Кафедра тарихы

1933 жылдары патологиялық физиология кафедрасы ашылды. 1946 жылдан бастап кафедраның  меңгерушілері: профессор Н.Э. Глеклер, А.А. Значкова, доцент Д.С. Четвертак, профессор С.М. Лейтес басқарды.

1946 -1969 ж. аралығында кафедраны профессор  О.С. Глозман басқарды.

Ол өзінің шәкірттерімен екі үлкен ғылыми проблемалар төңірегінде шұғылданды. Оның біріншісі: уланған дененің қанын донордың қанымен толық ауыстыру операциясы.

Екіншісі: тез қансырау және шок проблемасы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше көзге түскен мәселе екендігі және оның қазіргі бейбіт күндерде де өте маңызды екендігі ешбір күмән туғызбайды. Профессор  О.С. Глозман көптеген патофизиология мамандарын дайындады. Қорытынды: қан құрамын зерттеуінің нәтижесі бойынша өздерінің үш докторлық (Касаткинаның.А.П., Насыбуллинаның Х.С., Карабаеваның С.И.) және 12 кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. М.С.Сәулебекованың реактивтік тіндердің жедел қансырау тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. О.С. Глозман мен А.П.Касаткинаның зерттеуі бойынша  қан құрамы орынбасуының  4 монографиясы жарыққа шықты.

Савченко.К.А, Бейсебаевой.Э.Л, Абалакиной.Н.Н, Зелинской.А.А, Завалишиной Л.И тағы басқалар дитоксикациялық тіндердің қолданылған аппарат арқылы «Қолдан жасалған бүйрек»  аллогендік донорлық ауыстыру тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Профессор, д.м.н. Насыбуллина Х.С.1969-1991 жылдары аралығында Алматы мединститутының патофизиология кафедрасын меңгеріп, көптеген нәтижелі еңбектер атқарды. Кафедрада көптеген ықпалдардың тіндерге бірігіп әсер етулерін зерттеді. Мәселен: қансырау мен гипокинезияның, ішімдіктің, қантты диабет пен қансыраудың т.с.с. тіндерге біріккен әсерлерінің тәжірибелік маңызы зор екені ешқандай күмән келтірмейді. Осы сұрақтарға байланысты

7 кандидаттық диссертациялары (Н.М.Назаренконың, Ш.С. Қарынбаевтың, Т.П.Ударцеваның, А.А. Имамбаеваның, С.П.Лобановтың, Н.Ш. Сейтмухамбетованың) қорғалды.

Жануарлардағы тіндердің метаболизмдік және функционалдық нәруызбен қоректенуін қысқарту,  теңгерімдік емес, қоршаған ортаның ластануына байланысты кандидаттық диссертациясиялары  Н.Н.Рыспекованың, Г.Л.Муканованың, Н.В. Жуйконың, Ж.М.Дүйсенееваның қорғалды. Х.С. Насыбуллинаның қарамағында 14 кандидаттық диссертация, 2 ғылыми еңбек жинағы, патофизиологтар арасында республикалық ғылыми семинарлар өткізілді. Осы аралықта кафедра профессоры М.С.Сәулебекованың басқаруымен қорғалған механикалық монохромдық қызыл түсті қабынудың процесі тақырыбында А.А.Шортанбаев пен Т.Т.Мелдеханов кандидаттық диссертация қорғады.

Кафедра профессоры Х.С. Насыбуллина басқарған кездегі кафедраның атқарған жұмысындағы елеулі болған ерекшелік дәрістер мен сабақтарда ТОҚ-қолдану, студенттердің білімін машинамен және машинасыз сынақ бойынша сабақ барысында (ағымдағы) бақылау, емтиханның жазбаша-ауызша түрлері, студенттердің өзіндік жұмыстары және басқалар сияқты оқу–әдістемелік жұмыстардың жаңа түрлерін енгізу және жетілдіру жөніндегі белсенді жұмыстар болды.

1991-2013 жылдары кафедраны, профессор Т.А.Назарованың шәкірті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әділман Нұрмұхамбетұлы Нұрмұхамбетов басқарды. Бұл Қазақстандағы экологиялық патофизиологияның негізін қалаушысы. Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов, дизельдік қозғалтқыштар шығаратын жаңған жанармай газдары және ауыр металдар сияқты, қоршаған ортаны антропогенді ластайтын заттардың организмге әсер етуінің терең механизмдерін, сондай-ақ организмде болған өзгерістерді жергілікті өсімдік өнімдерінен (кучавки грушелистной, жалаңаш мия тамырына) алынған препараттардың көмегімен патогенездік түзетудің жаңа әдістерін дайындау жөніндегі зерттеулерге елеулі үлес қосты.

