқан стансалар мен теміржол кенттері бойынша медициналық мамандармен жабдықталған “Денсаулық” арнайы пойызы жолға шықты. Оның мақсаты толыққанды ауруханаларға жету мүмкіндігі жоқ, Қазақстан тұрғындарын медициналық қызметпен қамтамасыз ету болып табылады.

Жылжымалы госпитальді дайындауға “Қазақстан темір жолы” компаниясымен, ММСҚ және С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  бірлесіп, қатысты.

Мамандар тізімінде: терапевт, невропатолог, офтальмолог, оториноларинголог, гинеколог, хирург, уролог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, дәрігер-педиатр бар. Неврологиялық көмекті нейрохирургия курсы бар жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлері қызмет көрсетеді.

Арнайы пойыз Республиканың барлық облыстары бойынша 195 елді мекенге аялдап өтеді. Пойыздың қозғалыс кезеңі 2019 жылғы 29 сәуірден – 21 желтоқсанға дейін созылады. Жылжымалы госпиталь 19093,6 км жолды еңсеруге тура келеді.