Кафедра тарихы

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің акушерия және гинекология кафедрасының  17.07.2006 жылғы  №269 бұйрығына сәйкес қайта құрылуына байланысты №1 акушерия және гинекология кафедрасы ұйымдастырылды.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары -әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, периконцепционды алдын- алу және перинаталдық медицинаның  ғылым негіздерін жетілдіру.  Кафедрадағы ғылыми жұмыстар білім беру және тәжірибелік дағдылармен тиімді түрде үйлестірілген. Кафедра қызметкерлері акушерия мен гинекологияның өзекті сұрақтарын шешуге алып келетін күрделі ғылыми және тәжірибелік маңызы бар зерттеулерді жүзеге асырады.

Омарова Гульжахан Кашкинбаевна

№1 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі-м.ғ.д., профессор

Г.К.Омарова Қазақстан және Америкалық лапароскопистер қоғамдастығының, Еуропалық гинекологтар қоғамдастығының, Еуропалық аномалдық жатыр бұзылыстар қоғамдастығының, Еуропалық эндометриоз бойынша сараптамалық Кеңесінің (SEUD), ҚР акушер- гинекологтар ассоциациясының, Қазақстандық Репродуктивті Медицина Ассоциациясының, Қазақстандық жыныс және репродуктивті денсаулық ассоциациясының мүшесі. Г.К. Омарова-ның ҚР, ТМД және шет елдердің басылымдарында жарияланған 140-тан астам ғылыми жұмысы, оның ішінде өнертапқыштыққа 11 рационализаторлық пікір мен патенттері, постерлік баяндамалар мен халықаралық конгрестерде (Сингапур, Италия, Прага, Барселона және т.б.) сөйлеген сөздері бар.

Презентация: AAGL