Тәрбиелік жұмыс

«Жастардың құқықтық мәдениеті және оның маңызы» тақырыбында өткізілген іс-шара бойынша есеп

2023 жылдың 27 қарашасы күні жалпы иммунология кафедрасында жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында тәрбие сағаты жүргізілді. Ұйымдастырушы: кафедра ассистенті Берікқызы А. Қатысушылар: Жалпы медицина мектебінің 3 курс ЖМ21-026 топ студенттері.

Тәрбие сағатының басты мақсаты – студенттерде құқықтық мәдениет пен құқықтық сана туралы түсінік қалыптастыру, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамыту үшін осы элементтердің маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында студенттер арнайы баяндама жасап, «Құқықтық мәдениет» тақырыбын толық ашып, сабақты ойын-жарыс ретінде өткізді. Модератор студенттер арасында пікір-талас жүргізді. Студенттер құқықтық мәдениет деңгейлері, құқықтық мәдениеттің нақты өмірдегі қызметі туралы, азаматтар мен қоғам үшін құқықтық мәдениеттің маңыздылығы туралы сұрақтарға белсенді жауап берді.

 

2021-2022 оқу жылында Жалпы иммунология кафедрасында өткізілген іс -шаралар

2021 жылдың 30 қарашасында жалпы иммунология кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара өтті. Стоматология факультетінің 3 курс 19-007-1 топ студенттері «2021 – Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылы» тақырыбында баяндама жасады. Тұсаукесерде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы, Тәуелсіздік туралы заң, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Тұңғыш Президенті, еліміздің көп ұлттылығы және Қазақстанның астанасы сияқты тақырыптар қамтылды. Спикерлер: Айтмұханбетова Амина, Алиддинов Хавас. Іс-шара соңында студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, презентацияның негізгі тұстарын талқылады. Ұйымдастырушы: жалпы иммунология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Жубантурлиева А.Б.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай 2021 жылдың 2 желтоқсанында «Мұқағали – жыр дүлділі»” атты іс шара өткізілді. Ұйымдастырушы: жалпы иммунология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Бижигитова Б.Б. Іс-шараға Стоматология мектебінің 3 курс студенттері қатысты.
Кештің мақсаты – ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту. Кеш барысында өнерлі студенттер ақынның сыршыл поэзиясын тарту етті.

2021 жылдың 22 қарашасында жалпы иммунология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Нурмуханбетова А.А. және кафедра ассистенті Охас І.М. ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Стоматология мектебінің 3 курс СТ19-001-2 студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар заман дертіне айналған індеттердің алдын алу жолдарымен бөлісті, спорттық ойындар ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның мақсаты: білім алушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қалыптастыру, студенттердің денсаулық және салауатты өмір салты туралы білімдерін жаңарту және дамыту; белсенді өмірлік ұстанымға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.

2022 жылдың 3 наурызында Қазақ педагог-ағартушысы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: кафедра профессоры, м.ғ.к. Тарабаева А.С. және кафедра ассистенті PhD Абильбаева А.А. Қатысқандар: кафедра лекторы Куашова Д.К., Педиатрия мектебінің 3 курс 004-2 топ студенттері, Жалпы медицина мектебінің 3 курс 016-1 топ студенттері.
Іс-шараның мақсаты – алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтермен студенттердің білімін толықтыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы жастарды – имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ, Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу болатын.
Іс-шара барсында П19-004-2 топ студенттері Ыбырайдың өмір жолы туралы бейне материалдар мен шығармашылығына арналған слайдтар көрсетіп, ұлы ұстаздың өлеңдерін мәнерлеп оқып ерекше өнерлерімен тәнті етті.

2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығында Жалпы иммунология кафедрасында өткізілген іс –шаралар

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау ережелерімен таныстыру іс-шарасы бойынша есеп.
Жалпы иммунология кафедрасының бекітілген жоспарына сәйкес 2022 жылдың 21 қазан күні кафедра лекторы Абильбаева А.А. ЖМ20-025 және ЖМ20-026 кураторлық топ студенттерімен Zoom платформасында «Әрбір азаматтың міндеті» атты тәрбие сағатын жүргізді. Тәрбие сағатының басты мақсаты – студенттердің патриоттылығын жоғарылату, сайлауға қатысу әр азаматтың міндеті екеніне көз жеткізу.
Кездесу барысында студенттермен сайлау, сайлауға қатысу, Қазақстан Республикасының негізгі заңдары, мемлекеттің және әрбір азаматтың болашағы туралы сөз қозғалды. Студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттер Қазақстан Республикасының болашағы өздерінің қолында екенін сезініп, сайлауға қатысудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізді.