Ә.Н.Нұрмұхамбетовтың жетекшілігімен 3 докторлық (Т.Т.Мельдеханов, 1995; Т.П.Ударцева, 2002; Д.А.Адильбекова, 2009) және 14 кандидаттық (Д.А.Ахмедшина, М.К.Балабекова, Б.Ж.Касенов, М.Ж.Төлепбергенова ж.б) диссертациялар дайындалып қорғалды.

Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов «Миокард пен мыйды химиялық зақымдаудан антиоксиданттық қорғау» деп аталатын монографияның, 4 жаңалық ашуға авторлық куәліктің авторы, оның редакциясымен ғылыми еңбектердің 8 жинағы шығарылды.

Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов патофизиология сабағы мемлекеттік тілде жүргізілуінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол 200-ден астам ғылыми жұмыстарды, 11 кітап, оның 8-і қазақ тілінде, медициналық атаулардың 6 сөздігін баспадан шығарды. Ол медициналық ЖОО-ның студенттеріне арналған қазақ тілінде жазылған бірінші патофизиология оқулығының (1995) авторы, ол оқулық кейін 2000 және 2007 жылдары баспадан  қайта шығарылды. 2010 ж қазақ тілінде клиникалық патофизиология оқулығы шықты

Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов «Отличнику здравоохранения» және «Денсаулық сақтау ұйымының үздігі», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Құрмет белгісі», «Серебряная медаль КазҰМУ за вклад и развитие Медицинского образования РК» медальдарымен, ҚР тәуелсіздік күніне байланысты ҚР ДМ грамотасымен (2009), «Ең жақсы кафедрасы меңгерушісі» грамотасымен марапатталды, «С.Ж.Асфендияров атындағы сыйлықтың лауреаты».

Доцент   м.ғ.к. Шабаз Сибугатуллаұлы Қарынбаев, 2003-2005 жылдары   кафедраның меңгеруші қызметін атқарды. Осы уақыттарда кафедрада жаңа иновациондық оқу әдістері қолданылды, лаборатория жануарларына тәжірибені бейнефильмге түсіріп көрсету, мультимедиалық проектор арқылы дәрістер оқу (доц Рыспекова Н.Н., доц Қасенов Б.Ж.), компьютерде  оқу жоспарын өңдеу, (доц Ш.С.Қарынбаев, доц Н.Н. Рыспекова). Доцент Ш.С. Қарынбаев жаңа келген оқытушылардың кәсіби деңгейін жетілдіруіне көп көңіл аударды.

2005-2007 жылдары кафедра меңгерушісі болып, жоғарғы дәрежелі патофизолог, тәжірибелі ұстаз және дәрісті медицина ғылымының докторы Татьяна Павловна Ударцева басқарды. Т.П.Ударцеваның 100-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы, сонымен бірге «Механизмы адаптации к совместному воздействию свинца и ограничения движений» атты монографиясы басылып шығарылды. Бұл кісінің жетекшілігімен екі кандидаттық диссертация қорғалды. (Жуйко Н.В, Дуйсенеева Ж.М). Осы жылдар аралығында оқу-әдістемелік үрдіске  үлкен жұмыс жүргізілді және кафедраның    материалдық-техникалық негізін жақсартуға көңіл бөлді. Жас патофизолог-маман дайындауға көп көңіл аударды. Т.П.Ударцеваның ұйымдастыруымен «Жас патофизолог мектебі» және теориялық семинар ұйымдастырылды.

2013 жылдан кафедра меңгерушісі болып, м.ғ.к.  доцент Балабекова  Марина Қазыбайқызы болды. М.К.Балабекова ғылыми жұмысқа белсенді қатысады, «Қазақстанның қарт адамдарының өмір сүру ұзақтығын белсендіру үшін қартаюға қарсы үлгіні өңдеу», «  »  атты  екі  ҒТЖ қатысады, 100-ге жуық М.К.Балабекова студенттерді ғылыми-ізденіс жұмысқа қатысуға тартады. Кейінгі бес жыл ішінде студенттердің жұмысына жетекші болды. Студенттер ҚазҰМУ-ң үшінші  турға қатысып жүлдеге ие болды сонымен бірге халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (г. Киров, 2013, 2013) қатысты.

Оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмысындағы табыстары үшін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың қола медалімен, В.И.Вернадский атындағы күміс медалімен марапатталды, «Ғылым мен білімге еңбегі сіңген қызметкер» РАЕ атағы бар. ҚазҰМУ–дың заманауи патофизиология кафедрасы, оқу үрдісін ұйымдастыру деңгейі бойынша университетте негізгі кафедралардың бірі болып қалып отыр.

Кафедрада маман оқытушылар, 2 ғылым докторлары, 9 ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Ғылыми дәрежесі мен атақтары бар оқытушылардың үлесі 73% құрайды. Профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов С.Ж. Асфендияров атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры атағының иегері.

Кафедрада білім деңгейі жоғары, медицина ғылымының заманауи жетістіктеріне сәйкес тез және тиімді әрекет етуге қабілетті, клиникалық ойлау спектрі кең, денсаулық сақтау практикасына жаңа технологияларды және инновацияларды енгізуге дайын жас мамандарды дайындауға бірінші дәрежелі мән беріледі. Осы мақсатта заманауи оқу-әдістемелік материалдар жасау жұмысы ұдайы жүргізіледі.

Кафедра ұжымы 2006-2012 жылдардағы МЖМБС–ке сәйкес, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жаңа оқу-әдістемелік құжаттар дайындады, барлық мамандықтар бойынша ПОӘК дайындады, дәрістер мен сабақтардың мультимедиялық көрсетілімдер банкі бар. 2012 ж. студенттерге арналған әдістемелік нұсқауларға үш тілде атау сөздер мен анықтамалардың глоссариі енгізілді, бұл 2010-2011 оқу жылында ЖОО-да енгізілген үш тілде оқыту бағдарламасын белгілі бір дәрежеде, кафедрада іске асыруға мүмкіндік берді.

Кафедрада, қазіргі заман талаптары болып табылатын, инновациялық технологияларды: Кейс-стади, кейбір патологиялық үрдісті жасанды түрде келтіретін кейіпкерлік ойындар, оқытатын компьтерлік бағдарламалармен жұмыс істеу, патологиялық үрдістерді үлгілеу жөнінде студенттердің бейнефильмдер жасауы, сабақ тақырыбы бойынша ғаламтордан алынған бейнероликтерді көру және талқылау т.б. енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.

Кафедрада студенттердің оқу-әдістемелік материалдардың, электрондық нұсқасын алуға, ғаламтор арқылы әлемдік кітапханаларда жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін компьютерлік сынып ұйымдастырылған.

2010 жылдан бастап студенттердің білімін тараулар бойынша аралық және қорытынды бақылауды екі кезеңдік жүргізу енгізілді: 1-кезең тестілеу, 2-кезең чек-парағы бойынша клиникалық зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық талдау. Бұл бақылау әдісі, оқу үрдісіне қалыптастыратын, барлық 5 құзіреттілікті бағалауға мүмкіндік береді.

Кафедраның  ПОҚ-ы  ҚР  ДМ «Қартайған жастағы адамдардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуде қартаюға қарсы үлгі дайындау» атты ғылыми жобаның іске асырылуына қатысады. 2012 жылдан бастап «Ауыр металдардың гемауытты әсерлерін және ересек, кәрі жануарларда салыстырмалы түрде нормо және гипобариалық гипоксия көмегімен организмнің қорғаныстық-бейімделушілік тетіктерін белсендіру мүмкіншіліктерін зерттеу» тақырыбына бірлескен қазақстандық-қырғыздық ғылыми жоба орындалуда.

ҚР БҒМ (Аканов А.А., Нұрмұхамбетов А.Н.,Тухватшин Р.Р.) доцент Балабекова М.К. және оқытушы Жүкешева М.К. мингографта ұйқы артериясы мен күре тамырлар. Көктамырынан катетер енгізу арқылы жүректің қуыстарындағы қысымды зерттеу және гипоксикаторда егеуқұйрықтарды нормо және гипобариялық гипоксияны үлгілеу әдістемелерін игеру үшін  Қырғыз мед. Академиясына барды. Визитинг-профессор В.П. Куликовтың келуінің нәтижесі «Оценка влияния прекондиционирования гиперкапнической гипоксией больных  с дефицитной анемией» тақырыбына бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу туралы келісім жасау болды. Аға оқытушы М.Ж Төлепбергенова «Карбоник» емдік-диагностикалық кешенінің әдістемесін игеру үшін Алтай мемлекеттік мед университетіне барды. 7-ші қалалық аурухананың гемотология бөлімшесімен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісім дайындалды.