Акция хоспис

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары  курациядағы топтардың студенттерімен біргелікте (ХОСПИС) қалалық паллиативті көмек көрсету орталығында тұрақты түрде қайырымдылық жұмыстары өткізеді.

Волонтер -студенттер  жағдайы ауыр науқастарды күтіп, баптау шараларын жүргізеді, салауатты өмір салтын уағыздау жөнінде тақырыптық әңгімелер өткізіледі.

01.10.2011 жылы оқытушылар Майкотова А.М., Мадиева Р.Ч., Ижанова А.К., Адильшина Ш.К.,Жанкин А.А., Нуркеримова А.К. және 2 ағым (10-15 топтар) қазақ бөлімімен біргелікте халық аралық қарттар күніне арналған қайырымдылық іс-шаралар өткізді. Пациенттерге жеміс-жидектер, қолдан дайындаған тәттілер, тоқаштар таратылды. Науқастар кафедра оқытушыларына, студенттерге, клиниканың ұжымына өздеріне деген жылы ықыластары  үшін тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.