«Ел таңдаған Елбасы»

2013 жылғы 30 қараша күні ҚазҰМУ Гистология кафедрасы, Гистология-2  модулі тьюторлары: Алсиитова Ф.Д., Исимова Г.К., Кругликовская Т.Ф. мен «Жалпы Медицина» факультеті 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен INTRO VII корпусы №3 аудиторияда еліміздің Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел таңдаған Елбасы» атты ашық тьюторлық сағат өтті. Ашық тьюторлық сағатта «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттері  Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   халық біле бермейтін қырларын ашуға, балалық шағынан  бастап қазіргі кемелденген шағына дейінгі аралықтағы басынан өткерген өмір тарихы мен жеткен жетістіктері жайында толық мағлұмат беруге тырысты. Бағдарлама барысында Н.Ә.Назарбаевтың өмірі жайында «Жалпы Медицина факультетінің 3 курс студенттері Тұрсынбаева Меруерт пен Түменбаева Арайлым баяндады. Елбасымыздың атақтары мен наградалары, лауазымдық мәртебесі  жайында Смағұлов Нұрсұлтан айтып берді. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 22  жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. «Халықаралық деңгейдегі еліміздің жеткен жетістіктері» туралы  Сұлтанбек Меруерт баяндама жасады.  Әубәкір Ақмарал Елбасына арналған «Нұр аға» өлеңін оқып соңынан  Президентіміздің бастамасымен жасалып жатқан «Білім саласындағы бағдарламаларға» тоқталды. Батырбекова Алия Денсаулық сақтау саласындағы ауқымды бағдарлама  «2011-2015 жылдарға қабылданған саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін атап, кезеңдеріне тоқталды. Студенттер «Қазақстанда Тұңғыш Президент тарихи-мәдени ортылығы туралы»  баяндап  және Төлегенова Аяулым «Елбасына арнау» атты өлеңін оқыды. Елімізде Н.Ә.Назарбаев бастаған «Тәуелсіздіктің әр жылының өзіндік ерекшеліктері мен атаулары»  жайында Батырбекова Алия баяндама. Студенттер әр  баяндама соңында өздерінің өмір жолдарында шамшырақтай жол көрсете алатын осындай Елбасын мақтан тұтатындықтарын айтып жатты. Ашық тьюторлық сағат соңында қонақтарымыз Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының меңгерушісі, профессор Алмабаев  Ыдырыс Алмабаевич және Гистология кафедрасының профессоры Юй Рудольф Иванович, Гистология меңгерушісі доцент Ергазина Марал Жунусбековна сөз сөйлеп қорытындылады.