Жемқорлық

Қазақстан Республикасы Президенті өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған биылғы Жолдауында қоғам дамуының бүгінгі күнгі өзекті мәселесі болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті жүзеге асыру туралы:«Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру»,– деп ашып көрсетті.. Қоғамда белең алып отырған жемқорлық  мемлекетіміздің өркендеуіне кедергісін тигізеді.

Тамыр-таныстық, парақорлық ғылымның дамуын да тежейді. Ал ғылым – қоғамды алға жетелейтін алып  күш. Хакім Абай атамыз ғылымының маңызын: «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз»,– деп бір-ақ ауыз сөзге сыйғызған. Сапалы білім беруге кедергі келтіретін парақорлықпен күресте университетімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Университет әкімшілігінің осындай бастамаларын іске асыруға оқытушылар да белсене  атсалысып жүр. Қазақ тілі кафедрасының доценті, жалпы медицина факультетінің 037 топ тьюторы  Т.Қ.Зайсанбаевтың ұйымдастыруымен 6-ақпан күні өткен іс-шара соның бір айғағы.

Бұл іс-шараға келген университет заңгері Сүйінова Мәдина Иембергенқызы жемқорлықтың пайда болуына негіз болатын алғы шарттарға, оның келтіретіні зиянына жан-жақты тоқталып, пара беруші де, пара алушы да заңның қандай тармақтарымен жазаланатынын студенттерге түсіндірді.Соңынан студенттердің сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы ойларын білу, осы індеттің алдын-алу  мақсатында сауалнама жүргізді.

Қазақ тілі кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша жауапты оқытушысы Б.Н.Канленова.