«Диабетологияның өзекті мәселелері: студент көзімен»

2013 жылдың 14  қарашасында дүниежүзілік диабетпен күрес күніне, эндокринология орталығында, кафедра ұйымдастыруымен және жалпы медицина  студенттік деканатының қатысуымен  «Диабетологияның өзекті мәселелері: студент көзімен» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция барысында өте көп өзекті мәселелер талқыланып, бірнеше баяндамалар жасалды. Нәтижесінде оқытушылар мен студенттер көптеген тың мәліметтермен таныс болды.Сонымен қатар,тек студенттердің баяндама жасауымен өткен мұндай конференция кафедра тарихында алғаш болып тұр. Бұл өте жақсы көрсеткіш!

Конференция соңында, төрешілер шешімімен,  ең жақсы баяндама жасаған жалпы медицина факультетінің студенттеріне жүлделі орындар беріліп, сертификаттар табысталды.

1 орынды ЖМ 4 курс 10-07-1 топ студенті Амалова Айдана иеленді.

2 орынды екі қатысушымыз:

ЖМ 4 курс 10-023-1 топ студенті Өтегенова Гүлсәнім

ЖМ 4 курс 10-52-1 топ студенті Ерментай Бибинұр иеленді.

3 орынды тағы екі қатысушымыз:

ЖМ 4 курс 10-23-1 топ студенті Былташ Салтанат

ЖМ 4 курс 10-07-2 топ студенті Мейранова Аяулым иеленді.