Тәрбие жұмысы

Кафедрада дәстүрлі түрде ЖМ мамандығының бірінші және екінші курс студенттерімен тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы кураторлар, ал 2022 жылдан бастап эдвайзер болып табылады. Кафедраның аға кураторы лектор Искиндирова А.М. Жыл сайын тәрбие жұмысының жоспары құрылып, соған сәйкес түрлі іс-шаралар өткізіледі.

</strong><strong>2021-22 оқу жылында әдістемелік-тәрбие жұмысы бойынша өткізілген іс-шаралар</strong><strong>

2022 жылы 26 мамырда Алматы қаласының тауларында 68-2, 65-2 және 69-1 топтарының ММФ студенттерімен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның үш мақсаты болды: 1) студенттердің жаяу серуендеу арқылы дене белсенділігін арттыру және туризмге деген сүйіспеншілікті ояту; 2) тауларда медициналық тақырыпта, атап айтқанда, тауларда зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету тақырыбында сабақ өткізу; 3) экологиялық акция өткізу және студенттерді табиғи жерлерде Бейорганикалық қалдықтардың ұзақ мерзімді ыдырауы туралы хабардар ету. Туристік сапар сағат 8-де басталды, 4 км шақырым теңіз деңгейінен 2000 м-ден астам биіктікке көтерілді. Тауға көтерілгеннен кейін сынықтар, әртүрлі қан кетулер, кене және улы жыландар шаққан кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері аясында сабақ өткізілді. Сондай-ақ, бұл аймақтағы экологиялық жағдай және қоршаған ортаға зиянды әсеріне байланысты қоқыс пен әртүрлі бейорганикалық қалдықтарды қалдыруға жол берілмейтіндігі туралы айтылды. Тупистік сапар сағат 15.00 шамасында қауіпсіз аяқталды, содан кейін студенттер үйлеріне қайтты. Осы тәрбие іс-шарасының барлық көрсетілген мақсаттарына толық қол жеткізілді.


2022 жылдың 2 сәуірінде 1- Жалпы медицина мектебінің 2–курс студенттерінің ОМ 20-020 — 1,2 топтарының кураторы, анатомия кафедрасының профессоры А.Т. Дүйсембаева Бегалин көшесі 82 мекенжайындағы “Жанұя” арнайы аралас балалар үйіне барды, онда негізінен мүмкіндігі шектеулі және ақыл-ой кемістігі бар балалар оқиды. Бұл күні студенттер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олар өздерімен бірге көптеген ойыншықтар, тәттілер мен сусындар алып келді. Балалар студенттермен бірге футбол, волейбол және басқа да спорттық ойындар ойнайды. Барлық балалар біздің студенттерге қатты қуанды, оларды құшақтап, кішкентай әңгімелерін айтты. Балалар қарым-қатынас қуанышын, жылулықты, шынайылықты, студенттеріміздің қамқорлығы мен назарын сезінді. Сонымен қатар, біздің студенттер өздерінің балалық ашықтығы, сенімсіздігі және назар аудару қажеттілігі оларды мейірімді және ақылды ете алатындығын түсінді.

Жамбыл Жабайұлы – ХХ ғасырдың Гомері

Жамбыл Жабайұлы 1846 жылы 28 ақпан күні дүниеге келген екен, соған орай 2022 жылғы 27 ақпан күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ анатомия кафедрасының кураторлары лектор Абилова Алтын Асқарқызы, доцент Искиндирова Айман Мансұрқызы және лектор Искакова Лунара Әлібекқызы Жалпы медицина факультетінің 2 курсында оқитын кураторлық топтарымен Жамбыл ауылындағы мұражайына барып келді. Мұражай болып тұрған үйде Жамбыл Жабайұлы өмірінің соңғы жеті жылында, яғни 1938-1945 жылдары тұрған екен, осы 12 бөлмелі үйді үкімет сыйға тартыпты. Мұражай іші өте әдемі, жарық, кең, Жамбыл атамыздың сөздеріне жазылған әндерді компъютерге жазып қойған, студенттер құлаққаппен тыңдап, риза болды. Экскурсовод барлық бөлмелердегі мұрағаттармен толық таныстырып, Жамбыл атамыздың өмірбаянын айтып берді. Студенттер жақсы демалып, бұрын білмеген ақпараттарға қанып, бір серпіліп қайтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

</strong><strong>2022-</strong><strong>23 оқу жылында әдістемелік-тәрбие жұмысы бойынша өткізілген іс-шаралар</strong><strong>

Анатомия кафедрасында 2022 жылдың қазан айының 11 күні сағат 12.30 Маншук Маметова атындағы 1 аудиторияда «Санжар Жаппарұлы Асфендияров – ХХ ғасырдың ғылым және денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қайраткері» тақырыбында конференция өткізілді.

