Кафедра тарихы

Ішкі аурулар кафедрасы Ұлттық Медицина Университетінің жас кафедраларының бірі.  Ол 2019 жылы 3 бөлек кафедраларды бірлестіру арқылы құрылған: №1, №2, №3 ішкі аурулар кафдралары.

  • №1 Ішкі аурулар кафедрасы 2003 жылы  ішкі және кәсіби аурулар пәнін беруге құрылған, кафедра меңгерушісіне м.ғ.д. профессор Багира Шарипбайқызы Тукешова бекітілді. 2015-2016 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.д. профессор Гаухар Медеубайқызы Курманова атқарды. ҚазҰМУ қайта құрылуларының нәтижесінде университеттегі оқу барысын оңтайландыру үшін кафедра мен модульдер біріктірілді, 03.10.2016 ж. ректордың бұйрығымен кафедра меңгерушісі болып Шолпан Сауатбекқызы Садыкова тағайындалды. 2018-2019 оқу жылында бастап Сугралиев Ахметжан Бегалиевич кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

  • №2 Ішкі аурулар кафедрасы 2016 жылы төменде көрсетілген кафедраларын негізінде құрылған:
  1. №1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы, 1991 жылы құрылған, көп жылдар бойы профессор Дулат Сейтжанович Полимбетов басқарған, 2013 жылдан бастап кафедраны профессорр Беркимбаев С.Ф. басқарған.

2. №2 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы – Университеттің бұрыннан келе жатқан клиникалық кафедралардың бірі, 1938 жылы госпиталды терапия кафедрасы болып құрылған. 1952 жылдан бастап госпиталды терапия кафедрасын алғашқы профессор атанған қазақ әйел, медицина ғылымдарының докторы терапевт Казақ КСР-не еңбек сіңірген Сатпаева Райхан Абикеевна, 2003 жылдан бастап кафедра басшысы көп жылдар бойы медицина ғылымдарының докторы, профессор – Айдаргалиева Н.Е.

3. №3 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы, кафедра 1980 жылы госпиталды терапия кафедрасы болып құрылған. 2012 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан  ғылымына еңбек сіңірген Даулетбакова Марьям Ильясовна басқарған.

2012 жылдан бастап кафедраны – медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары дәрежелі дәрігер терапевт «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» –  Искаков Бауржан Самикович басқарды;

  • №3 Ішкі аурулар кафедрасы 2016 жылы №2 терапия бойынша интернатура және резидентура, нефрология, спорттық медицина кафедраларының негізінде құрылды. Ұйымдастырудан бастап кафедраның басшысы м.ғ.д., профессор Айдаргалиева Н.Е. болған, 2018 жылдан бастап – м.ғ.к. Машкунова Ольга Васильевна.

 

Ішкі аурулар  кафедрасының меңгерушісі, Еуропалық кардиологтар қоғамының тромбоз бойынша жұмыс тобының мүшесі, ЕОК және жүрек жеткіліксіздігі бойынша жұмыс тобының мүшесі Сугралиев Ахметжан Бегалиұлы

Қазіргі уақытта кафедраның негізгі құрамында 5 профессор, 8 доцент, 19 ассистентер жұмыс істейді.

Кафедрада 10 басты клиникалық базалар бар: №1 қалалық клиникалық ауруханасы, №7 ҚКА, ҚЖЖКА, КжІАҒЗИ, ҚРП ІБ МОКА, ОҚКА,

А.Н.Сызганов атындағы ҰҒХО, №4 ҚКА, АККА, ІІМ госпиталі.

 

Кафедра кәсіби дәрігерлерді дайындайтын басты әдістемелік орталық болып табылады. Кафедрада жауапкершілікті дәрігерд мақсатымен  жұмыстар жүргізіледі.

Кафедра оқытушылары өздерінің кәсібі біліктілігін үнемі еңселендіреді.