Биотерроризм және қазіргі замандағы қорғану шаралары

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы 2017 жылдың 09 наурыз күні сағ 12.00-де 2 аудиторияда «Биотерроризм және қазіргі замандағы қорғану шаралары» тақырыбында университеттік конференция өткізді.

Аталған конференцияда ЖМ, МПІ, қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің1,2 курс 200 студенті, ҚазҰМУ АҚ штабының, әскери кафедра қызметкерлері, ЖМ, МПІ, қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің студенттік деканат өкілдері және микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының оқытушылары қатысты. Кафедра оқытушыларының бақылауымен студенттер тарапынан –

3 баяндама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, 2 қойылым, 1 викторина, сонымен қатар студенттер ұлттық билер, тақырыптық өлең жолдарын, газеттер және эмблемалар дайындады.