Конференция кафедра профессоры Досаев Т.М. және лектор Абиырова Н.Б. ұйымдастырылды. Конференцияға ЖММ-1 мектебінің декан орынбасары Жакупова Қ.Б.,  Педиатрия мектебінің декан орынбасары Ибраимова Б.С., жастар саясаты басқармасының бас маманы Апсаттарова С.А., кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы, сонымен қатар кураторлық топ студенттері (ЖМ 21-013топ; ЖМ 21-014топ; ЖМ21-033 топ.) мен 1 және 2 курс жалпы медицина және педиатрия мектептерінің студенттері қатысты. Іс – шараның мақсаты: өзінің кәсібіне деген адалдыққа тәрбиелеу, ұлы тұлғаның еңбектеріне деген құрмет пен білімге деген құштарлықты арттыру.

Конференция танымдық және достық қарым қатынаста өткізілді, шақырылған қонақтар, оқытушылар және студенттер белсенді ат салысты.  Конференцияның соңында қатысушылар университеттің Ғылыми кітапханасы  ұйымдастырған,  Санжар Жаппарұлы Асфендияровтың еңбектері ұсынылған «Алаштың ардағы» атты көрмені тамашалады. Іс шараның соңында лектор Абиырова Н.Б. қорытынды сөзін айтып, алғысын білдірген соң,  «Ата-мекен» әні айтылып, аяқталды.

 

2022 жылың 23-ші желтоқсанында 2022—2023 жылдың қоғамдық – тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес  лектор Мусина  Майра Сакыпкерейкызы мен ассистент Кенбаева Салтанат Рысбековна ЖМ21-42 және ОМ21-028 топтарымен көрнекті қайраткер Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110-жасқа толуына орай Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражай үйіне эксурсияға барды.

Кураторлық сағаттың мақсаты: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы танымдық білімін жетілдіру және Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде дамуы қалыптасуына зор үлес қосқаны туралы танымдық білімін жетілдіру.

Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев – кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик, құрметті азамат, көрнекті қайраткер, ұлы адам, ірі тұлға. Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді.

ОМ21 – 42 тобының эдвайзері лектор Мусина М.С.

ЖМ 21-028 тобының эдвайзері  ассистент Кенбаева С.Р.

2022 жылдың 26-желтоқсанында кураторлық топтармен қазақтың ұлы жазушысы, тұңғыш роман-эпопеясын жасаушы, орыс және еуропалық классиктердің аудармашысы, драматургі,  ғалымы – шын мәнінде сарқылмас әдеби мұра қалдырған, Абайды ашқан адам Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: тарихи көзқарасты, өз еліне, халқының мәдениетіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Өткізу формасы мен әдістері: шағын топтарда жұмыс, әңгімелесу. Іс-шара анатомия кафедрасында офлайн режимде өтті. Барлық қатысушылар жақсы дайындалып, белсенділік танытты.

Дөңгелек үстелге кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, кафедра эдвайзер-оқытушы Пернебекова С.П. және жетекшілік ететін ЖМ21-005к және ЖМ21-006к топтары.

Эдвайзер Пернебекова С.П кіріспе сөзінен кейін жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы, қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі, өмірбаяны туралы екі баяндама тыңдалды. ЖМ20-005к тобының студенті Сейсенбек Нұрсаид Жәнібекұлы «Әуезов – әлемдік тұлға» тақырыбында баяндама жасап, ақынның өмірбаянына тоқталды. Екінші баяндаманы ЖМ21-006к тобының студенті Оразбаева Гүлсевар Рашидқызы «Мұхтар мұрасы – халық қазынасы» тақырыбында жасап, М.Әуезовтің шығармашылығы мен әңгімелерінің негізгі тақырыбына тоқталды. Дөңгелек үстел барысында баяндамалар оқылып, ән шырқалып, күйлер орындалды. Кейін эдвайзер Пернебекова С.П. осы тақырып бойынша сұрақтар қойды. Оқушылар белсенді жауап берді, барлық жауаптар жан-жақты талданды.

