IV Қазақстан Республикасының медициналық лабораторлы диагностикасының Қазақстандық ассоциасының Халықаралық конгресі «Қазіргі заманғы зертханалық медицина: зертханалық сараптаманың заманауи технологиялары және олардың Қазақстандағы клиникалық қолданылуының жаңа мүмкіндіктері»

Зертханалық диагностика  және молекулярлы медицина кафедрасының барлық қызметкерлерінің белсенді қатысуымен бірінші рет   IV Қазақстан Республикасының медициналық лабораторлы диагностикасының Қазақстандық ассоциасының Халықаралық конгресі «Қазіргі заманғы зертханалық медицина: зертханалық сараптаманың заманауи технологиялары және олардың Қазақстандағы клиникалық қолданылуының жаңа мүмкіндіктері» 4-5 наурызда Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының конференц залында өткізілді. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ биомедицина және салауатты өмір салтын қалыптастыру оталығы, биологиялық және медициналық факультеттердің ұжымдары Конгресс жұмысында ең алғаш белсенді қатысты.Ең алғаш Конгресс шеңберінде ҚР Сот медицинасының Алматы қаласындағы бөлімінің қатысуымен «Сот медицинасы»  атты жаңа секциясы ұйымдастырылды.Сонымен қатар конгресс шеңберінде

Қазақстанға медициналық зертханалық жабдықтарды жеткізетін алдыңғы қатардағы 10 компанияның қатысуымен V  Халықаралық«InterMedLab» көрмесі сәтті өтті.

Конгресс жұмысына 360 адам қатысты, оның ішінде АҚШ,Франция,Ресей, Қырғыстан,Өзбекстан елдерінен қонақтар қатысты.

 

Толық мәжіліске қатысты:

  • Кафедрамеңгерушісі, ҚМЗДҚ президенті, профессорМ.Рысұлы «Қазақстан медициналық зертханалық диагностика қауымдастығына (ҚМЗДҚ) бес жыл: қорытынды және даму келешегі» баяндамасымен;
  • доцентШ.А.Бейсембаева «ИСО 15189-2012 халықаралық стандартын медициналық зертханаларда практикалық қолданудың артықшылықтары мен мәселелері» баяндамасымен;
  • ассистентА.С.Садвакас“Imbalance of hemoglobin fractions depending on a level of oxidative stress in carcinogenesis” баяндамасымен;
  • «Сот медицинасы» секциясына ассистентА.С.Садвакас «Токсикогеномиканың заманауи аспектілері» баяндамасымен;
  • Заманауи биомедицинаның өзекті мәселелері секциясына профессор Н.Р.Аблаев «Холестерол және гиперхолестеролемия,- шындық және аңыздар» баяндамасымен қатысты.

Конгрестің аясында дөңгелек үстелде заманауи зертханалық диагностиканың өзекті мәселелерін, медициналық  зертхана қызметкерлерін дипломдық және постдипломдық даярлауға арналған кәсіптік және білім беру стандарттарын талқыланды.Пікірталасқа Ресей, АҚШ, Франция, Қазақстанның кәсіптік білім беру саласындағы жетекші мамандары қатысты. NAZARBAYEV UNIVERSITY,  С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің декандары мен ДСӘДМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы департаменттерінің директорлары, сондай-ақ INVIVO, INVITROжәнеHEALTHCITY ірі жеке клиникалық-диагностикалық зертханалардың тәуелсіз желілерінің өкілдері осы салада қызметкерлерді даярлаудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Конгресстің маңызды оқиғасы С.Ж. Асфендияорв атындағы ҚазҰМУ негізінде ұйымдастырылған, сонымен қатар зертханалық диагностика және молекулярлы медицина кафедрасының қызметкерлерінің белсене қатысуымен зертханалық медицинаның Халықаралық оқу орталығының ашылуыкелесі мәселелерді  шешу үшін:

  • Медициналық кадр ресурстарының ғылыми, білім беру және замануи әлеуетін дамыту;
  • Халықаралық бірлесу жолымен жаңа білім беру стандарттарына сай мамандарды дайындау;
  • Зертханалық медицина аумағынының басым бағыттарын күшейту және біріктіру үшін дисциплинааралық технологияларды қолдану
  • Зертханалық медицина аумағында ғылыми – замануи өзгерістерді енгізу барысында  үлесін қосу.