Ардагерлер

Мамыр айының 4-жұлдызында Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында, Жалпы медицина факультетінің № 2 жатақхана студенттік Кеңесі, Университет тарапынан ҰОС-ы жылдарындағы еңбек ардагері, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент-педиатр, жоғары дәрежелі дәрігер Исмагилова Асия Шайхисламқызын құттықтап қайтты. Құрмет иесі үйіне келген біздің студенттерді құшақ жая қарсы алып, барынша қонақжайлылық танытты. Студенттер ардагер өмірімен танысып,жолдасы  полковник, ҰОС-ы ардагері Исмагилов Зауан Абдуловичтен түрлі естелік әңгімелер тыңдады. Сонымен қатар, студенттік Кеңес мүшелері, ҰОС-ы ардагері, Абсалямова Нурия Басыровнаны,  ҰОС-ы жылдарындағы еңбек ардагері, Иванова Лидия Пантелеевнаны жеңіс күнінің 67-жылдығымен, құттықтап қайтты.

Декан орынбасары Ниязбеков С.А.