7 сәуір 2023 жылдың  Дүниежүзілік денсаулық күніне орай топографиялық анатомия курсымен  біріккен С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының лекторы Абилова Алтын Аскаровнаның басшылығымен және Жалпы медицина факультетінің 2 курс 17-18 топтар   студенттері «Жаныңның саулығы- денсаулық байлығы» атты тақырыптағы  тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс шараға шақырылған аса құрметті  қонақтар   жалпы медицина  факультеті деканының орынбасары  Маймақова Айгерим Мейірбековна және анатомия кафедрасының  аға тәлімгері Назым Бейсеновна Абиырова, лекторлар Искакова Л.А., Балапанова А.А. және ассистент Сайдахматова А.Қ. қатысты. Аға тәлімгер Назым Бейсеновна  Дүниежүзілік  денсаулық күнімен құттықтап, әрбір адамның денсаулығы өз қолында, ол үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керектігін ескертті.   Осы іс-шарадан қажетті мәліметтер аласыздар деп сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.

Студенттер  Адамның денсаулыгы – қоғам байлығы, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», «бірінші байлық – денсаулық». Денсаулық ұғымына студенттер өз түсініктерін ортаға салып, белсене қатысып, өз ойларын талқылады. Жалпы медицина факультетінің  2 курс студенті Муратова Ақбота «Денсаулық» жайлы анықтамалар презентациясын көрсетті. Студенттер дайындаған  бейнеролик, слайд, кроссворд, ойын ұйымдастырып денсаулық – адамның ең басты қасиеті де қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетінің орны толмас асыл қазына екенін студенттер денсаулықты бағалау керектігін түсінді. Сергіту сәтінде 2 курс студенті Ерсаинова Аманкүл күй тартты және Нурай Муқағали Мақатаевтың «Жоқ дәрігер»  өленің оқыды. Белсене қатысқан студенттерге сыйлық берілді.

Осы  іс-шара  арқылы студенттер денсаулық  өмірде маңызды екенің түсінді. Бұл студенттерге аса маңызды тәрбиелік іс-шара болды.

27.03.2023 ж. анатомия кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес ұлттық және мемлекеттік мерекелерге орайластырылған іс-шаралар шеңберінде және ұлтаралық достықты, толеранттылықты нығайту бойынша ОМ21-38 және ОМ21-39 топтарымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында студенттер Талапи Адина мен Бейбіт Әліби “Ұлттық және мемлекеттік мерекелер. Ұлтаралық достық пен толеранттылықты нығайту” тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлері мен мерекелері сипатталды. Сөз сөйлегеннен кейін студенттермен осы тақырыпты талқылау өткізілді.

ОМ21-38 және ОМ21-39 топтарының эдвайзері лектор Сыздыков Д.М

Топографиялық анатомия курсымен біріккен С.Р. Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының ассистенті Сайдахметова Айдана Қанатқызы және П22-005 және П22-008 топ студенттерінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12-мамырда Халық хаһарманы жазушы, партизан Қасым Қайсеновке арналған «Ер есімі-ел есінде» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен 1-курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне және Халық хаһарманы жазушы, партизан Қасым Қайсеновтің 105-жасқа толуына орай   студенттерді өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Қасым Қайсенов 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. Қасым Қайсенов 1940 жылы әскерге шақырылып, кейін Мәскеу маңындағы әскери барлаушы мектебіне жіберіледі. Мұнда барлаушыларды екі бағыт бойынша дайындаған: бір тобын Шығыс Түркістан өлкесін Совет құрамына қосуға және Қытай мен Жапонияға қарсы соғысқа жұмылдырмақ болса, екінші тобын батыстағы майдан үшін пайдаланбақ болды. Қасым Қайсеновтың тағдыры герман-совет соғысына байланысты өрбіді.

Іс-шара барысында студенттер Қасым Қайсеновтың өмірбаянына, шығармаларына баяндама жасап, өлеңдерін оқыды. Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» атты шығармасына көрініс қойды.

Сонымен қатар студент Маратов Арна «Түркімен», «Аққу» күйлерін орындады. Көрермендерге Quizizz платформасында сұрақ жауап ретінде ойын ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің орындауында «Катюша» әнімен аяқталып, оқытушылар құрамына сөз берілді.

