Оқу –әдістемелік жұмыс

Кафедра жұмысы ҚазҰМУ-дың стратегиялық жоспары негізінде жүзеге асырылады, оған сәйкес кафедраның барлық қызмет түрлері бойынша кешенді жоспары жасалады.

Оқу процесі ҚазҰМУ-дың ОҮЖжББ ұсынған кесте бойынша жүргізіледі. Пән бойынша соңғы үш жылғы  сабақ кестесі бар. Кесте оқу бөлімімен жасалады, оны академиялық жұмыс директоры  бекітеді. Қызметкерлердің сабақ кестесі, жұмыс кестесі, дәрістердің, тәжірибелік  сабақтардың тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары, БОӨЖ және БӨЖ кестелері   кафедра стендіне ілінді.

Тәжирибелік сабақтарды, дәрістерді және БОӨЖ өткізу үшін кафедрада студентерді  оқытудың бірнеше интерактивті әдістерін қолданады, бактериялық жағындылар, микроскоптар, қоректік орта және т. б. дайындалды, студенттердің тәжірибелік дағдыларды игеруі және оларды бағалау үшін бейнефильмдер мен бейнероликтер, презентациялар, мультимедиялық дәрістер, анимациялармен жабдықталады.

  1. Соңғы үш жылдағы  кафедра меңгерушісі және  оқытушылары басылымға шығарған оқулықтары, оқу және оқу — әдістемелік құралдары, оның ішінде мемлекеттік тілдегі шағын кітапханасы бар. Қазақ тіліндегі оқулықтардың жетіспейтін санына жыл сайын өтінім беріледі. Кітапханадан студенттердің пән бойынша оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілуі туралы анықтама бар. Барлық мамандықтардың  қазақ бөлімі үшін  2 курс студенттеріне  профессор Б.А. Рамазанова және Қ.Қ.Құдайбергенов жетекшілігімен шығарылған «Медициналық микробиология» оқулығымен қолданады. Ол 2010 жылы ҚР БжҒМ мен ДСМ РҰТО бекітіліп, 2011 жылы ЖОО Ассоциациасымен басып шығарылған. Электронды оқулық «Медициналык микробиология» Б.А.Рамазанованың және Қ.Құдайбергенулының редакциялауымен шыгарылган, 2012ж. Алматы.
  2. Медициналық микробиология, вирусология және иммунология  академигі Ресей академигі  В.В. Зверев, профессор М. Н. Бойченко редакциялаған, қазақ тіліне аудармашы және жауапты редактор Қ.Құдайбергенұлы. Мәскеу, “ГЕОТАР-Медиа”, 2016, 2 том.

Істер номенклатурасына сәйкес барлық қажетті құжаттама бар. Құжаттама папкалары СМЖ талаптары бойынша дайындалған. Оқытудың барлық тілдерінде дәрістердің,  тәжірибелік  сабақтардың, БОӨЖ және БӨЖ әрбір тақырыбы бойынша әдістемелік ұсынымдар, әзірлемелер бар.

Кафедрада студенттер білім алады:

-1-курс “Мейірбике ісі”, “Жалпы медицина”, “Педиатрия” мектептері;

-2-курс  “Жалпы медицина”, “Педиатрия”, “Стоматология”, “Фармация”, “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мектептері;

-3- курс  “Жалпы медицина”, “Педиатрия” мектептері  мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады. Кафедрада студенттер сызықтық және циклдік жүйе оқыту түрлері бойынша білім алады. Сәйкесінше “Биомедицина” және “Медицина” мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлайды. Былтырғы жылы  2 магистрлік жұмыс қорғалды. Қазіргі уақытта 4 докторант қорғауға дайындалуда.

Кафедрада соңғы 5 жылда студенттікорталықтандырылған оқытуды жүзеге асыру үшін “Жалпы медицина” мамандығының 3 курс студенттері “Венерологиялық аурулар мен микоздардың зертханалық диагностикасының негіздері” атты интеграцияланған элективті курсын оқиды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның ПОҚ “Медициналық паразитология негіздері” жаңа пәнінен сабақ береді. 2020 жылдан бастап микробиологиялық тақырып үш тілде оқытылатын “Клиникаға дейінгі зерттеулер негіздері”, “Иммундық жауап”, “Инфектология”, “Ауыз қуысының микробиологиясы”, “Іргелі медицина ғылымдары” модульдік пәндердің құрамына кіреді. Коронавирустық инфекцияның пандемиясы кезінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қашықтықтан оқытуға бейімделген жаңа оқу-әдістемелік материал  дайындады. 2020-2021 оқу жылының басынан бастап кафедра магистранттармен және докторанттармен жұмысты бастады. Осыған байланысты кафедра қызметкерлері магистранттар үшін “Кәсіби-бағдарланған шет тілі”, сдокторанттар үшін “Медицинадағы клиникалық зерттеулер” және “Клиникалық медицинадағы қолданбалы зерттеулер” элективті курстары үшін жаңа оқыту контентін  жасады.

Оқу процесін жүзеге асыру үшін кафедрада зертханалық жабдықтар мен құралдар, техникалық оқыту құралдары, электрондық бағдарламалар мен интерактивті зертханалар, YouTube арнасында (@user-pq3de4cx5x) анимациялық бейнефильмдер пайдаланылады. Қазіргі уақытта көргендер  саны-312 667. Moodle және Microsoft Teams платформаларында оқыту контенттері де бар.

Барлық мамандықтардың силлабустарында ағымдағы бақылауды, аралық  бақылауды және қорытынды бақылауды бағалау критерийлері мен ережелері бар. Білімі және  түсіну, оны  қолдану, пайымдауды қалыптастыру, оқу дағдылары немесе оқу қабілеттері және коммуникативті қабілеттер дағдылары бойынша бағаланады.  Кафедрада, барлық  университеттегіндей  білімді бағалау үшін баллдық-рейтингтік жүйе қолданылады. Оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары бар. Олар жұмыстың барлық түрлерін көрсетеді: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік және ұйымдастырушылық. Барлық жеке жоспарлар толтырылып, кафедра  меңгерушіге қол қойғызады.

Электрондық оқу журналдары оқу журналын толтыру регламентіне сәйкес толтырылады.  Кафедра отырыстары оқу жылының басында бекітілген жоспарларға сәйкес өткізіледі. Кафедра отырыстарының хаттамалары бар. Жыл сайын кафедра қызметтің барлық түрлері бойынша жылдық есептер жасайды, олар  «Жалпы медицина–1»  мектебінің деканатына тапсырылады.