Тәрбие сағаты «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»

09.11.2022ж. күні жалпы иммунология кафедрасының доценті А.Б. Жубантурлиева жетекшілігімен, Жалпы медицина мектебінің 3 курс ЖМ20-015 тобында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты тақырыпта студенттер өз пікірлерін ортаға салды. Осы іс-шара барысында студенттер презентациялық материал дайындап, онда сыбайлас жемқорлықтың басқа мемлекеттерде және Қазақстанда кездесетіндігін, сыбайлас жемқорлыққа әкелетін жәйттардың ерекшеліктерін көрсетті. Соңында, студенттер кері байланыс ұйымдастырып, жеке студенттер сауалнамаға жауап берді, Слам Әбдіхалық өз ойын ашық жеткізді. Оның ойын Еркебек Әсел қолдап тақырыпты ары қарай өрбітті. Тәрбие сағаттымыздың соңын Бақберген Әсем «сыбайлас жемқорлықсыз әлем-бұл біздің әлем»,- деп түйіндеді.

«Сенің таңдауың Елдің болашағы» атты тәрбие сағаты

2022 жылдың 18 қарашасында тәрбие жұмысының іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы иммунология кафедрасында «Сенің таңдауың елдің болашағы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Ұйымдастырушы: доцент Нурмуханбетова А.А. Іс-шараға Жалпы медицина мектебінің 3 курс ЖМ20-018 топ студенттері қатысты.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шара
2022 жылы қарашаның 10 жұлдызында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шара өтті. Ұйымдастырушы: кафедра лекторы Куашова Д.К. Қатысқандар: Жалпы медицина мектебінің 3 курс 20-014 топ студенттері.
Іс-шараның мақсаты – әлем таныған М. Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, студенттерді елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.Іс-шара барысында Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейне материалдар көрсетілді және студенттер баяндама жасады.

2023 жылдың 6 сәуірінде GM20-121, GM20-133 топтарында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Денсаулық барлығына» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл күн денсаулықтың баға жетпес байлық екенін және оны сақтауға және нығайтуға бар күш-жігерін салу керектігін еске салуға арналған. Биылғы Дүниежүзілік денсаулық күні ДДҰ жұмысының жетекші қағидаты болып табылатын «Денсаулық барлығына» ұранымен атап өтілуде. Жауапты: жалпы иммунология кафедрасының профессоры, м.ғ.к. Тарабаева А.С.

 

Кураторлық топтармен «Рухани адамгершілік» тақырыбында өткізілген іс-шара бойынша есеп

        28 сәуір  2023 жылы жалпы иммунология кафедрасында   кураторлық топтармен «Рухани адамгершілік» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ұйымдастырушылар: кафедра лекторы, PhD А.А. Абильбаева және ЖМ20-025, ЖМ20-026 кураторлық топтарының студенттері. Қатысушылар: жалпы иммунология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, жалпы медицина мектебінің 3 курс 023, 024, 021, 028 топтарының студенттері. Ашық сабақтың басты мақсаты – тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Іс-шара барысында 025 және 026 топтарының студенттері  ашық сабаққа арнайы баяндама жасап, «Рухани адамгершілік» тақырыбын толық ашып, оны түсіну үшін топтарға бөлініп, сабақты ойын-жарыс ретінде өткізді. Ашық сабақ бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең – сұрақ-жауап кезеңі. Модератор екі топқа тақырып бойынша сұрақтар қойып, студенттер арасында пікір-талас жүргізді.  Екінші кезеңде тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер қарастырылды. Үшінші кезеңде студенттер ситуациялық есептер шешіп, өз пікірлерімен бөлісті. Ашық сабақ соңында студенттер адамның асыл қасиеттері, өмір заңдылықтары және адамның бойынан табылатын жаман қасиеттерден аулақ болу  туралы ой түйді.

Бейнеролик пен суреттер есепке қоса тіркелген.

Жалпы иммунология кафедрасының 2023-2024 оқу жылына

тәрбие жұмысы бойынша жартыжылдық есебі

 

 

Нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі Сандық мән Қол жеткізілген көрсеткіш бойынша толық ақпарат Орындау және орындамау себептері
Жоспар бойынша Іс жүзінде
    1 2 3 4 5 6 7
1.4 Патриоттық сананы қалыптастыру
1.4.1 “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Әдеп және эстетика негіздері” тақырыбында тәрбие сағаты

 

Студенттер саны 10-нан астам 12 2023 жылдың 31 қазанында Жалпы медицина мектебінің 3 курс ЖМ21-032, ЖМ21-031 топ студенттерінің қатысуымен және жалпы иммунология кафедрасының лекторы І.М. Охастың  ұйымдастыруымен “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Әдеп және эстетика негіздері” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Өткізілген тәрбие сағаты барысында – кішіпейілділік, әдептілік, мәдениеттілік, ар-ұят, адамгершіліктің басты ұстанымдары туралы талқылау, ой алмасуға ұласты.
1.4.2 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара

 