</strong><strong>2023-24 оқу жылында әдістемелік-тәрбие жұмысы бойынша өткізілген іс-шаралар</strong><strong>

«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» ардагер ұстаздармен  8 наурыз мерекесіне арналған кездесу кеші

С.Р.Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасы атынан ардагер аруларға арналған меркелік кеш болды. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген шәкірттеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің  орны ерекше. Атап өтсек кафедра ардагер ару ұстаздары Музапарова Ляйля Садыковна, Некреева Таисия Леонидовна, Стамкулова Майра Есимкеевна, Дюсембаева Асья Тулебаевна, Уважанова Айгуль Стальевна кештің қадірлі қонағы болып төрден орын алды.

Кафедра мұғалімдері  Абилова Алтын Аскаровна, Байгамысова Динара Сагатпековна, Кенбаева Салтанат Рысбековна кураторлық топтармен ЖМ-57-58, 44-43, 47-48 бірге ән кешін ұйымдастырды. Барлық қонақтарға жылы құттықтаулар айтылып гүлшоғырлар ұсынылды.


С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының лекторлары Сайдахметова Айдана Қанатқызы, Мукашева Меруерт Муратбековна және ассистент Қуатбекова Ақнұр Қуатбековна ұйымдастыруымен М23-09қ және М23-37қ топ студенттерінің ұйымдастыруымен Совет Одағының батыры Мәншүк Маметованың туған күніне орай  2023 жылдың 23 қазан күні  «Мәншүк – мәңгі есім» атты университет деңгейінде еске алу кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты: аты аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Студенттердің бойына патриоттық сезімін ояту. Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу.

Іс-шараға кафедра оқытушылары мен 1-курс студенттері қатысты. Еске алу кеші 2 бөлімнен тұрды. І бөлім Университеттің проректорының қатысуымен болған бұл еске алу кеші Датхаев Убайдулла Махамбетовичтің сөзімен ашылып, М. Мәметова ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болды. ІІ бөлім Мәншүк Мәметова атындағы №1 аудиторияда «Мәншүк – мәңгі есім»  атты еске алу кешімен жалғасын тапты.

Іс-шара барысында студенттер Мәншүк Мәметованың өмірбаянына баяндама жасады. 1-курс студенттері Таирқызы Жанерке, Сатыбалды Дана және 2-курс студенті Литпин Анельдің орындауында Мәншүк Мәметоваға арнап шығарған өлеңдерін оқыды. Соынмен қатар Мұхамеджан Бекзаттың орындауында «Баламишка және Әлқиса» күйлерінен папури орындады. Студенттер “Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова” атты көрініс қойылды. Іс-шара студенттердің орындауында «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталды. Жасалған іс-шарамыздың соңы жалпы медицина мамандығының 1-курс студенттеріне алдағы білім жолына сәттілік тілеп, өз алғысын білдірген Жалпы медиицна-1 мектебінің деканы Слу Хабибиевнаның сөзімен аяқталды.

Кафедраның әлеуметтік-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған іс-шаралар аясында 2023 жылдың 28 қарашасында кураторлық топтармен «Темекі шегуден бас тарту күні» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жалпы медицина факультетінің 23-067, 23-068, 23-051, 23-052 топтарымен бірге.  Дөңгелек үстел барысында жоғарыда аталған топтардың студенттері «Темекі және темекі шегудің тарихы», «Вейп және денсаулық», «Темекі» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Баяндамалар  барысында темекі шегудің тарихына қысқаша тарихи деректер беріліп, жастар арасында кеңінен таралған электронды темекі шегудің зияны туралы айтылды.  Кейін  студенттермен  осы  тақырыпта пікірталас  жүргізілді.

2023 жылдың 13 желтоқсанында сағат 12.00-де Мәншүк Мәметова атындағы аудиторияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараны қалыпты анатомия кафедрасы ЖМ факультетінің 1 курс студенттерімен (39, 40, 61, 62 топтар) ұйымдастырып, өткізді.

Кафедра оқытушысы, м.ғ.к., доцент Уважанова А.С. оқиғаның сценарийі дайындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні. Ел тұрғындары бұл датаны жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтеді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.

Бұл іс-шараның мақсаты – туған жерге деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш пен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру. Тарих алдында әрбір адамда жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шараға жалпы медицина мамандығының 80-нен астам 1 курс студенттері, сонымен қатар қалыпты анатомия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы бұл шараға қатысқан студенттерді жоғары бағалады.