Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Солтанай Жәнібек «Нұр Отан» партиясы Төрағасының алғыс хатымен марапатталды

2016 жылдың 20 наурызында кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы өткен болатын. «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанында белсенділік танытқаны үшін «Жалпы медицина» факультеті Студенттік Үкіметінің төрағасы Солтанай Жәнібек, Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті,«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Жәнібекті,осындай жетістігімен «Жалпы медицина» деканаты атынан шын жүректен құттықтап,белсенді еңбегіне жеміс,оқуында сәттілік тілейміз.

Scan1(1)