Студенттер саны 20-дан астам 32 2023 жылдың 1 желтоқсанында Жалпы иммунология кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар: лектор, PhD Абильбаева А.А. және Жалпы медицина мамандығының 3 курс ЖМ21-022 топ студенттері. Іс шараға 1-ЖММ 3 курс ЖМ21-023, ОМ21-046 топ студенттері және жалпы иммунология кафедрасының оқытушылары қатысты. Мерекелік іс-шара барысында Майлыбай Әліби “Тәуелсіздік және Қазақстан” тақырыбында баяндама жасады, Садвакас Сымбат М. Шахановтың “Желтоқсан алаңы” атты өлеңін оқыды. Модератор Корганбеков Ален студенттер арасында интеллектуалды викторина өткізді. Жиын соңында Мавлантаев Жавахир «Алға Қазақстан!» әнін студенттермен бірге шырқады.
1.9 Құқықтық тәрбие
1.9.5 Лудоманияның алдын алу және құмар ойындарға тәуелділікпен күресу бойынша іс-шараларды өткізу Студенттер саны 20-дан астам 30 2023 жылдың 1 желтоқсанында Жалпы иммунология кафедрасында «Лудоманияның алдын алу және құмар ойындарға тәуелділікпен күресу» атты  іс-шара өтті. Қатысушылар: Жалпы медицина мектебінің 3 курс студенттері ЖМ21-022, ЖМ21-023, ЖМ21-046. Ұйымдастырушы: жалпы иммунология кафедрасының доценті Нурмуханбетова А.А.
1.9.6 Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел Студенттер саны 10-нан астам 11 2023 жылдың 27 қарашасы күні жалпы иммунология кафедрасында жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында тәрбие сағаты жүргізілді. Ұйымдастырушы: кафедра ассистенті Берікқызы А. Қатысушылар: Жалпы медицина мектебінің 3 курс ЖМ21-026 топ студенттері.  Тәрбие сағатының басты мақсаты – студенттерде құқықтық мәдениет пен құқықтық сана туралы түсінік қалыптастыру, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамыту үшін осы элементтердің маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында студенттер арнайы баяндама жасап, «Құқықтық мәдениет» тақырыбын толық ашып, сабақты ойын-жарыс ретінде өткізді. Модератор студенттер арасында пікір-талас жүргізді. Студенттер құқықтық мәдениет деңгейлері, құқықтық мәдениеттің нақты өмірдегі қызметі туралы, азаматтар мен қоғам үшін құқықтық мәдениеттің маңыздылығы туралы сұрақтарға белсенді жауап берді.
1.9.6 «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» дөңгелек үстел Студенттер саны 10-нан астам 12 2023 жылдың 8 желтоқсанында Жалпы иммунология кафедрасының лекторы Охас І.М. Жалпы медицина мектебінің 3 курс ЖМ21-018 тобының студенттеріне «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шараларымен таныстыру, азаматтық ұстанымын, құқықтық санасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдау қабілетін қалыптастыру.

 

 

                  Кафедра отырысында бекітілді

                  №6 хаттама, 23 желтоқсан 2023 жыл

 

 

Тәрбие жұмысына жауапты,

                 жалпы иммунология кафедрасының лекторы                                                                       Охас І.М.

Фото

 

29.01.2024ж. Жалпы иммунология кафедрасында «Темекі шегу, алкоголизм, нашақорлықтың алдын алу» атты дөңгелек үстелі өткізілді. Ұйымдастырушылар: Жалпы иммунология кафедрасының ассистенті Бериккызы А., СТ21-019 тобы.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: ҚазҰМУ студенттерінің арасында темекі шегу, алкоголизм, нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын дәріптеу.

Тәрбие сағаты барысында студенттер арнайы презентацияны баяндады және «Темекі шегу, алкоголизм, нашақорлықтың алдын алу» туралы тақырыбын толықтай ашты . Сабақ дискуссия түрінде өткізілді. Барлық студенттер белсенді түрде қатысты және сұрақтарға нақты жауап берді.

 

2024 жылдың 7 ақпанында Жалпы иммунология кафедрасында «Адалдық сағаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар: лектор Абильбаева А.А. және Стоматология мектебінің 3 курс СТ21-003 топ студенттері. Іс шараға стоматология мектебінің СТ21-004, СТ21-013, СТ21-014 топ студенттері және жалпы иммунология кафедрасының оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында әділдік пен парасаттылық, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекіту.

Тәрбие сағаты барысында студенттер арнайы дайындалған баяндамаларын ұсынды. Тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді. Одан әрі кері байланыс мақсатында мақал-мәтелдерді жалғастыру, жасырынған сөзді табу, кроссворд шешу сияқты интерактивті ойындар жүргізілді.

Барлық қатысушылар тақырыпты талқылауда белсенділік танытты. Тақырып толығымен ашылып, қойылған мақсат орындалды.